Автор: aimaq_user

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жетісай ауданының аумағында есірткі заттарын өткізу фактісін тоқтатты деп, хабарлаған Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Нақтырақ айтсақ, кенттердің бірінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде күдіктіден құрамында өсімдік тектес есірткі заттары бар 24 орама табылды. Алынған заттың жалпы салмағы 1 келіден астам марихуананы құрады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда.

Read More

Әскери тамақтануды дұрыс ұйымдастыру денсаулықты сақтауға және нығайтуға, жеке құрамның жауынгерлік және арнайы дайындығын арттыруға ықпал ететін маңызды шарттардың бірі болып табылады. Сондықтан кез-келген әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары жеке құрамның тамақтануына, оның жақсы (теңдестірілген) дәмді және әр түрлі тағаммен қамтамасыз етілуіне үнемі қамқорлық жасау міндеті. 15 наурызда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылау бойынша басталған айлықтың аясында “Ұлттық тағамдар — Қазақстан әскері мәдениетінің символы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Бригада командирі полковник Марат Рахпановтың басшылығымен өткен дөңгелек үстел жұмысына бригада басшылығы, азық-түлік жеткізушілері, әскери қоғамдық ұйымдардың, медициналық қызметтің, сондай-ақ сарбаздар аналары комитетінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел…

Read More

Ақпараттық-насихаттау жұмысы аясында ефрейтор Бақдәулет Сабралиев бастаған 6506 әскери бөлімінің әскери оркестрі Шымкент қаласының №2 балалар музыка мектебінің оқушыларына арналған жарқын музыкалық іс-шара өткізді. Бұл іс-шара жас музыканттар үшін нағыз сыйлық қана емес, сонымен қатар Ұлттық ұландағы қызмет туралы көбірек білуге мүмкіндік болды деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі. Өзінің шеберлігімен және жоғары орындау деңгейімен танымал оркестр классикалық шығармаларды да, танымал әуендерді де қамтитын әртүрлі бағдарламаны ұсынды. Үрмелі аспаптар оқушылардың жанды дауыста музыканы тыңдауға мүмкіндік беретін ұмытылмас атмосфераны тудырды. Әскери музыканттар көрермендерді кәсіпқойлығымен таң қалдырып қана қоймай, ұлттық ұландағы қызметтің маңыздылығы туралы да айтты. Олар әскердегі…

Read More

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сайрам ауданы аумағындағы елді мекендерде тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға 10 мыңға жуық адам қатысты. Белсенді азаматтар, аудан тұрғындары мен мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысқан тазалық науқанында көше бойларының, арық атыздардың, кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің аумақтары күл-қоқыстардан тазартылды. «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі» мекемеден алынған 12650 дана көшет ауыл округтер аумағына егілді. Жұмыс барысында 25 техника жұмылдырылып, полигон аумағына 66 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар тасымалданды.

Read More

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы медицина басқармасының жыл сайынғы жоспарына сәйкес 2-2024 шақырылым сарбаздарынан іріктелген штаттан тыс санитарлық нұсқаушыларымен әскери бөлім аумағында оқу әдістемелік жиын өтті. Жиынға Шымкент қаласында орналасқан апаттар медицинасы бойынша арнайы мамандар қатысып, дәріс жүргізді. Оқу жиыны барысында сарбаздар алғашқы медициналық көмек көрсету, жарақат алған жағдайда әрекет ету, апаттар мен төтенше жағдайларда медициналық көмек ұйымдастыру сияқты маңызды дағдыларды меңгерді. Медицина қызметінің бастығы капитан Қуаныш Ахметов: “Бұл жиын біздің әскери бөлімде жылына екі рет өткізіледі. Біздің мақсатымыз – сарбаздардың медициналық білімдерін арттыру, оларды төтенше жағдайларда тиімді әрекет етуге дайындау”, — деді. Оқу әдістемелік…

Read More

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан мен Өзбекстан жастары арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Достық көпірі» жастар форумы өтті деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Маңызды басқосуға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Өзбекстан Республикасы Жастар агенттігінің бөлім басшысы Шахзод Омонов және делегат мүшелері мен әр саланың үздік жастары және жас кәсіпкерлер қатысты. Форумның ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «Амал күнімен» құттықтай келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңға қол қойғанын атап өтті. – Түркістан жаңа даму белесіне қадам…

Read More

✔️Түркістан облысында «Саутс-ойл» компаниясының «Созақ фосфат» инвестициялық жобасы аясында фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытының құрылысы басталды. Созақ ауданында жүзеге асатын жобаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қолдау білдіріп, зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту міндетін жүктеді. Облыста осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін Түркістан облысына және Созақ ауданы үшін маңызды инвестициялық жобаның құрылысын бастағалы тұрмыз. Бұл зауытта фосфор қалдығын өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар өндіріледі. Зауыттың іске қосылуы құрамында фосфоры бар тыңайтқыштың импортына тәуелділікті азайтады. Осында өндірілген тыңайтқыштар мен препараттар елімізде азық-түлік бағасының тұрақты болуына…

Read More

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Ұлыстың ұлы күнін қайта жаңғырту, төл мерекемізді тойлаудың дәстүрін қалыптастыру мақсатында 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі өтеді. Биыл да шаһарда Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту жоспарланып отыр. Баршаңызды ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырамыз деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік бағдарламалар: 14 наурыз – Көрісу күні Астана алаңы, 11:00-13:00 – мәдениет саласының өкілдерімен көрісу жоралғысы өтеді. Ордабасы ауданы, «Шәмші» аллеясы, 11:00-15:00 – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдерінің көрісу жоралғысы өтеді. 15 наурыз – Қайырымдылық күні Қала аумағында – «Мейірім жүректен» акциясы, баспана кілттерін табыстау, жәрмеңкелер. Балалар үйлері –…

Read More

✔️Түркістанда Түркістан облысының полиция департаменті мен облыс прокуратурасының бастамасымен сотты болғандардың қайта қылмысқа баруына тосқауыл қою мақсатында 1000 адамның қатысуымен ауқымды республикалық форум өткізілді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️«Болашаққа үміт – жаңа өмір» тақырыбындағы іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмұрзаев, облыстық соттың төрағасы Айдос Сұлтанов, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл, облыстың…

Read More

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың халықпен кездесуі Жетісай ауданында жалғасты. Кезекті кездесуде жетісайлық тұрғындар өзекті мәселелерді көтеріп, оларды оңтайлы шешілу жолдары талқыланды. Облыс әкімі ауданды одан әрі дамыту бағыттарына тоқталып, ұсыныс-пікірлер аясында жүйелі жұмыстар атқарылуы керектігін алға тартты деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Өздеріңізбен кеңесе отырып, ауданды әрі қарай дамыту бағытындағы ұсыныс, талаптарыңызбен танысу мен үшін маңызды. Президентіміз Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыруды, ауыл шаруашылығын дамытуды тапсырды. Халқымызда «Еңбек етпей елге өкпелеме, Егін екпей жерге өкпелеме» деген мәнді сөз бар. Ауданға сапарым барысында диқандардың қызу жұмысына куә болдым. Айтпағым, ауыл шаруашылығы саласына ерекше назар аударған жөн. Біз…

Read More