Автор: aimaq_user

Бүгін Бәйдібек ауданының орталығы – Шаян елді мекеніне кіреберіс Шаян-Екпінді бағытының жол бойында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған бұл шара экологиялық ахуалды жақсарту және жол бойын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылды. Жол бойындағы белгіленген аумақ арнайы қоршалып, оған тұя, терек, ива және клён ағаштарының 1 300 түбі отырғызылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасып, жалпы 5 500 түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Аталған шараға Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов арнайы қатысып, алғашқы көшеттерді отырғызуға атсалысты. Ол көгалдандыру жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, аудан тұрғындарын табиғатты аялауға, жасыл желекті күтіп-баптауға шақырды. – «Жасыл желек – табиғаттың…

Read More

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің халықаралық маңызы бар жолдардың бойын ретке келтіру бойынша тапсырмасына сәйкес, Түркістан – Шымкент – Сарыағаш бағытындағы күрежол бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижелері бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен жиналыста сараланды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Бүгінгі таңда жұмысшы топ 137 нысанды аралап, бірқатар кәсіпкерге ғимараттардың сәулетіне қатысты ескерту жасады. Түркістан – Шымкент – Сарыағаш бағытында 33 жанармай бекеті, 69 тамақтану орны, 8 қонақүй, көлікке техникалық қызмет көрсететін 27 нысан бар. Оның ішінде, 7 нысанның иелері жөндеу жұмыстарын жүргізуге уақыт сұраса, иесі анықталмаған 3 ғимаратты бұзу жөнінде аудан…

Read More

Естеріңізде болса былтырғы Ұлттық құрылтайда бастама көтерген мәселелерге қатысты 9 заң қабылданды. Ойын бизнесін жарнамалауға тыйым салу, тарихи ескерткіштер мен табиғи нысандарды қорғау, әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, батырлар есімін ұлықтау, есірткі қылмысына жазаны күшейту және ономастика ережелерін жаңарту бастамалар бар. Мұның барлығы ел үшін өте қажетті заңдар, — деп қабылдауда тұрғындар. Менің пайымымша қазіргі кезде болып жатқан құрылтай бұл жай ғана жиын емес, біздің еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан өте маңызды қадам. Былтыр қозғалған 10 мәселенің 9-ы заң жүзінде қалыптасып, қадағалануда. Құрылтайда көтерілген мәселелер кейін заң жүзіне ұласып жатыр. Әсіресе балалардың, аналардың құқығын қорғау, әлеуметтік мәс елелер мен заңдылықты…

Read More

✔️Биыл Түркістан облысында 896 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 мың гектарға артық. Аталған алқаптарды ағын сумен қамту мәселесі облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға осы саладағы жұмысты жандандырып, диқандарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Облысымыз үшін ауыл шаруашылығының маңызы өте жоғары. Ағын су беру маусымында судың жоспарланған лимитінің толық әрі мерзімінде берілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Облыс аумағындағы ағын су нысандарының қазіргі жағдайына тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіңіздер. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында су үнемдеу технологияларын енгізген жөн. Ағын судан тапшылық…

Read More

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесуі 2025 жылдың 25 сәуір, сағат 10.00-ге ауысқанын хабарлаймыз. Халықпен кездесу К.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде (Ақсукент ауылы, Абылайхан көшесі, №71), жеке қабылдау сағат 11.00-де аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ақсукент ауылы, Жібек жолы көшесі, №95) өтеді. Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97, 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 23 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 — 15.00) жүргізіледі. Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында жүйелі шаралар қабылдануда. Осы орайда ауданымызда мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауданымызда бүгінгі күн ерекше күндердің бірі болып, Темірлан елді мекеніндегі жаңадан бой көтерген Самал мөлтекауданынан көптен күткен кезектілігі жеткен 84 тұрғынға 3 қабатты үйлерден пәтерлер берілді. Аудан әкімі Азат Оралбаев «Қасиетті рамазан айында игілікті жаңалықтар болып жатыр, мемлекет басшысы тапсырмасымен, облыс басшылығының қолдауымен өздеріңізге баспана беріп, қуаныш сыйлаудың сәті түсіп отыр» деп, құттықтау лебізін айтып, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Азаматтардың арманы орындалып, өз баспанасына қол жеткізген бұл шараға облыстық мәслихаттың депутаттары Ғани Райымбеков,…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Елдің көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, өңірді, ауданды дамыту бағытындағы жоспарларын айтты деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Жергілікті биліктің ең басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Осыған орай, өздеріңізбен кеңесе отырып, ауданды әрі қарай дамыту бағытындағы ұсыныс, талаптарыңызбен танысу маңызды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыру, ифрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Төлеби ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталып өтсем, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауданда 2024 жылы 21…

Read More

Еліміздің ең көне де, көркем жерлерінің бірі – Түркістан облысы. Жазы – жаныңды жадыратса, күзі – құбылмалы, қысы – көңіліңді сергітсе, ал көктемі — көркіне көз тоймайтын жыл мезгілдерінің ішіндегі ең ғажайып мезгіл. Айналадағы тіршілік атаулының бәрі ұйқыдан оянып, жандана түсуде. Дәл бүгін Рамазан айының соңғы күнінде күннің көзі жарқырай түсіп, алма ағаштары бүршік атып, тіпті кейбір жеміс талдары гүлдеп тұр. Жыл мезгілдері сияқты, облысқа қарасты аудандары да бірінен бірі ерекшеленіп, өздеріне тән атаулары да бар. Анығын айтқанда, сан қилы құпиясын қойнына алып, ежелгі дүниенің көнекөз елшісіндей болған,  тарихы тұңғиық, Шерхан ағамыз шерін тарта айтқан, «тұлпарлар тұнған жер, сұңқарлар қонған…

Read More

Шүкіршілік етейік, бүгінде елімізде арақ сатылмайтын, ішімдік ішілмейтін ауылдар саны көбейіп келеді. Ол ауылдардың дүкендерінде ішімдік атаулы сатылмайды, дастарқанға арақ-шарап қойылмайды. Неге десеңіз, оның себебі мен салдары жетерлік. Анығын айтқанда арақ туралы көп әңгіменің ешқайсысы ешқашан жақсылыққа жуыған емес: дәрігерлер оны үзілді-кесілді түрде денсаулыққа зиянды санаса, құқық қорғаушылар күн сайынғы қылмыстардың басым бөлігін осы арақпен байланыстырады, дін қызметкерлері «адамды адам кейпінен айыратын су, шайтанның құрған торы» деуден танбайды, ал қоғам көзқарасында алкогольді қырып-жоятын қарулар қатарына қосу керектігін айтатындар да бар. Жасыратыны жоқ бүгіндері жиын-той, отырыстарды арақсыз өткізуді салтқа айналдырған отбасылар қатары көбейіп, тіпті арақ сатылмайтын ауылдар да пайда болды. Әрине…

Read More

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Облысты, ауданды дамыту жолдарын саралап, халықпен еркін пікір алмасты. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту басым бағытқа ие екенін жеткізді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Тарихы терең, табиғаты тамаша Қазығұрт ауданының халқы әрқашан еңбекқорлығымен танылып келген. Бүгін өзекті мәселелерді талқылау үшін арнайы келіп тұрмын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жергілікті әкімдіктерге ел экономикасының әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндеттерді орындау бағытында Қазығұрт ауданында былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 9 елді мекенде құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылды. Нәтижесінде Қызылдихан, Тұрбат, Үшбұлақ…

Read More