Автор: aimaq_user

Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт ауданы «№11 колледж» МКҚК-ның ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген «Ашық есік» күніне қатысып, колледж студенттерімен кездесті деп, хабарлаған Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Алдымен аудан әкімі «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай ұйымдастырылған көрмені аралап, оқытушылар және студенттермен сөйлесіп, әртүрлі жұмысшы мамандықтары мен техникалық салаларға арналған заманауи жабдықтармен және арнайы техникалармен танысты. Әкім көрмедегі стендтер мен мен демонстрацияларды қарап, колледж студенттерінің қол жеткізген жетістіктері мен мен олардың тәжірибелік дағдыларына жоғары бағасын берді. Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі — «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген ашық есік күні жастардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге, мамандық таңдауда…

Read More

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының Шаян ауылында 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан облыс чемпионаты өтуде. Жарысқа 15 команда, 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Турнирдің басты мақсаты – өңірде волейбол деңгейін көтеру, жас спортшылардың шеберлігін арттыру және үздіктерді жоғары деңгейдегі жарыстарға дайындау деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, облыстық спорт басқармасының бас маманы Ахан Есалиев, облыстың аға жаттықтырушысы Иса Раймханов және спорт ардагері Шадияр Қондыбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс нәтижесінде үздік ойыншылар Түркістан облысының құрамасына шақырылып, наурыз айында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайды. Бұл жас спортшылар…

Read More

Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат Темірболатұлының төрағалығымен актив жиналысы өтті. Жиын күн тәртібімен аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов таныстырды деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Басқосуда аудандағы қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық қатынастар туралы аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев баяндады. Ауданның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов хабарлады Жиын барысында департамент басшысы мемлекеттік қызметшілер өз ісін адал әрі жауапкершілікпен атқаруы тиістігін жеткізді. Жалпы мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттік органдардың өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа қызмет көрсетудің тиімділігі, заңдылықты қамтамасыз ету мемлекеттік…

Read More

Облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен инвесторлар мен кәсіпкерлерге құқықтық қолдау мен көмек көрсету туралы «2025ж. Инвест Керуен» науқаны Ордабасы ауданында өтті деп, хабарлаған Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Науқанның мақсаты Жалпы Ұлттық және Өңірлік пұлға енгізілген инвестициялық жобалардың жай-күйін зерделеп, инвесторлар мен ірі кәсіпкерлік субъектілерін жеке қабылдау, олардың проблемалық мәселелерін анықтау және шешуге бағытталған. Кездесуге арнайы облыс прокурорының орынбасары, аудан прокуроры, аудан әкімі, «Атамекен» ҰКП, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдігі және тағы да басқа уәкілетті мемлекеттік органдар және монополия субъектілері қатысты. Бизнес өкілдері өздерін толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісіп, шешу жолдары ұсынылып, уәкілетті органдарға хаттамалық шешіммен бірқатар…

Read More

🔷 Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көп балалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны 53 936 деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. 🔷 Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады.

Read More

Бәйдібек ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 73 азамат мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Өңірде 400 АЕК көлемінде берілетін қаржылық қолдауға 180 азамат өтініш білдірген. Ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды грант алып, жұмысын бастаған жас кәсіпкерлердің жұмыс барысымен танысып, арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізді деп, хабарлаған Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Ақәділ Болатұлы әрбір кәсіпкердің жұмысын жеке қарап, ашылған наубайханалар, тігін шеберханалары, құс шаруашылығын дамыту, гүлдер әлемі және тері өңдеу цехтарының жұмысымен танысты. Әрбір кәсіпкер өз ісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда.

Read More

✔️Бауыр трансплантациясы – қазіргі заманғы хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі. Алайда профессор Б.Баймаханов басқарған А.Сызғанов атындағы ҰҒХО мамандарының жоғары біліктілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында өңірдегі операция сәтті өтті деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Науқас Нурметова Ульяна, 48 жаста, бауыр циррозы ауруымен ауырды. 2019 жылдан бастап гастроэнтерологтың бақылауында болды, оған Child-Turcotte-Pugh жіктемесі бойынша В класты вирус этиологиялы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Амбулаторлық және стационарлық ем қабылдап жүрген. Ауруы порталдық гипертензиямен, ісінумен, гиперспленизм синдромымен асқынып, науқастың жағдайын қиындата түсті. Ұзақ уақыт жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жағдайы нашарлап, оған бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі болды. ✔️Донор ретінде науқастың 19…

Read More

✔️Түркістан қаласында «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қалашыққа барып, мамандардың жобаға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Жобаға жауаптыларға шетелдің осы бағыттағы тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын алуды, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. ✔️Бүгінде Күлтөбе қалашығының металл конструкциялары, күмбез жабындары орнатылған. Жан-жағына инфрақұрылым тартылған. Аталған жұмыстар ЮНЕСКО талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуда. ✔️Алдағы уақытта Күлтөбе қалашығында қабылдау орталығы, музейі бар ғимараттар салу ұсынысы енгізілген. Ол ғимараттарда Қаңлы дәуірі, Орта ғасырлар, Қазақ хандығы дәуірінің археологиялық ескерткіштерімен қатар сол кезең туралы мәліметтер жұртшылыққа ұсынылмақ. Сонымен…

Read More

Ұлы Отан соғысының ардагерлері – бүгінгі бейбіт өміріміздің басты қаһармандары. Солардың бірі – Нина Егоровна Мосунова. Ол 1943 жылы Можайск маңындағы шайқаста пулеметші болып, жауынгерлік жолын «Зенит» бригадасының радистер бөлімінің командирі ретінде жалғастырды. Оның жанқиярлық ерлігі мен әскери қызметі ел тарихындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде есте сақталады. Осы күндері Шымкент қаласындағы 6698 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – капитан Сырым Сүндетов пен сержант Мейрамкүл Пазыл – ардагердің үйіне арнайы барып, оның хал-жағдайын сұрап, құрмет көрсетті. Бұл – ардагерлерге деген құрметтің, олардың ерлігін бағалаудың айқын көрінісі. Нина Егоровна 1924 жылы 9 наурызда Татарстанның Урустамак елді мекенінде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласқан ол…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дағдарыстың алдын алу үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алуымыздың қажеттігі жайындағы “Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікке қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру” бойынша берген тапсырмасы қалай орындалуда? Түркістан облысының Сайрам Ауданы Әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымында N243 қаулысына сәйкес Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Отбасын қолдау орталығы” мекемесі құрылды. Бүгін осы орталыққа келіп, басшысы Жақсыбек Өтегеновпен және ондағы қызмет жасап жүрген 25 мамандарымен көрісіп, орталықтың тыныс-тіршілігімен таныстым. Орталықтың ең басты мақсаты — өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсету екендігі баршаға аян. Қазіргі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты…

Read More