Жоғары және арнаулы орта оқу орындарын жаңадан бітірген жас мамандарды жұмыспен қамту, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және еңбек жолын сәтті бастауына жағдай жасау – мемлекеттік жастар саясатының басты басымдықтарының бірі. Осы орайда «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жас мамандарды жұмысқа қабылдайтынын хабарлайды.
Бұл бастама өз мамандығы бойынша алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға, білікті сарапшылармен бірге жұмыс істей отырып, кәсіби ортада шыңдалуға ниетті жастар үшін таптырмас мүмкіндік болып табылады. «Руханият орталығы» қаланың рухани-мәдини, әлеуметтік және цифрлық дамуына үлес қосуға дайын келесі бағыттар бойынша жас мамандарды шақырады.
Атап айтқанда, теолог – дәстүрлі діни бағыттарды насихаттау және теологиялық сараптамалар жүргізу, дінтанушы – қоғамдағы діни ахуалды талдау және ағартушылық шараларды ұйымдастыру, психолог – тұрғындар мен жастарға психологиялық кеңес беру, оңалту жұмыстарын жүргізу, әлеуметтанушы – қоғамдық пікірді зерттеу, әлеуметтік сауалнамалар мен талдаулар әзірлеу, программист – мекеменің цифрлық инфрақұрылымын дамыту, IT-жобалар мен медиа-ресурстарды сүйемелдеу.
«Жастар практикасы» бағдарламасына қатысушылар орталықтың білікті мамандарының тәлімгерлігімен тәжірибе жинап, өз саласы бойынша сапалы портфолио қалыптастыруға мүмкіндік алады. Орталық ұжымы жас мамандардың жаңа идеялары мен креативті бастамаларын қолдауға әрдайым дайын.
Байланыс мәліметтері мен орналасқан мекенжайы — Кентау қаласы, Ясауи көшесі, 85. Байланыс телефоны: +7 776 308 07 99
Өз мамандығыңыз бойынша кәсіби деңгейге көтеріліп, ел дамуына өз үлесіңізді қосуға асығыңыз. Жастармен бірге – жарқын болашаққа қадам басарымық анық.

