Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын және оған жалпыұлттық референдумда белгіленген саяси жаңғыру бағдарындағы азаматтардың көпшілігінің қолдауы ықпал еткенін атап қткені естеріңізде болар.
– Конститутциялық реформа жаңа әділетті Қазақстанды құрудағы негізгі қадам болды, — деп атап өтті Президент. – Саяси жаңғыртудың жалғасы құрылымдық экономикалық қайта құрулар, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататын «азамат – бизнес — мемлекет» арасындағы қатынасты қайта құру болады. Сондай-ақ, қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолдау көрсетуге кепілдік беріледі.
Қазақстан Басшысы шағын және орта бизнесті дамыту аспектілеріне ерекше назар аударып, мемлекет экономикалық еркіндікті толық қолдайтынын, бірақ сонымен бірге нарықтың тұрақсыздығы ықпалынан азаматтарды табанды түрде қорғайтынын атап өтті.
– Еліміздің басты құндылығы – адам, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондықтан ұлттық байлықты әділ бөлу және әрбір азаматқа тең мүмкіндік беру – реформалардың басты мақсаты. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған стратегиялық реформаларының бағытына басымдық бере отырып, Созақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Округ әкімі Батырхан Аяпов биылғы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, біршама атқарылған жұмыстар бойынша есебін берді.
Осы жылда атқарылған, яғни көңіл көншітерлік жағымды да ауқымды жұмыстар жайына тоқталар болсақ, Созақ ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа әкімшілік ғимаратының құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне берілді. Мұнан бөлек, ауқымды мәселеге айналған ауыз су Созақ пен Шақырық елді мекендерінде жүргізіліп жатқан су құбыры желісінің 80 пайызы орындалып, жыл соңына дейін толық бітетінін жеткізген жағымды хабар, кездесуге келгендердің көңіліне қуаныш сыйлады. Жалпы, биліктің халыққа жақындығын және шешім қабылдаудағы транспаренттілікті қамтамасыз етуі — жергілікті деңгейдегі жүйелі көрінісі болып табылатыны сөзсіз. Жергілікті тұрғындардың атқарылған жұмыстарға ризашылық білдіріп және келелі ұсыныстарды ортаға салуы – халық пен билік арасындағы сенімді диалогтың берік орнағанын дәлелдейтіні рас. Сондықтан да, Созақ ауылындағы іске асырылған инфрақұрылымдық жобалар – «Адал азамат» тұжырымдамасының нақты нәтижесі деуге болады.
Округ аумағындағы инфрақұрылым бойынша да біршама жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 77 шақырым ішкі жолдың 55,2 шақырымының асфальтталуы және 100 пайыз көше жарығымен қамтылуы – Созақ ауданының өңірлік логистикасын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін және күнделікті өмір сүру сапасын саналы түрде арттыруда десек те болады. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларының орнатылуы және LED экранның қойылуы – қоғамдық қауіпсіздікті заманауи технологиялар арқылы күшейтуді білдіреді.
Созақтағы әлеуметтік нысандардың құрылысы – «Ұлттық қор – балаларға» жобасының рухани-әлеуметтік мағынасымен тығыз байланысты. Бұл жоба балалардың болашағына қаржылық инвестиция салса, аудандық әкімдік оның материалдық және рухани ортасын дайындауда. Спорттық-сауықтыру кешенінің, воркаут алаңдарының (Созақ, Көктөбе, Ыбырай) және жаңа саябақтардың салынуы – жастардың денсаулығына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және демалыс орындарының теңдігіне бағытталған әлеуметтік инвестиция.
Созақ ауылдық мәдениет үйінің жөнделуі, «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік орталығының ашылуы және «Жеңіс» аллеясының салынуы – ұрпақтар сабақтастығын, мәдени құндылықтарды және тарихи жадыны сақтауға деген мемлекеттік міндеттемені айғақтайды. Созақ округіндегі барлық жұмыстардың жүйелі әрі жоспарлы орындалуы – орталықтандырылған басқарудың жергілікті әкімдіктің тиімді әрекеті арқылы халық мүддесіне қызмет етуінің үлгісі. Әрине, кез келген істің оңынан оңтайлануына аудан әкіміні Мұхит Тұрысбеков тікелей араласып және жобалардың жыл соңына дейін аяқталуын бақылауы – басқарушылық шешімдердің жоғары орындаушылық тәртіппен қамтамасыз етілуін білдіреді. Аудандағы ауылдық өмірді өз пайымымызбен топшылағанда, мұндағы өмір қарапайым, табиғатқа жақын, адамдар бір-бірімен тығыз байланыста, өзара көмектесуге дайын. Әсілінде, мұндай адамдардың қарым-қатынастары жылы әрі шынайы, ешкім шектелмейді. Бәлкім, аудан билігінде отырған азаматтардың елжандылығы мен еңбекқорлығының да салдары әсер етер. Біздің әңгімемізге арқау болған қос округ, бірі Созақ ауылдық округі, енді бірі Шақыр ауылдық округі – Әділетті Қазақстанды ұрандық деңгейден нақты әрекетке көшірудің жасампаздығыма деген ой түйдім.
Бұл аудандық деңгейдегі реформалар – азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін, демек кездесулер мен ұсыныстарды нығайтып, жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыруға негіз қалайды. Созақ халқының тұрмысының жақсаруы – ұлттық реформалардың ауылдық жерлерге де толықтай жетіп, өз жемісін беруінің сенімді кепілі десек артық айтқандығымыз емес.

