Қаржылық сауаттылық – өз қауіпсіздігіңіздің кепілі!
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында бүкіл ел аумағында қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өткізіледі. Іс-шара https://amlacademy.kz/finiq онлайн-платформасында өтеді.
Негізгі мақсат:
* Қаржылық алаяқтықтың алдын алу
* Азаматтардың қаржылық қауіпсіздік туралы білімін арттыру
* Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту
* Көлеңкелі экономикамен күреске азаматтарды тарту
Кімдер қатыса алады?
Диктантқа Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады, соның ішінде:
* Мектеп оқушылары
* Колледж және ЖОО студенттері
* Мемлекеттік қызметшілер
* Қаржы ұйымдары мен корпоративтік сектор өкілдері
* Зейнеткерлер және т.б.
•
Қатысу форматы:
Диктант онлайн-тестілеу түрінде өтеді. Қатысушылар үш топқа бөлініп, өз деңгейіне сәйкес сұрақтарға жауап береді:
* Оқушыларға арналған
* Ересектерге арналған
* Қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметкерлеріне арналған
Қалай қатысуға болады?
1. 2025 жылғы 10 қазанға дейін https://amlacademy.kz/finiq платформасында тіркеліңіз.
2. Тіркеуден өткен соң, диктантқа қатысып, өз біліміңізді тексеріңіз.
Неліктен қатысу маңызды?
Қазіргі таңда қаржылық алаяқтық түрлері көбейіп келеді. Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру – олардың өз құқықтарын қорғауға, заңды қаржы құралдарын дұрыс қолдануға, күмәнді әрекеттерден сақ болуға көмектеседі.
— Барша Түркістан облысы тұрғындарын және еліміздің барлық өңірлерін белсенді қатысуға шақырамыз!
— Толық ақпарат пен тіркелу – https://amlacademy.kz/finiq
— Қаржылық қауіпсіздік – әркімнің жеке жауапкершілігі!

