Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – мемлекеттік органдардың басты міндеті. Осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Әл-Фараби ауданы прокурорының төрағалығында уәкілетті органдардың қатысуымен маңызды мекемеаралық мәжіліс өткізілді. Мәжілістің негізгі мақсаты – кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасының жағдайы, олардың құқықтарының сақталуы және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уәкілетті органдармен атқарылған жұмыстардың тиімділігін кешенді түрде қарау болды. Жиын барысында барлық уәкілетті органдар аталған бағыттағы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп, жүзеге асырылған іс-шаралар, анықталған проблемалар және алдағы жоспарлар туралы баяндады. Бұл есептер аудандағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуалдың нақты бейнесін анықтауға мүмкіндік берді. Аудан прокуроры баяндамаларды мұқият тыңдап, жүргізілген талдау нәтижесінде орын алған кемшіліктер бойынша қатаң баға беріп, оларды шұғыл жою қажеттігін мәлімдеді. Атап айтқанда, жекелеген бағыттар бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігіне және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың кейбір тұстарына қатысты сыни пікірлер айтылды. Сондай-ақ, аудан прокурорымен аталған бағыттағы жұмыстарды күшейту бойынша нақты және орындалуы міндетті тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмалардың негізгі бағыттары:
- Профилактикалық іс-шаралардың сапасын арттыру;
- Мектептермен және ата-аналармен жұмысты жандандыру;
- Жасырын қылмыстарды (буллинг, интернет-алаяқтыққа қатысу) анықтауды күшейту.
Шымкент қаласының прокуратурасы бұл мекемеаралық мәжіліс нәтижесінде берілген тапсырмалардың қатаң бақылауда болатынын және құқық борғау органдарының біріккен жұмысы арқылы ғана кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге болатынын айтуда. Десе де, қылмысқа жол бермеу – әрбір жасөспірімнің саналы түрдегі таңдауы екені жасырын емес. Ендеше, құзырлы органдар тарапынан айтылып датқан кеңестерді есте сақтап, өмір тәжірибесінде қолданғаныңыз абзал.

