Автор: aimaq_user

Бүгін Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде баскетболдан қыздар арасында VI жазғы жастар спорт ойындарының жүлдегерлері белгілі болды. Төрт жылда бір өтетін кешенді жарысқа спорттың бұл түрінен елімізден 16 өңірі команда қосты (224 спортшы). Финалда жарыс қожайыны Түркістан командасы елордалық баскетболшылармен ойнап, аса тартысты матчта басым түсті. Есеп: 76-68. Қола медаль жолында Шымкент қаласы мен Атырау облысының командасы кездесті. Мұнда 82-53 есебімен мұнайлы өңірдің бойжеткендері ұтты. Ал үздік бестікті Жетісу облысын айқын басымдықпен жеңген (есеп: 53-35) Ақмола облысы түйіндеді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Баскетболдан осыған дейінгі V жастар спорт ойындарын Щучинск қаласы қабылдаған. Ол кезде қыздар арасында…

Read More

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қызылкөл көлінің аумағында «Жастар Таза Қазақстан үшін!» және «Қоршаған ортаны қорғайық!» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Игі шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығының мүшелері, белсенді жастар мен жергілікті тұрғындар жұмыла қатысты. Қызылкөл маңы мен көлге апарар жол бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында арнайы пластик қалдықтарға арналған қоқыс жәшіктері орнатылды. Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы: «Таза табиғат — жарқын болашақтың кепілі. Қоршаған ортаны қорғау — әрбір азаматтың міндеті. Бүгінгі сенбілікке атсалысып, табиғатқа жанашырлық танытқан баршаңызға алғысымды…

Read More

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкентте ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ауқымды сенбілік өткізді. Бұл іс-шара елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және халық арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған жалпыұлттық қозғалыстың бір бөлігі болды деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөз қызметі. Әскери қызметшілер бөлімнің және оған іргелес аумақты ретке келтірді, жиек тастарды бояу жұмыстарын жүргізді, жасыл аймақтарды қоқыстардан тазартты, сондай-ақ гүлдер отырғызды. Сенбіліктің мақсаты аумақтардың санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілерде экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін және табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру болды. — «Біз…

Read More

Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан зиянкестермен күрестің күшейтілуі келісілген болатын. Осы ретте ауданымызда марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүйелі түрде пысықталуда деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министірлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Қаныбеков ауданға арнайы келіп, аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге жауапты сала басшыларының басын қосып, Бөржар ауылдық округіне қарасты алқапқа барып, зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарының барысымен танысты. «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Ордабасы ауданы мамандарының зерттеуімен аудан бойынша ағымдағы жылы 8,5 мың гектар…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына арнайы келіп, халықпен кездесті. Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, жеке қабылдау өткізді. Өңір басшысы ауданның инвестициялық әлеуетін көтеру керектігін айтты деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызмет. – Бүгін Қасиетті Қаратау етегінде орналасқан, тарих пен тағылым тоғысқан Бәйдібек өлкесінде сіздермен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру, ифрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы алға қойған міндеттерді орындау үшін баршамыз жұмыла еңбек етіп, халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуымыз қажет. Бәйдібек ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар…

Read More

Бүгін «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Алқалы басқосуға Түркістан облысының әкімі – облыстық ҚХА төрағасы Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, ҚХА құрылымдарының төрағалары мен мүшелері, облыстық Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынға модераторлық еткен облыс әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік Ассамблея тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында нәтижелі жұмыстарды жүргізіп келе жатқанына тоқталды. Бұл ретте, облыстық Ассамблея тарапынан «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елтану» «Қайырымдылық керуені» және «Шаңырақ» жобалары тиімді іске асырылуда. Жыл басынан бері облыс аумағында түрлі 440 іс-шара, 15…

Read More

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеке қабылдау кестесіне сәйкес өңір тұрғындарын өтініштері бойынша қабылдады. Онда бірқатар аудан тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойды. Облыс әкімінің орынбасары мәселесін айтып келген тұрғындарға нақты жауап беріп, жауапты басқарма өкілдерінің қатысуымен талқылады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жеке қабылдауда көтерілген талап-тілектердің басым бөлігі мәдениет пен спорт саласына қатысты болды. Атап айтсақ, театр ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, спорт кешенін салу, сондай-ақ спорт кешені бойынша жекешелік-әріптестік шартын ұзарту және тағы басқа әлеуметтік мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Азаматтардың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған Ертай Кенжебекұлы заңға сәйкес зерделеніп, тиісті жұмыс жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеліп,…

Read More

Созақ ауданына соңғы 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 млн текше метрге көп. Ең алдымен, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн текше метрге дейін ұлғайтылды. Бұл Созақ ауданына қосымша 200 млн текше метр су жіберуге мүмкіндік береді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов аудан тұрғындарымен өткен кездесуде айтып өтті. Сондай-ақ аймақты сумен қамту бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы кеңінен баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Біздің министрлік Созақ ауданына тұрақты түрде су жіберуге ниетті. Ол үшін бірқатар…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесу барысында қор тарапынан 3 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асқан қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының нәтижелері туралы айтылды. Ұсыныстар мен алдағы жоспарлар талқыланды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Басқосуда қоғамдық қордың басқарма төрайымы өңірдегі ауқымды жұмыстарға оң бағасы беріп, алдағы маңызды жобаларды атап өтті. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Түркістан облысы арасындағы жолға қойылған тұрақты әріптестік байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді. Биыл ұсынылған жаңа жобалар қаралады. Қор құрылғалы Түркістан облысында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында…

Read More

🔷 Өкінішке орай, халық арасында, интернет кеңістігінде жергілікті атқарушы органдардың атынан азаматтар арасында жоғарыда көрсетілгендей жалған құжаттар таралып жатқандығы және пәтер алып беруге көмектесемін деп заңсыздыққа баратын алаяқтар көбеюде. Егер осындай күмәнді жағдайға тап болсаңыздар, шұғыл құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар. 🔷 Тұрғын үй басқармасы қызметкерлері ресми хабарламаларды Шымкент қаласы әкімдігінің және Тұрғын үй басқармасының ресми сайттары, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы таратады. 🔷 Алаяқтық әрекет Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке алып келеді, яғни бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертеміз. 🔷 Сіздерден алаяқтардың жолдаған жалған құжаттамаларына немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарына сенбеуді, сондай-ақ, бейтаныс нөмірлерге ақша аудармауды сұраймыз.…

Read More