Автор: aimaq_user

Қараспан мен Қалаш ауылдарын жалғайтын аудандық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 9 шақырым болатын жол құрылысын “ДОС GROUP” ЖШС жүзеге асыруда. Жоба 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталады. Жоспар бойынша жол биыл, мамыр айында пайдалануға беріледі деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, “Темірқазық” ЖШС Қалаш ауылына балалар ойын алаңшасын орнатып, тұрғындардың игілігіне берді. Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың қауіпсіз әрі қызықты ортада ойнауына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Read More

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылдық округінде жаңа білім беру нысаны салынуда деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 600 орындық білім ошағының құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде құрылыс алаңында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жобаның тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Мектеп заманауи стандарттарға сай салынып, оқушылар мен ұстаздарға жайлы әрі қауіпсіз білім ордасы болмақ. Аудан әкімі Арман Сәбитов нысан алаңына арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Аудан басшысы жауаптыларға мектептің құрылыс жұмысы сапалы әрі мерзімінде аяқталып, инженерлік инфрақұрылымдардың толық жүргізілуін міндеттеді. Аталған мектепте кең әрі жарық сынып бөлмелері, жаңа…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен, қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымына Алмас Емелтайұлы Абаев тағайындалды деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Алмас Емелтайұлы 1990 жылғы 11 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін және Италияда Тор Вергата университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі қаржы, құқық, мемлекеттік сатып алу саласындағы халықаралық магистр. Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек-Ақмола» филиалында мемлекеттік сатып алу маманы болып бастаған. 2011-2022 жылдары жеке секторда және орталық мемлекеттік органдарда жауапты басшылық қызметтер атқарған. 2022-2023 жылдары Абай…

Read More

Түркістанда Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысы өтті. Жаңадан жасақталған комиссияның мәжілісіне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева аталған комиссияның жұмыс жоспары турлы баяндады. Оның айтуынша, биыл комиссияның жаңа құрамы бекітілген. Түркістан облысының әкімдігі, Түркістан облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен Түркістан облысының кәсіби одақтар орталығы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған келісім 8 тармақтан тұрады. Ол тармақтарда жұмысшылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашуға…

Read More

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың қала, ауылдық округ тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Бүгін аудан басшысы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне жасаған сапары аясында тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелердің шешілу жолдарын саралады. Мәжіліс барысында жауаптыларға округтің әлеуетін арттырудың маңыздылығына тоқталып, жүйелі жұмыс жүргізуді міндеттеді деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Мемлекет Басшысының жарлығына сәйкес, аудан, қалаларда тұрғындармен кездесулерді ұдайы жүргізіп келеміз. Бүгін, аудандағы сегізінші кездесуіміз Сіздердің округтеріңізде өтуде. Жиналыстың басым бөлігі, сұрақ – жауап форматында өтеді. Сондықтан ашық диалог алаңында көкейде жүрген сұрақтарыңызды қойып, белсенділік танытуларыңызды сұраймын, деді аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы. Аудан әкімі 2024 жылы Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде іске асқан мемлекеттік жобалар…

Read More

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданына бірқатар Еуропа елдерінің елшілері ресми сапармен келді. Делегация құрамында Еуропалық одақтың және Аустрия, Грекия, Латвия, Мажарстан, Португалия, Румыния, Сербия, Швеция, Швейцария, Чехия, Хорватия, Финляндия сынды мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдері болды деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Сапар аясында мәртебелі меймандар Бәйдібек ауданындағы тарихи-мәдени және табиғи мұралармен танысты. Елшілер, әсіресе, Қазақстандағы киелі орындардың бірі саналатын “Ақмешіт” үңгіріне арнайы барып, табиғаттың ерекше туындысына саяхат жасады. Туристік әлеуеті зор нысан — Бәйдібек өңірінің ең көрікті және көпшілікке танымал орындарының бірі. Еуропалық делегация Ақмешіт үңгірінің тарихи, мәдени, табиғи маңыздылығына ерекше қызығушылық танытып, өңірдің туризм саласындағы мүмкіндіктерін жоғары…

Read More

2025 жылдың 15-сәуірі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры, ержүрек мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасында аудандық орта мектеп оқушыларының арасында “Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз” атты әскери-патриоттық жарыс ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді нығайту, ерлік пен батырлықты дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру. Сонымен қатар, еліміздің қауіпсіздігі мен егемендігін сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Сайысқа аудан көлеміндегі 12 орта мектептен жасақталған Жас шекарашы ұйымдарының 192 оқушысы қатысты. Әр команда өздерінің әскери тәртіпке бейімділігін, саптық дайындығын, физикалық шеберлігін, тарихи білімін және топпен жұмыс…

Read More

*Бүгін Түркістан облысында полиция мен азаматтар есірткіге қарсы күресте бірікті* Дәлірек айтқанда, Түркістан облысының полициясы ҚР ІІМ-нің нұсқау хатына сәйкес есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады. Алғаш рет ведомство жанынан Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды. Кеңес төрағасы ретінде Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманбек Сатымбекұлы Сахов тағайындалды. Кеңес құрамында Түркістан облысында жастарымыз үлгі тұтатын танымал тұлғалар, өз ісінің кәсіби шеберлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Толығырақ тоқталсам, Есірткі құқық бұзушылығының профилактикалық саласы жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары лауазымына мәслихат депутаты С.Арыстанов, ал мүшелікке У.Рахиев, Е.Төлепов, Ә.Халиллаев, О.Алтаева, Л.Бекеева, М.Жұмаханұлы, Х.Мохаммад, Қ.Абенов, Е.Төлегенов, Қ.Зайнишев, А.Ілескен, Г.Кипчакбаевалар тағайындалды.…

Read More

Түркістан өңіріндегі 32 жазғы сауықтыру лагері жаңа демалыс маусымына дайындалып жатыр. Оның ішінде 11-і мемлекеттік болса, 21-і – жекеменшік. Қосымша 3 мемлекеттік лагерьдің іске қосылуына байланысты 6580 орын жасақталды. Биыл жалпы 40 мыңнан астам оқушы арнайы демалыс аймақтарында тынығады. Көбіне көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қамтылады. Бұл жұмыстардың басым бөлігі мемлекеттік лагерьлері арқылы жүргізіледі. Сондықтан облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмысты жоғары деңгейде орындауды тапсырған болатын деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Балауса» лагерінің жай-күйімен танысты. Нысанды аралап, жаңа маусымға дайындығын бақылады. Әуелі оқушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды және лагерь аумағын абаттандыруды міндеттеді.…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Еуропаның 20-ға жуық мемлекетінің Қазақстандағы елшілерімен кездесті. «Достық үйі» ғимаратында өткен кездесу барысында Түркістан өңірінің инвестициялық, туристік әлеуеті таныстырылып, байланыстарды нығайту, әріптестік орнату жолдары талқыланды. Өңір басшысы мәртебелі меймандарға Түркістанның тарихи және экономикалық рөлі туралы баяндады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Сіздерді Түркі дүниесінің рухани ордасы, Қазақ хандығының астанасы болған қасиетті Түркістан қаласында қарсы алғаныма қуаныштымын. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Түркістан – еліміздің тарихи-мәдени орталығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен аймақты дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Батыс пен шығыс арасындағы сауда қатынастары және көптеген тарихи нысандар Түркістанның Орталық Азиядағы инвестициялар мен туризмді…

Read More