Автор: aimaq_user

Түркістан қаласына «Ерекше мәртебе» туралы Заңда қолөнершілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Осы Заң аясында Түркістан қаласы «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің келісімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін иеленді. Ақпан айында Түркістанға «World Craft Council» халықаралық ұйымының мүшелері мен Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті, аймақ бойынша сарапшылар – Үндістаннан, Түркиядан, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағынан арнайы сапармен келіп, қала мүмкіндіктерін жоғары бағалап, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қабылдауында болған болатын. Сарапшылармен келіссөз барысында қала әкімі Түркістан қаласының «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуына ниет білдіріп, өтінім жолданған болатын. Нәтижесінде бүгін Түркістан қаласы ресми түрде «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін растайтын…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, құқық қорғау және мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Заң мен тәртіпті нығайту мақсатында өткен мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, оны шешу жолдары қаралды. Атап айтқанда, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы талқыланды. Сонымен бірге мәдениет саласындағы мәдени-бұқаралық іс-шараларды қаржыландыру кезіндегі тәуекелдерді азайту жұмыстары және бизнестің дамуына кедергі…

Read More

Шымкентте көктемгі шақыру науқаны үш апта бұрын басталып, қарқынды жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде мегаполистен 18-27 жас аралығындағы жүз жиырмадан астам жігіт шақырылды. Көктемгі шақыру аясында қаладан мыңнан астам әскерге шақырылушыларды қызметке жіберу жоспарлануда деп, хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Шақыру жоспарына сәйкес бірінші кезекте ҚР ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерін жасақтау жүреді. Биыл Шымкенттен аталған бөлімшелерге ел шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 150-ден астам адам жіберіледі. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник Әжімұхан Шынтаев соңғы бірнеше жылда әскерге шақырылушылардың қызмет ету және әлеуметтік қорғау жағдайларын жақсартуға бағытталған әскерге шақыру процессіне елеулі өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, ол…

Read More

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен кездесті. Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысы қаралды. Жоба мақта өсіруден бастап иірілген жіп, мата, киім түріндегі басқа да дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейін өндірістің толық циклін, яғни, мақта агроөнеркәсібі кешенін қалыптастыруға бағытталған. Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді, 10 зауыт салу жоспарланып отыр, оның ішінде 4-уі егіс алқаптарына жақын мақта өңдеу бойынша, 2-уі – заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, тамшылатып суару жүйелерін өндіру бойынша, сондай-ақ тігін және бояу-әрлеу фабрикасын қоса…

Read More

Наурызнама онкүндігі аясында, бүгінгі “Тазару күні” Қазығұрт ауданында “Тәртіп — тазалықтан басталады” атты жалпыхалықтық сенбілікпен басталды деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Бұл күн азаматтарға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінікті кең таратып, қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазығұрт ауданында экологиялық тәртіпті қалыптастыру, тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру, әрі әрбір азаматтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту. Аталмыш сенбілікке мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары белсенді қатысып, тазалық жұмыстары барлық ауыл округтерінде жүргізілді. Сенбілік барысында елді мекендердің кіреберісі мен ішкі көшелердегі қыстан қалған қоқыстар техникалардың көмегімен арнайы орындарға шығарылды. Көше бойындағы ағаштардың қураған бұтақтары қырқылып, түптерін қопсыту, ақтау жұмыстары,…

Read More

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымов атындағы Шымкент әскери колледжінің оқушылары мен басшылығы «Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық спорт күнін атап өтті. Бұл күн спорттық жарыстарда курсанттарды біріктіретін күш, ептілік және командалық рухтың нағыз мерекесіне айналды деп, хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Ұландар ұлттық ойындардан, 100 метрге эстафетадан және арқан тартудан сынға түсті. Жарыстың әр кезеңінде күш-қуат, құмарлық пен жеңіске деген жігер сезілді. Әскери қызмет өте жақсы дене дайындығын талап етеді, сондықтан колледжде спорттық шараларға ерекше көңіл бөлінеді. Спорт мінезді нығайтады, төзімділік пен ұйымшылдықты дамытады – әрбір болашақ әскери қызметкерге қажетті қасиеттер. Көктемгі Наурыз мейрамы дәстүр бойынша күш-қуатты, ептілік пен тапқырлықты сынаумен…

Read More

14-24 наурыз аралығында Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамын тойлау бойынша Наурызнама декадасы өтті. Осы кезеңде ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері түрлі шаралар өткізді. Бұл көктемгі мереке әскери құраманың командалық рухын нығайтып, бірлікті арттыру үшін тамаша мүмкіндік болды. Декада барысында ұлттық дәстүрлерді насихаттауға және әскери қызметшілерді қоғамдық өмірге белсенді тартуға бағытталған түрлі мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылды. Мерекелеу аясында халық шығармашылығына арналған конкурстар өткізілді, онда қатысушылар халық әндері мен билерін орындап, өз таланттарын көрсетті. Дәстүрлі қолөнер шеберлері қызықты шеберлік сабақтарын өткізіп, әскери қызметшілерге қазақ халқының мәдени мұрасына жақындатты. Спорттық жарыстар мерекенің ажырамас бөлігіне айналды. Әскери қызметшілер күрес, футбол және…

Read More

⚜️ Бүгінгі тойланып отырған осынау тарихы тереңге тартқан мереке «Наурыз – жыл басы» сахналық композициясымен басталып, кернейшілер, дабылшылар, атты жаршылар керуенімен жалғасты. Қыдыр ата бата беріп, адыраспанмен аластау, жеті шелпек тарату, шашу шашу, тұсау кесер, көрісу дәстүрлері паш етілді. Наурыздың келуін дәріптейтін құмырадан ақ құю рәсімі жасалды. Ортаға мың бұралған биімен бишілер тобы шығып, атты және жаяу сарбаздар, гүлдер мен көбелектер шеруі ұйымдастырылды деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. ⚜️ Аудан әкімі Оралбаев Азат Әбдіғалиұлы сөз алып, жұртшылықты мерекемен құттықтады. «Жер-Ананың босап, тіршіліктің жаңарып, мейірім мен жылулық лебін ала келген Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!»- деп сөз…

Read More

Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы орталық алаңда Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Қош келдің әз — Наурыз» атты мерекелік іс- шара өтті деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі — Әз Наурызбен жиналғандарды аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Наурызнама онкүндігіне сай, әр күннің маңыздылығына орай, тазарту жұмысынан бастап, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуге арналған көптеген шаралар ұйымдастырылуда екенін айтқан аудан басшысы жұртшылықты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында қолға алынған жұмыстарымен таныстырды. Ауданымызда Президентіміздің бастамалары, облыс әкімінің тапсырмалары, мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауданда инвестициялық әлеуетін арттыру, өнеркәсіпті дамыту, жаңа…

Read More

Еліміздің тұрақты дамуы үшін орта және шағын кәсіпкерлік саласы өте маңызды қызмет атқарады. Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін өнім өндіріп, өнеркәсіп ашуға ден қойған аудан басшылығы ауқымды істер атқаруда деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Осы орайда өнеркәсіп саласында ірі инвестициялық жоба тартылып, оған Темірлан өндірістік паркінен 10,0 га жер бөлініп, құжаттары рәсімделді. Бұл жерде шетелдік «Tangshan Huating Poreelain Co 6 LTD» компаниясы ірі қара малдың сүйек қалдықтарын өңдеу жобасын іске асырмақ. Аудан әкімі Азат Оралбаев шетелдік инвестормен кездесіп, жобаға қатысты жоспарларды талқылап, олардың ұсыныстарын тыңдап, пікір алмасты. Әкімдік тарапынан инвесторға қатысты барлық мәселелер уақтылы шешімін табатынын айтты. Кәсіпкер ұсынған…

Read More