Өңірлерді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысы Созақ ауданында ілкімді жұмыстар кезең-кезеңімен орындалуда. Дәлірек айтқанда, қолжетімді баспана – халықтың өмір сапасын арттырудың, демографиялық өсуді ынталандырудың және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің фундаменталдық негізі болып табыладындықтан, ауданда тұрғындар игілігі үшін екі қабатты үйлер салына бастаған болатын. Міне, сол баспаналардың құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне беруге дайын тұр.
Жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жалпы 50 пәтерлі екі қабатты 3 үй және екі пәтерлі 13 үй тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталуы – Созақ ауданының инвестициялық тартымдылығын және мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тиімділігінің айғағы. Бұл – жергілікті бюджетке салмақ салмай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешудің стратегиялық қадамы десек те болады. Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы Жеткіншек мөлтек ауданындағы жұмыстардың сапасын қадағалау мақсатында тұрғын үй және әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жаңа тұрғын үйлердің заманауи талаптарға сай салынып, травертинмен қапталуы, жылу және су жүйелерінің толық тартылуы – Созақ ауданындағы инженерлік инфрақұрылым мен ТКШ сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кешенді шаралардың нәтижесі.
Сонымен қатар, тағы 13 тұрғын үйдің құрылысы 90 пайызға аяқталған. Демеушілердің қолдауымен «Жаңғырту бағдарламасымен» соғылып жатқан екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы да жыл соңына дейін аяқталып,жалпы 92 пәтер ел игілігіне берілмек.
«Жастар саябағында» салынып жатқан жаңа арбат пен кітапхана ғимаратының құрылысын аралап, өңірдің әртүрлі салалардағы қызметін үйлестірудің әлеуметтік-мәдени бағытынмен танысты. Жалпы, өңірдің өңірлік даму жобаларының ауқымдылығы және әлеуметтік нәтижелілігі мен тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени инженерлік инфрақұрылымдардың дамуы – Созақ ауданының тұрақты өсуі мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жолындағы айқын басымдықтарға жол ашуда. Жаңа үйлер – Созақ халқы үшін жаңа мүмкіндіктердің символы болып табылары сөзсіз.

