Автор: aimaq_user

Ордабасы ауданының 50 мыңнан астам тұрғыны бар Шұбарсу ауылында полицияның жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров, Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов пен аудан әкімдігінің басшылығы, ауыл ақсақалдары қатысты деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 2 қабаттан тұратын учаскелік полиция пункті соңғы үлгідегі компьютерлік техникалармен және жиһаздармен толықтай жабдықталған. Аталған нысанда бейнебақылау жүйесі тартылған. Келген тұрғындар мен полицейлердің өз жұмыстарын алаңсыз жасауы үшін барлық жағдай жасалған. Яғни кезекші бөлім, уақытша ұстау изоляторы мен 16 қызметтік бөлме, мәжіліс залы, балаларға арналған бөлме қарастырылған. Ашылу шарасында сөз алған облыс әкімі Н.Көшеров: «Бұның барлығы тәртіп сақшыларының жұмысты одан әрі жандандыруы үшін…

Read More

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өңір тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары жалғасып келеді. Кезекті кездесу Ордабасы ауданында өтіп, аудан тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды. Облыс әкімі өңірдің, ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталып, өндіріс орындарын ашу, экономиканы көтеру бағыттындағы жұмыстар дамылсыз жалғасатынын айтты деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Өткен жылы тұрғындар тарапынан 8 мәселе қозғалған болатын. Бүгінде 6 мәселе шешімін тауып, қалған екі ұсыныс аясында жұмыстар жүріп жатыр. Биыл ауданға қарасты Көктөбе елді мекені көгілдір отынмен толық қамтылды. Төрткүл ауылында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол бойындағы аспалы көпірдің шатыры жөнделді. Сонымен қатар былтыр Бөген елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория іске қосылды.…

Read More

Шымкентте жаңа «Фосфоршылар мәдениет сарайы» ғимаратының құрылысы басталды. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушылар – эколог Әсел Тасмағамбетова және кәсіпкер Кеңес Рақышев маңызды нысанның құрылысы басталған жерге капсула салу рәсіміне қатысты деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Қаланың мәдени өмірінде ерекше орын алатын бұл орталық 1980 жылы пайдалануға берілген. Алайда соңғы жылдары ғимарат қараусыз қалып, 2023 жылы коммуналдық меншікке өтті. Сарапшылар зерттеу жүргізе келе нысанды бұзу қажеттігін анықтады. Осыған байланысты Шымкент қаласы әкімдігі «Сәби» қорының қолдауымен сарайды бұзып, орнына жаңа мәдениет сарайын салу туралы шешім қабылдады. Қала әкімі қатысушыларды маңызы зор құрылыстың басталуымен құттықтап,…

Read More

✔️Бүгін Оқушылар сарайында қазақ спорт тарихында есімі алтын әріппен жазылған Бекзат Саттархановтың қысқа, бірақ жарқын ғұмырына арналған «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері өтті деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Жиынға батыр Бекзаттың анасы Сырлыгүл Шойбекова, танымал спортшылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты. ✔️Кітапты шығару туралы идеяны ұсынған Оқушылар сарайының директоры Индира Икапова жас балалардың жігерін ояту үшін осындай кітаптар жазу, кездесулер ұйымдастыру маңызды екенін айтып өтті. ✔️Басқосуда Сырлыгүл Шойбекова баласының спортқа деген сүйіспеншілігі мен табандылығы туралы естеліктерімен бөлісті. «Ұлдың табысты болуы – ең алдымен, ананың тәлімінің нәтижесі» деген ұлағатты сөзді негізге ала отырып,…

Read More

✔️Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Талғат Жапарханұлы Қозбеков тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырып, өңірді дамыту бағытында маңызды міндеттер жүктеліп отырғанын айтты. Алдағы жұмысына сәттілік тіледі деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Талғат Қозбеков 1976 жылы Талдықорған облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Экономист- маркетолог» және Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. ✔️Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің Салық аудиті бөлімінде салық инспекторы лауазымынан бастаған. Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының…

Read More

🔷 А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағына кіру ақысы тарифтік мөлшердің өзгеруіне орай, 2025 жылдың 1-сәуірінен бастап 100 теңге болып бекітілді, 3-сәуірден бастап қолданысқа енеді деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Зейнеткерлерге мүгедектігі бар адамдарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға («Алтын алқа», «Күміс алқа” иегерлері) , мектеп жасындағы балаларға кіру тегін. 🔷 Тұрғындардың өтінішін ескере отырып, саябаққа кіру уақытын таңғы 05:00 ден түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзарту бойынша шешім қабылданды. Кіру ақысы таңғы сағат 05:00 ден 07:00 ге дейін және 23:00 ден 01:00 ге дейін тегін. 🔷 А.Асқаров…

Read More

✔️Түркістан облысы, Сауран ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Бұл нысанда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған. Нысанның ашылуына Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Б.Қалмұрзаев және сала ардагерлері қатысты деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға үлкен көңіл бөлінуде. Ел тыныштығы – ең қымбат құндылық. Ел мүддесін қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Бұл – еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Жаңадан қалыптастып келе жатқан Сауран ауданы құрылғалы бері ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Аймақтың дамуы жалғаса береді, – деді Нұралхан…

Read More

✔️Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «II Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект және терминология» симпозиумы басталды. Келелі кездесуге Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі арнайы қатысып, зиялы қауым өкілдері, қоғам мен мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер талқы алаңында бас қосты деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Симпозиумның басты мақсаты – қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың өзекті мәселелерін анықтау, талқылау, жасанды интеллект жүйесін пайдалана отырып, қазақ тілінің терминологиясын дамыту жолындағы заманауи үдерістер мен қолданыстарын саралау. ✔️Ауқымды шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР…

Read More

Азаматтардың полициямен жедел байланысқа шығуына мүмкіндік беретін дабыл түймелер жүйесі қаланың халық көп шоғырланатын орындарында орнатылған. Құрылғы арқылы бірден полиция департаментінің жедел басқару орталығымен аудио және бейне байланыс қосылады. Әр SOS батырмасы камера, микрофон және динамикпен жабдықталған, бұл операторға қоңырау шалушыны көруге, естуге және полиция наряды келгенге дейін қажетті нұсқаулықтар беруге мүмкіндік береді. Дабыл түскен бойда ЖБО инспекторы жақын маңдағы патрульдік жасақты немесе учаскелік полицейді оқиға орнына жібереді. SOS батырмалары көп адам жиналатын қоғамдық орындарға орнатылып, қылмыстың алдын алу және қауіпсіздікті күшейту мақсатын көздейді. Айта өтсек, бұл құрылғылар вандализмге төзімді етіп жасалған. Жақын арада қала аумағында қосымша 50 құрылғы орнату…

Read More

✔️Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Германия мемлекетінен келген инвесторлармен кездесті. Кездесуге «German — GreenTec Ecologic GmbH» компаниясының құрылтайшысы-серіктесі Фридрих Штек, «Anderbold — Сибирь» компаниясының бас директоры Сергей Шнайдер, «Underbold Ltd.» компаниясының бас директоры Талғат Керімов және аталған компанияның өкілдері қатысты деп хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары жаңа бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді. 📌– Біздің облыста автомобиль жолдарын дамыту, жаңа технологияларды қолдану және олардың сапасын арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Әкімдік жаңа технологияларды қарастыру бастамасын қолдайды. Осыған байланысты «underbold» тұрақтандырғышын қолдануға және осы технологияның тиімділігімен толығырақ танысуға дайынбыз, – деген Зұлпыхар Жолдасов…

Read More