Мемлекет басшысының сөзінше, дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара болып тұрғаны ащы да болса шындық.
«Қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту – кезек күттірмейтін мәселе. Бізге жаңа ұстаным керек. Қазіргі күрделі жағдайда инвестиция тарту – уақыт күттірмейтін мәселе. Елде инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және неге қажет екенін нақты білу қажет. Тікелей инвестиция бойынша барлық үйлестіру жұмысы Премьер-министрдің құзырында болады. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ назар аудартатын жайт – елімізде бірде-бір мекеменің атауында «инвестиция» деген сөз жоқ. Инвестиция жетім баладай өз жолын таба алмай жүр. Сондықтан Премьер-министр 10 күн ішінде нақты ұсыныс енгізуі тиіс », – деген еді Президент. Олжас Бектеновте өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа инвестициялық циклді іске қосу қажеттігін атап көрсеткенін баса айтты. Басты міндет – мемлекет тек бизнесті сүйемелдеп қана қоймай, жаңа жобаларды құруға және іске қосуға белсенді қатысатын үлгіге көшу арқылы белсенді инвестициялық саясатты жүзеге асыруды басымдыққа алғанымыз жөн деген еді. Түркістан облысында инфрақұрылымды дамыту мақсатында жұмыстар күшейтілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл қорытындысымен барлық елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарланған. Газдандыру, сапалы жарықпен және кәріз жүйесімен қамту бойынша да жұмыстар қатаң бақылауда. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандардың инфрақұрылыммен қамтылуының маңыздылығы орасан.
Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары сараланып, алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарға қатысты жауапты басқарма мен коммуналдық мекемелердің басшыларына және аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Сын-ескертпелер айтып, жұмысты күшейтуді тапсырды. Барлық жұмыстарды тұрақты қадағалауды, коммуналдық мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды. Түркістан облысында шетелдік инвесторлар тарту арқылы кәсіпорындар ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік кәсіпкер Сун Чунмин және «Turan Shenhua» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Рысбековпен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту, өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Бұған дейін Кентау қаласының арнайы экономикалық аймағында газ қазандықтарын шығаратын зауытты сәтті іске қосқан инвесторлар облыста мұздатқыш шығаратын зауыт ашуға қызығушылық танытып, нақты жобаларын ұсынды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, ұсыныстарға ашық екенін жеткізді.
–Біздің өңір – Орталық Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Облыста инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін ұсынатын индустриалды аймақтар мен шағын өнеркәсіптік парктер бар. Сондай-ақ терең өңдеу өндірісін ұйымдастыру үшін инвесторларды салықтардан, кедендік төлемдерден босататын «Turan» арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Біз өз тарапымыздан шетелдік компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп сенемін, – деді облыс басшысы.
Инвесторлар Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғысын білдіріп, кезекті жобаны қолға алуға дайын екенін жеткізді. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыруды, сондай-ақ мұздатқыштан бөлек, тұрмыстық техника түрлерін шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.
Компания мұздатқыш шығару жобасын жүзеге асыруға 5,5 млрд. теңге инвестиция салуға дайын. «TURAN Shenhua» компаниясы жұмыстарды 2026 жылы бастауды көздеп отыр. Өндіріс орны толық іске қосылғанда 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жоба қуаттылығы жылына – 250 мың дана. Зауытты Кентау қаласында салу жоспарлануда.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар өнеркәсіп және өндіріс салаларында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеуге уағдаласты.

