🔷 Бүгін Шымкент қаласының мамандандырылған экономикалық соты қалалық әкімдіктің «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі бірқатар су жабдықтау және су бұру нысандары бойынша келісімшарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызын қанағаттандырып, аталған нысандарды мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды. Сот тыңдалымы барысында стратегиялық маңызды нысанның жекешелендірілуі кезінде жіберілген заңбұзушылықтар атап өтілді деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Атап айтқанда: — Қазақстан Республикасының «Жекешелендіру туралы» заңына (5-бап) сәйкес, жекешелендіруге тек бірыңғай мүліктік кешен ретінде қарастырылатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер жатады. — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы Қаулысына сәйкес, қаланың өмірлік маңызды қызметтерін қамтамасыз ететін нысандарды бірыңғай кешеннен бөлуге тыйым салынған. Талапкер…
Автор: aimaq_user
✔️Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуде тұрғындар күрмеуі шешілмеген түйткілдерді тарқатып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Облыс әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту жолындағы жұмыстарға тоқталып, жоспарларды атап өтті. Өңір басшысы кездесуге келіп, өтініш айтамын деген барлық тұрғынды соңына дейін қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы əртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркəсіп кешенінің əлеуетін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы міндеттерді орындау үшін баршамыз бірлесе еңбек етуіміз қажет. Сарыағаш ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар…
🔷 Шымкент қаласында CityPass бірыңғай туристік картасы іске қосылады. Бұл жоба қала қонақтарына мәдени нысандарға, ойын-сауық орталықтарына, мұражайларға және басқа да көрікті жерлерге жеңілдікпен кіру мүмкіндігін ұсынады деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 CityPass картасы Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру, қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр. Жаңа жүйе туристерге уақытты үнемдеуге, негізгі нысандарға қолжетімділікті арттыруға көмектеседі. 🔷 Картаны онлайн платформа арқылы немесе арнайы сату нүктелерінен сатып алуға болады. Бағдарлама аясында қосымша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар қарастырылған. 🔷 «CROCOS» ЖШС компаниясы бұл жобаны іске асыру арқылы Шымкенттің туристік инфрақұрылымын дамыту, қалаға келетін қонақтардың санын арттыру және қызмет…
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің аудан, қала тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары жалғасып жатыр. Бұл жолы Келес ауданы тұрғындарының өтініштері мен мәселелері, ұсыныстары тыңдалды. Облыс әкімі өңірдің, ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы жоспарлар мен міндеттер туралы да айтты деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Мемлекет басшысы тұрғындармен тұрақты кездесу, экономиканы әртараптандыру жөнінде тапсырмалар берді. Өңірде осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Соның ішінде Келес ауданында іске асырылып жатқан мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларға қысқаша тоқталсам, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Келес ауданында 2024 жылы 20 елді мекенде құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 13 елді…
2025 жылдың 27 наурызында Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесуі өтеді. Кездесу Тәуке хан даңғылы, 5 мекен жайындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бас ғимаратындағы конференц-залында (340 аудитория) ұйымдастырылады. Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен қала әкімдігінің ресми парақшаларында («Facebook», «YouTube») қол жетімді болады. 🔷 Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды кездесуде қоя аласыздар. Халықпен кездесу өткізу аясында: 1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер; 2) азаматтарды жеке қабылдау; 3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг. 🔷 Кездесуге жазылу үшін ұялы тел. 8(701)100-44-66 арқылы хабарласуды және сұрақтарыңызды алдын-ала WhatsApp нөмірге немесе электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz жолдауды сұраймыз. Азаматтарды белсенділік…
✔️Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте жетекшілік ететін салаларының жұмысы сараланып, тапсырмалардың орындалуы тексерілді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Мәжіліс барысында шаруалар көтеріп жүрген өзекті мәселелердің заң аясында шешімін тапқандары зерделеніп, бақылаудан алынса, мамандармен аудандарда өткен кездесу барысында түскен жаңа ұсыныстар мен өтініштер тапсырма-жоспарға енгізіліп, қадағалауға алынды. ✔️Облыс әкімінің орынбасары шағын және орта бизнесті дамыту үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндіру-ақпараттандыру жұмысы әлі де өз деңгейінде емес екенін айтып, жауаптыларға ескерту жасады. ✔️Күн тәртібіндегі кезекті мәселе – жаңадан құрылатын индустриалды аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша әзірленген жобалау-сметалық құжаттардың рәсімделу сатысы қаралып, ұсынылатын инвестициялық жобалар зерделенді.…
Түркістан облысында сәуір айынан бастап «Үлгілі ауыл» байқауының жаңа кезеңі басталады. Биылғы ережеге сәйкес, аудан орталықтары сайысқа қатыстырылмайды. Сондай-ақ, байқау ережесіне «Жомарт түлек» тұжырымдамасы да енгізілмек. Бұл бағыт бойынша ауыл азаматтарының туған жері мен білім алған оқу орнын абаттандыру, сыртқы көрінісін реттеу, тазалығын сақтау, демеушілік жасау бойынша бағаланады. Бұл жайында Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев брифингте мәлімдеді деп, хабарлаған Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. – 2024 жылдан бастап Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» байқауы өткізіліп келеді. Өткен жылы барлық аудан-қалалардан байқаудың облыстық кезеңіне қатысқан елді мекендер ішінен жеңімпаздар анықталып, ережеге сай облыстық бюджеттен өңірлерде биыл құрылыс жұмыстарын жүргізуге…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы ұлттық киім жайындағы сүбелі сөзін бірден-бір қолдаған Түркістан облысы әкімі апаратының мемлекеттік қызметшілері. Ұлттығымызды айшықтайтын, мәдениетімізді дәріптейтін Ұлттық киім — әрбіріміздің болмысымызды, дүниетанымымызды бейнелейтін, тарихи құндылығымызға, рухани байлығымызға құрметімізді арттыратыны сөзсіз. Ендігі жерде тек мерекелік шараларда ғана емес, жұмыс күнінің әр сәрсенбісінде ұлттық киіммен келуді үрдіске айналдырған мемлекеттік қызметшілердің бұл бастамасы — ұлттық сананың жаңғыруына жасаған нақты қадамы деп қабылдадық. Сондықтан болар бірыңғай Ұлттық киім киген қызметшілерді көргенде көңіліңнің көтеріліп, жаныңның жадырап салары шындық. Ұлттық киімді ұлықтау мақсатында челленджіге қосылушы мекемелер қатары да көбеюде. https://youtube.com/shorts/XPIdh10EoDU
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен тұрғындарды баспанамен қамту, өңірде тұрғын үйлер салу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі жауапты басшыларға тұрғын үй құрылысы саласын тиянақты зерделеп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 📌– Құрылыс басқармасында тұрғын үй саясатына қатысты нақты сараптама болуы керек. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сол арқылы жоспар жасалады. Баспанамен қамту – өте өзекті мәселе. Аудан, қала әкімдерінің осы бағыттағы көрсеткіштерін саралап, тиісті ұсыныстар беріңіздер. Үй салатын аймақты инфрақұрылыммен қамту, құрылысты қаржыландыруға қатысты шаралар да зерттеліп, тұрғын үйлердің құрылысы уақтылы әрі сапалы жүргізілуі тиіс, – деді Нұралхан Көшеров. ✔️Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы…
Сайрам ауданында қоғамның өзекті мәселелеріне арналған «Отбасы берекесі» тақырыбында форум өтті. Бұл шараға Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры, Оразкүл Азанғазықызы қатысты деп, хабарлаған Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Форумда Оразкүл Асанғазықызы сөз сөйлеп, мемлекет басшысының отбасы институтын нығайту, демографиялық дамуды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою бағытындағы жасаған әрекеттерін атап өтті. Сондай-ақ, ол әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбіріміздің ортақ парызымыз екендігін айтты. Мемлекет заңнамалық тұрғыда қорғау шараларын қабылдағанымен, азаматтық қоғамның бұл процесте белсенді рөлі болуы керек екенін ескертті. Форум барысында отбасылық құндылықтар мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы пікір алмасулар болып, қатысушылар сұрақтар қойып, жауаптар алды.…
