Мемлекетке келтірілген залалды өтеу – прокуратура органдары жұмысының негізгі басымдықтарының бірі Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және оның өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті деп, хабарлаған Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Ербол Сыздыков. Сонымен қатар, еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығын күшейту əскери прокуратураның басты мақсаты болып табылады. Залалды өтеу – келтірілген зиянның нәтижесінде туындаған өтемақы Әдетте, залал келтірген адам заттай немесе толық өтемақы төлеп, келтірілген шығынның орнын толтыруы керек. Қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес прокурорлық органдардың қызметін бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі және оның тиімділігі, олардың елдегі конституциялық заңдылық жағдайын жақсарту мақсатында қабылдаған шаралары…
Автор: aimaq_user
Ардақты аналар мен арулар! Құрметті ханымдар! Сіздерді көктемнің аяулы мерекесі 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әлемде ананың мейірімінен асқан мейірім жоқ. Жұмақ – ананың аяғының астында. Сондықтан ақ жаулықты апаларымызды, аруларымызды құрметтеу – азаматқа міндет, ұрпаққа парыз. Әйелдер қауымы – әрқашан отбасының, елдегі бірліктің ұйытқысы. Ардақты аналарымыз бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен. Сіздердің қоғамдағы орындарыңыз ерекше. Нәзікжандылар өңірді дамыту жолында мемлекеттік қызметте, кәсіпкерлік, білім, медицина, құқық қорғау органдарында және басқа да салаларда аянбай еңбек етіп келеді. Демография мен экономикаға өз үлестерін қосуда. Осы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды айтамын! Баршаңызды бүгінгі шуақты мерекемен құттықтай…
✔️«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев қатысты. Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін салалар бойынша басқарма басшылары мен жауапты мамандары өздеріне қатысты сауалдарға жауап беріп отырды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Қабылдауға келген тұрғындар Ертай Кенжебекұлына спорт, мәдениет және ономастика салалары бойынша жүгініп, сауалдарына нақты жауабын алды. ✔️Кентаулық Құрманбай Жолдыбаев пен Дәурен Мубәров 100 мыңнан аса тұрғыны бар кенді қалада сонау жетпісінші жылдары салынған бар-жоғы жалғыз спорт кешені бар екенін айтып, қала тұрғындары онда түзілген кесте…
🔷 Харбинде (Қытай) өткен ІХ Қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатика өкілдері тарихи жеңіске қол жеткізген еді. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды. Сондай-ақ, фристайл-акробатикадан жастар арасында әлем чемпионатында, Дүниежүзілік Универсиада ойындарында шымкенттік спортшылар жүлдегер атанды деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аталған бәсекелерде жеңімпаз және жүлдегер атанған жерлестерімізді тарихи жеңісімен құттықтап, оларға құрмет көрсетті. Қала әкімі спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын Алғыс хаттар және қаржылай сертификаттармен марапаттады. Шаһарда спортшыларды қолдау, оларға қажетті жағдайлар жасау одан әрі жалғаса беретінін атап өтті. 🔷 Қысқы Азия ойындарында ерлер арасында…
Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысына өңірдің даму жоспарын: ирригация жүйелерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы кластерлерін дамыту және энергетикалық жобаларды іске асыру жұмыстары туралы баяндады. ✅ Мәліметтер: ▪️Түркістан қаласы мен маңындағы 6 ауданға тұрақты су жеткізу үшін «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп, «Боралдай» су қоймасының жобасы әзірленіп жатыр. ▪️Өңірдің аграрлық әлеуетін арттыру мақсатында 197 млрд теңгені құрайтын 5 мақта-тоқыма жобасы қолға алынады. ▪️Ислам даму банкі 135,5 млрд теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған. ▪️Энергетика тапшылығын жою үшін жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын 6 жоба іске асырылады. ▪️Биыл 32 мектеп салынып, тағы 41 білім ошағы күрделі жөнделеді. ▪️Мед-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан…
🔷 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталды. Ақпан айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 47,9 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаттары 51 азаматқа табысталды деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қыметі. Тұрғын үй сертификаттарына ие болған азаматтардың санаттары: * I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – 10 * Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 9 * Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 5 * Көпбалалы отбасылар – 16 * Толық емес отбасылар – 8 * Бюджеттік мекеме қызметкерлері – 3 🔷 Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10%-ы, бірақ 1 000 000…
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Заң 13 баптан тұрады. Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына 44 қосымша құзыреттілік беріледі деп, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Бүгін Түркістандағы «Достық үйінде» Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен, аға буын мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен осы Заңның орындалуы жөнінде мәжіліс өтті. ⤵️Өңір басшысы бұл құжат Түркістанның дамуына жаңа серпін беретінін жеткізді. 📌– Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына қол қойды. Аталған заң барша түркі елдері мен Түркістан қаласының…
Бүгін Ішкі істер министрінің келісімімен, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Талапұлы Қабденовтың бұйрығына сәйкес Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына Қуашбаев Ғалымжан Саттарұлы тағайындалды деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Аудан активіне полиция бөлімінің жаңа басшысын Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полковник Бауыржан Зиятаев таныстырды. Актив отырысында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Төлеби ауданында полиция бөлімінің басшысы қызметін екі жыл көлемінде атқарған Бауыржан Батырбекұлына аудан халқы атынан ризашылығын білдіріп, «Алғыс хат» табыс етті. Мәжілісте сөз алған Ғалымжан Саттарұлы өзіне сенім білдірген аудан халқына, департамент басшылығына ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек ететініне сенім…
Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық мектеп лигасы» облыстық жарысында Бәйдібек ауданы, Тұрақты ауылы, Ж. Жүнісбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары жоғары деңгейде ойын көрсетіп, футзалдан қыздар арасында жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама жеңіп алды деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Осыған орай, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне қарсаңында аудан әкімдігінде спортшы қыздарды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Болатұлы қатысып, жеңімпаздарды айтулы мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде жас спортшылардың жетістігі аудан үшін үлкен мақтаныш екенін атап өтіп, алдағы республикалық жарыста жоғары нәтиже көрсетуге тілектестік білдірді. «Сіздердің жеңістеріңіз – тек мектеп пен…
Елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Санақ өткізудің мақсаты – аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі өкіміне және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданған. Ауыл шаруашылығы санағының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жай-күйінің егжей-тегжейлі және объективті бейнесі алынады, елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, әрбір санатының рөлі туралы толық деректер алынады. Бүгін ұлттық ауыл шаруашылығы…
