Шымкент қаласының Орталық саябағында полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің алғашқы бөлімі көпшілік назарына ұсынылды. Премьера ашық аспан астында, үлкен LED-экранда көрсетіліп, шараға 500-ден астам бала қатысты. Жоба өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге бағытталған. Мультфильм балаларға заңның, әділдіктің және қоғамдық тәртіптің маңызын қызықты әрі түсінікті түрде жеткізуді мақсат етеді. Анимациялық туындының басты кейіпкері – Барыс, Қазақстанның тәуелсіздігі мен күш-қуатын бейнелейтін кейіпкер. Ол балаларға адалдық, құрмет және ережелерді сақтау сынды қасиеттердің маңызын үйретеді. Премьера аясында балалар үшін…
Автор: aimaq_user
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты халықаралық стратегиялық серіктестер форумы өтті. Іс-шараға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, халықаралық рейтинг және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері қатысты. Форумға Quacquarelli Symonds компаниясы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Бейжің тіл және мәдениет университеті, Кардифф университеті, Вусонг университеті, МИФИ, Минерва университеті және басқа да беделді оқу орындарының басшылары қатысты. «Білім мен ғылым – әлемді өзгерте алатын ең басты күш» Өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымның адамзат дамуы үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. – Бұл форум – жаһандық білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер мен даму…
🔹Бүгін Шымкент қаласында этнос өкілдерінің балалары арасында қазақ тілін ілгерілетуге бағытталған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 🔹Бұл игі бастама жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруды, қазақ тілін жетік меңгерген дарынды балаларды анықтауды және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды мақсат етеді. 🔹Жоба аясында қатысушылар қазақ тілін меңгеру деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін бейнеролик және эссе форматында көрсетті. Биыл байқауға еліміздің жеті аймағынан жүзге жуық өтінім қабылданып, қатысушылардың еңбегін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. 🔹Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Иманалы Байдаулетов, қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, сондай-ақ Ассамблея жастары қатысты.…
Әдетте біз журналистік креслода отырып, қылмыс хроникасымен қатар басқа да ақпараттарды жариялаймыз. Осылай келе жатқаныма 27 жылға жуықтапты. Бірақ бұл жолы мен, «Пагонды журналист» ретінде, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының офицерлерімен бір күн өткізіп, олардың «ақ ажалға» қарсы күресінің ішкі асханасын көрдім. Ең алдымен полиция формасын киген сәттен-ақ бойымды жинап, жауапкершілікті меңгерумен қатар, бұл тек кәсіби борыш қана емес, адамгершілік қасиет пен азаматтық ұстанымды талап ететінін ұқтым. Полиция қызметкерінің сыртқы келбетіне сай, сөйлеу мәнерім мен өзімді ұстай білу- полиция беделінің айнасын көрсететінін бірден сезіндім. Себебі, полиция формасының құдіреті – бұл иыққа артылған үлкен жауапкершілік жүгі. Бұл тек…
31 қазан күні Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді! Аталған акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады. Акция 31 қазан күні сағат 17:00-де «Көрме» орталығында өтеді. Мемлекеттік органдар, үздік заңгерлер мен адвокаттар азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз. Мекен жайы: Н.Назарбаев даңғылы, №12 ғимарат. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Шымкент қаласының прокуратурасы, Әділет департаменті, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.…
Республика күні мерекесі аясында үшінші мегаполисте қала тұрғындары мен қонақтары үшін ауқымды мәдени, спорттық және рухани іс-шаралар ұйымдастырылды. Шымкент аспанын түрлі түстерге бояған «Батпырауықтар фестивалі» мерекенің басты сәніне айналды. Қала әкімдігі ұйымдастырған фестивальдің мақсаты — отбасылық демалыс мәдениетін дамыту, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру және ашық аспан астында белсенді демалысты насихаттау болды. Қаланың орталық саябақтарында өткен шарада түрлі пішіндегі және түстердегі батпырауықтар аспанмен тілдесіп, тұрғындарға ерекше әсер сыйлады. Балалар мен ата-аналар бірге батпырауық ұшырып, ұмытылмас сәттерге куә болды. Фестиваль аясында батпырауық ұшыру жарыстары, балаларға арналған шеберлік сабақтары, сабын көпіршіктер шоуы мен анимациялық қойылымдар ұйымдастырылды. Сондай-ақ диджейлер мен бишілердің қатысуымен өткен концерттік…
Республика күні мерекесі аясында Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі – асық ату бойынша еліміздегі ең ірі жарыс – екінші республикалық «Respublica Asyq Atu» турнирінің финалы жоғары деңгейде өтті. Биылғы турнирге республиканың барлық өңірінен келген 40 үздік спортшы қатысып, бақтарын сынады. Ұлттық ойынға арналған бұл дода спортшылар мен көрермендерді, сондай-ақ құрметті қонақтарды біріктіріп, нағыз ұлттық рухтың мерекесіне айналды. Финалдық ойындармен қатар, концерттік бағдарлама мен ұлттық спорт түрлерінен өткізілген шеберлік сабақтары мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтардың қызығушылығын тудырды. Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Асық ату федерациясының президенті Олжас Құспеков турнирдің ашылуында ұлттық спорттың маңыздылығына тоқталып өтті. «Бүгін асық ойыны арқылы…
25 қазан күні Шымкент қаласының «Астана» алаңы ерекше мерекелік рухқа бөленді. Республика күніне арналған ауқымды халықтық шара қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің, шаттық пен қуаныштың мерекесіне айналды. Таңертеңнен бастап алаңға келген тұрғындар мен қонақтарды мерекелік көңіл-күй қарсы алды. Көк туды қолына ұстаған жасөспірімдер, ұлттық киімдегі өнерпаздар, күмбірлеген күй мен әуелеген ән — бәрі де тәуелсіздік мерекесін атап өтудің белгісі болды. Алаңда театр ұжымдарының қойылымдары, ұлттық салт-дәстүрге негізделген көріністер, дәстүрлі әншілердің шеруі және отандық баспа үйлерінің ұйымдастырған кітап жәрмеңкелері өтті. Әрбір қойылым мен ән — елдің рухани байлығы мен мәдени көптүрлілігін паш етті. «Шымкент циркі» көрермендерге…
Шымкент қаласында 25 қазан — Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Қаладағы Шымсити шағын ауданында орналасқан Ту тұғыры алаңында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Бұл шара ел бірлігі мен тәуелсіздігін айшықтап, ерекше мерекелік рух сыйлады. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Сол сәтте көк байрақ қырандай қалықтап, биік тұғырда желбіреді. Бұл көрініс ел тәуелсіздігі мен бірлігінің, мемлекет мәртебесінің айқын символына айналды. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, жастар, еріктілер және қала тұрғындары қатысты. Жиын…
Бүгін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындары қатысты. Бұл айтулы мереке — ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұлықтап, халықтың жүрегінде отансүйгіштік рухты асқақтататын ерекше күн ретінде аталып өтті. Салтанатты жиында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ел дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік және салалық марапаттар табыстап, барша қала тұрғындарын Ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтады. Өз құттықтау сөзінде қала басшысы Республика күнінің тарихи маңыздылығына тоқталып, еліміздің өркендеу жолындағы еңбектің…
