Наурыз мейрамына «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен Түркістанға 300-ден аса турист келді. Саяхатшылар Түркістан қаласының көрікті орындарын аралап, Наурыз мейрамын тамашалауды жоспарлап отыр деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Олар Түркістанның тарихымен, мәдениетімен танысады. Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығын аралап, Қожа Ясауи кесенесіне зиярат етеді. Сондай-ақ қаланың жаңа сәулет нысандарын, атап айтсақ, «Жастар» саябағын «Керуен сарай» кешенін аралайды. Айта кетейік, өткен жылы «Жібек жолы» туристік пойызы өз жұмысын бастаған болатын. Бірнеше күнге созылатын саяхатта туристер Алматыдан бастап, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкент қалаларын аралап, туристік орындарымен танысады. Түркістанда туристік маусым 19 наурызда ресми түрде ашылды. 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында E-qonaq…
Автор: aimaq_user
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын пысықтады. Жауапты сала басшылары мен өңірде жаңа өндіріс орындарын ашатын кәсіпкерлермен жоба барысын жан-жақты талқылады. Инвестициялық штабтың кезекті отырысында өңір басшысына бұл бағыттағы жұмыс барысы баяндалды. Облыс әкімі инвесторларға оңтайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру үшін бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюдың маңыздылығын атап өтті. Құрылысы жүріп жатқан зауыт, фабрикалардың маңыздылығы мен тиімділігін ескертіп, осы мақсатта жауапты тұлғаларға инфрақұрылым тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң. Бүгін Арыс қаласы мен Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-не…
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мустафа Капуджумен кездесті. Кездесу барысында экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту, аймаққа инвестиция тарту мәселелері талқыланды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Түркия – бізге ең жақын әрі бауырлас ел. Тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған мемлекетттердің бірі. Екі елдің қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде және түрік бауырлардың Түркістанға деген құрметі айрықша екенін жақсы білеміз. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Түркістанды дамыту қарқыны күшейе түседі. Осы ретте түркиялық инвесторларды бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз. Арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақта түрлі қолдаулар қарастырылған.…
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қала тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары жалғасуда. Бұл жолы кезекті кездесу Шардара ауданында өткізілді. Ауданды дамыту жолдары сараланып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды. Облыс әкімі аймақтың экономикалық және туристік әлеуеті жоғары екенін айтты. Жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндеттерді орындау үшін баршамыз бірлесе еңбек етуіміз қажет. Шардара ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталсақ, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Шардара ауданында 2024 жылы…
🔷 SCAT әуе компаниясы тағы бір жаңа бағытты қолға алды. 29 мамырда «Шымкент – Шанхай» рейсі ашылады. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Билеттерді scat.kz сайтында, SCAT мобильді қосымшасы арқылы, әуе компаниясының өкілдіктерінде, сондай-ақ кез-келген онлайн агрегаторларда және таңдалған авиакассаларда брондауға болады.
Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның былтыр атқарған қызметінің қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндады: ✔️ 2021-2024 жылдар аралығындағы орташа жылдық табыс 13 пайызды құраған. ✔️ Компаниялар тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба бар. Биыл 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың арасында: ▪️«Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі; ▪️Алматы айналма теміржолын салу, ▪️Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар бар. ✔️ Кәсіпкерлермен жалпы құны 1,1 триллион теңге болатын келісімшарттар жасалған. ✔️ Офтейк-келісімшарттардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10 есе артқан. Президент: 📌 «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тиімділігі мен активтерінің құнын арттыру жұмыстарын жалғастыру маңызды…
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Anti-Corruption Excellence Award» Халықаралық сыйлығына Қазақстаннан үміткерлердің жедел қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл сыйлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үздік жетістіктерді мойындау және ілгерілету мақсатында шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани атынан тағайындалған. Үміткер ретінде жеке тұлғалар мен ұйымдар ұсыныла алады. Оларды мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, ғылыми-зерттеу орталықтары немесе халықаралық ұйымдар ұсына алады. Өзін-өзі ұсынуға жол берілмейді – үміткерлер тек номинатор тарапынан ұсынылуы тиіс. Өтінімдер тек ресми онлайн-платформа (www.aceaward.com) арқылы қабылданады. Номинаторлар үміткердің жетістіктері туралы толық ақпаратты және растайтын құжаттарды ұсынуы қажет. Барлық ұсынылған кандидатуралар құпия түрде қаралады. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы…
Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Кеңестөбе елді мекенінде жүргізіліп жатқан аяқжол мен арық жүйелерінің құрылыс жұмыстарымен танысты деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Аяқжол құрылысы аяқталған соң жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі артып, ауылішілік қозғалыс реттеледі, ал арық жүйелері ауылдағы су реттеу мәселесін шешіп, ағын суды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Аудан басшысы жұмыстың сапасы мен мерзімін басты назарда ұстау қажеттігін атап өтіп, жауапты мердігер мен ауыл әкіміне құрылысты сапалы әрі уақытылы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді. «Кез келген құрылыс жұмысы сапалы…
Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы құқықтық тәртіпке тікелей байланысты. Қылмыстың алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бүгін Қажымұқан ауыл округіне қарасты Ынталы ауылында қылмыстың алдын алу мақсатында жиын өткізілді. Атаулы жиынға ардагерлер ұйымының төрағасы, ауыл округі аппаратының заңгер маманы мен Ынталы ауылы Т.Кәлпе мешітінің имамы қатысып, қылмыстың алдын алу бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қоғам арасында өз-өзіне қол салу фактісі, қылмыстық және алаяқтық іс- әрекеттердің орын алу жайлары кеңінен талқыланды. Одан бөлек, діни жағынан қарағанда, шариғатта өз-өзіне қол салған адамның жаназасы шығарылмайтындығы, алаяқтыққа және қылмыстық…
18 – наурыз күні Сауран ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «ЭТНО FEST» ұлттық киім шеруі ұйымдастырылды. Шеру аудан орталығы – Қос мұнарадан Сауран ауданы әкімдігі алаңына дейін жалғасты. Бұл шараның басты мақсаты – ұлттық киімді ұлықтап, жас ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ, ата-баба мұрасын сақтау мен дәріптеу деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Шеруге зиялы қауым өкілдері, ақ жаулықты әжелер, ақсақалдар, Сауран ауданы әкімдігіне қарасты қызметкерлер, қоғам белсенділері мен мәдениет саласының өкілдері белсене қатысты. Ақсақалдар бата беріп, ұлттық домбыраның күмбірлеген әуенімен ән шырқалып, жиналған көпшілік қазақы киім үлгілерін паш етіп, мерекелік рухты сезіндірді. Қатысушылар сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық шапан, камзол, сәукеле…
