Өмірі еңбекпен өрілген ардагерлерге құрмет көрсету қашанда маңызды. Еңбектің қазанында қайнап, ауыл шаруашылығы саласында тер төккен ардагерлердің бірі Қошқарбек Дүйсенбаевтың еңбегі елеулі. Қошқарбек Дүйсенбаев 1958 жылы Сайрам ауданының бұрынғы Ленин бөлімшесінде дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Төрткүл ауылында 1974-1975 жылдары кәсіптік мектепте оқыған. 1979 жылы Шымкент қаласының Лапшын елді мекеніндегі ауыл шаруашылығы совхоз техникумында автокөлік жөндеу механикалық бөлімін, 1983 жылы механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Қайнарбұлақ совхозы Ленин бөлімшесінде механизатор болып бастап, шопан және аға шопан, механик, шөп бригадирі болған. 1992 жылы кеңшар тараған соң ауыл шаруашылығы бойынша жеке кәсіппен, мал бордақылау, ет сату…
Автор: aimaq_user
🔷 Бүгін халықпен есептік кездесулер аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Отырар шағын ауданының, сондай-ақ Адырбеков, Ілияев, Бейбітшілік және Гагарин көшелерінің тұрғындарымен кездесті деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Әкім қала тұрғындарымен бірге шешімін күткен өзекті мәселелерді талқылады. Олардың қатарында жылу мен газбен қамту, кәріз жүйесі, бейнебақылау камераларын орнату, көпқабатты үйлердің лифтілерін, қасбеттерін және шатырларын жөндеу мәселелері бар. 🔷 Сонымен қатар, тұрғындар аулаларды тазалау, қоқыс шығару және қоғамдық орындарды қолайлы етуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік нысандарының қызметі мен дренаждық жүйелердің жағдайы туралы мәселелер көтерілді. 🔷 Айта кету керек, қала…
🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізіп, азаматтардың ұсынысы мен мәселелерін тыңдады. Кездесуде Нұрсәт, Астана, Қызыл су шағынауданы және Сайрам мен Өтеміс тұрғын алаптарының халқы көкейкесті мәселелерін көтерді деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Кездесу барысында қаланы абаттандыру, аулаларды жарықтандыру, көгалдандыру жұмысын күшейту, баспанаға қолжетімділікті арттыру, жер телімдерін заңдастыру және білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісін жүйелеу мәселелері талқыланды. 🔷 Сонымен қатар, тұрғындар коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту, қолөнершілерге қолдау көрсету, жолдарды кеңейту, автотұрақ санын көбейту және ирригациялық жүйелерді жаңғырту жөнінде ұсынысын білдірді. 🔷 Ал Сайрам және Қызыл су тұрғын алаптарының халқы Наурыз саябағында спорт…
✔️2025 жылғы 3 наурыз — 5 сәуір аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді. Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес, орта мектеп, колледж немесе университет бітірген, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі. ✔️ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады. ✔️ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қорғау, рәсімдік және протоколдық іс-шараларға қатысу,…
Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілісі өтті. Апталық жиынға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшыларымен ауыл округ әкімдері қатысты деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Алғашқы болып аудандық құрылыс, саулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омарқұлов аудан көлемінде заңсыз және заң талаптарын бұза отырып салынған құрылыс нысандары бойынша баяндап, Шұбарсу, Бадам, Қараспан, Шұбар, Бөржар, Бөген, Қажымұқан ауыл округтеріндегі нысандарға тоқталды. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомабиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын полигон орындары және елді мекендерде тазалық жұмыстарын жүргізетін мекемелердің жұмыстары туралы баяндады. Онан…
✔️Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің облыс тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары басталды. Өңір басшысы алғашқы кездесуін Түркістан қаласында өткізіп, аймақты дамыту барысы туралы баяндады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың «Мәдениет орталығы» ғимаратында өткен жүздесуде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың өтініштері мен ұсыныстарын тұрақты түрде тыңдауды тапсырды. Сондықтан өзім қызметке тағайындалғаннан бергі халықпен алғашқы кездесуімді киелі Түркістан қаласынан бастауды жөн көрдім. Тек қазақ халқының емес, түркі әлемінің астанасы болған Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы біз үшін өте маңызды. Мемлекет…
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда Түркістан облысында бағдарлама аясында жоспарланған 7263 тазалық іс-шарасының алғашқылары басталды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі. ✔️Жиналыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен көктемгі ағаш егу және көгалдандыру жұмыстары бойынша баяндады. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты қадағалауда, сондай-ақ, арнайы техника алу жұмыстарыда бақылауда. ✔️Қазіргі таңда «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 1 527 өтінім түскен. Оның ішінде, 1 505 өтінім орындалған, 22 өтінім орындалу барысында. Сондай-ақ биыл қоғамдық орындарда санитарлық…
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары кеңінен талқыланды. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сараланды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. ⤵️Түркістан облысындағы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуде. Жағдай – тұрақты. ✔️Нұралхан Көшеров жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Инженерлік техникаларды үнемі дайындықта ұстауды, «Шардара» және «Бөген» сияқты көлемі 80 пайыздан асқан су қоймаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, су өткізу жүйелерін ұдайы таза ұстауды, таулы аумақтағы дайындықты күшейтуді жүктеді. ✔️Жиында су тасқынына дайындық іс-шаралары туралы Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешевтің баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, тәуліктік кезекшілік штабы…
✔️Түркістан облысында 2025 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке 44,6 млрд. теңге салықтар мен басқа да түсімдер түсіп, жоспар 180,7%-ға орындалды. Бұл – республика деңгейінде 5-ші нәтиже. Қаржы саласындағы мәселелер, облыстың өзіндік табысы мен кіріс көздерін ұлғайту жоспары облыс әкімі аппаратының мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осы бағытта жұмысты жандандыра түсуді тапсырды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірдегі халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмыс сапасын жақсарту міндетін жүктеді. Қаржы және салық саласындағы жұмысты жандандыра түсу қажет. Кіріс көздерін ұлғайтыңыздар. Аудан, қала әкімдері жауапты басқарма мен департаментпен бірлесе жұмыс атқарсын. Біз Түркістан өңірінің…
🔷 27 мамырдан бастап қазақстандық «SCAT» компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұша бастайды. Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұйымдастырылады. Бұл Қазақстан мен Германия арасындағы қолайлы байланыстарды қамтамасыз етіп, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. 🔷 Билеттер сатылымы ашық деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
