Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – мемлекеттік органдардың басты міндеті. Осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Әл-Фараби ауданы прокурорының төрағалығында уәкілетті органдардың қатысуымен маңызды мекемеаралық мәжіліс өткізілді. Мәжілістің негізгі мақсаты – кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасының жағдайы, олардың құқықтарының сақталуы және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уәкілетті органдармен атқарылған жұмыстардың тиімділігін кешенді түрде қарау болды. Жиын барысында барлық уәкілетті органдар аталған бағыттағы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп, жүзеге асырылған іс-шаралар, анықталған проблемалар және алдағы жоспарлар туралы баяндады. Бұл есептер аудандағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуалдың…
Автор: aimaq_user
«Заң мен тәртіп» қағидасын жастар арасында тереңдетіп, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен Жол-көлік колледжінде арнайы кездесу өтті. Бұл іс-шара жастарды заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыруға және қылмыстың алдын алуға шақырды. Кездесуге қаланың бірқатар құқық қорғау және мемлекеттік органдарының білікті мамандары қатысты. Олардың арасында: «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері Аружан Бақытқызы; Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөнінде жедел уәкілі Жақсыбай Жарылқасын; Әл-Фараби ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Асқар Тұрдымұратұлы Әлімбеков; Шымкент қаласы Полиция департаменті Тұран ауданы полиция басқармасының полиция капитаны Нұржігіт Ербосынұлы Молдыбаев болды. Іс-шара барысында…
Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі бизнесінің өңіраралық байланыстарын үзу және қала тұрғындарын синтетикалық улардан қорғау бағытындағы жедел шараларды үздіксіз жалғастыруда. Жүргізілген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде, қалаға есірткі жеткізудің ірі арнасының жолы кесіліп, қылмыскерлер заңды жауапкершілікке тартылды. Анығын айтқанда, 15 қазан күні жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкентке еліміздің басқа өңірлерінен есірткі жеткізумен айналысқан арнаның жойылғаны белгілі болды. Бұл қылмысқа қатысы бар деп танылған күдікті азаматша – Алматы облысының тұрғыны анықталып, ол жедел түрде ұсталды. Күдіктінің Алматы облысы және Алматы қаласында жалға алған үйінен және арнайы жасырылған орындарынан жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде, жалпы салмағы 200 грамға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Тергеу барысында…
Бүгінгі таңда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және азаматтарды радикалды идеялардан қорғауда діни экстремизмнің алдын алу маңызды орын алатыны шындық. Бұл жұмыс, әсіресе, діни идеологиялардың ықпалына бейім болуы мүмкін сотталғандар арасында жүргізілуі тиіс. Осы бағытта Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі (әрі қарай ҚАЖ) департаментінің №69 мекемесінде тәрбиелік мәні орасан маңызды бірлескен іс-шара өткізілді. Аталған, іс-шараға полиция департаментінің экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің білікті өкілдері, сондай-ақ ҚАЖ мекемесінің теологиялық бағыттағы қызметкерлері қатысты. Мұндай ведомствоаралық әріптестік — діни экстремизмге қарсы тұрудағы жұмыстың кешенділігі мен тереңдігін арттырады. Өткізілген шараның негізгі мақсаты айқын болуы үшін, сотталғандар арасында діни экстремизмнің алдын алу…
Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы ережелерін қадағалауда «Заң мен Тәртіп» деп аталатын жаңа цифрлық сервис айрықша тиімділігін көрсетуде. Бұл инновациялық құрал азаматтар мен полиция арасындағы байланысты жеделдетіп, құқық бұзушылықтарға лезде әрекет етуге мүмкіндік беруде. Қала тұрғындарының белсенділігі арқасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер осы сервис арқылы түскен арыз негізінде жауапкершілікке тартылуда. Жақында қала тұрғыны eGov Mobile қосымшасы арқылы көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай тудырғаны туралы полицияға хабарлап, жайттың бейнежазбасын жолдаған. Полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік шара қабылдады. Бұл факт – цифрлық сервис арқылы азаматтық белсенділіктің нақты…
🎬 Рүстем Омаров Джеки Чанның халықаралық жобасы — «Доспехи Бога: Ультиматум» фильміне қосылды. Атақты экшн-франшизаның жаңа бөлімінде Sәlem Entertainment жобасының жұлдызы актер әрі сценарист ретінде бой көрсетеді. «Бала кезімнің кумирі Джеки Чанмен бірге түсетініме өте қуаныштымын», — дейді Рүстем Омаров. Новая глава начинается! Рустем Омаров присоединяется к международному проекту Джеки Чана — «Доспехи Бога: Ультиматум». В новой части легендарной экшн-франшизы звезда проекта Sәlem Entertainment выступит в качестве актёра и сценариста. «Я счастлив: я буду сниматься с Джеки Чаном, кумиром детства», — комментирует Рустем Омаров.
Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Қысқы маусымның басталуы Шымкент қаласының полиция қызметкерлері үшін жол қауіпсіздігін күшейтуді басты міндет етіп қояды. Ауа райының күрт өзгеруі, көктайғақ пен көріну деңгейінің төмендеуі жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін айтарлықтай арттырады. Осыған орай, қала полициясы барлық көлік жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін қатаң ескертеді. Қысқы жағдайда жолда апатты жағдайларға тап болмаудың алғашқы және ең маңызды қадамы – көлік құралын мұқият тексеріп, оны қысқы маусымға толық дайындау — техникалық дайындықтың өмір кепілі екенін ескертеді. Алыс жолға шығар алдында әр жүргізуші мына талаптарды орындауы керек: Қысқы Шиналар (Дөңгелектер): Көлікте маусымға сәйкес қысқы шиналардың міндетті түрде орнатылғанына көз…
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында сарапшылар мен қоғам қайраткерлері ішкі саясат саласында жүргізіліп жатқан барлық жұмысты реттейтін бірыңғай тұжырымдамалық құжат әзірлеуді ұсынған еді. Президент бұл идеяны қолдап, оның мемлекеттік құрылымдар жұмысын жүйелендіруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын. Президент Әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, сөйлеген сөздерін, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын негізге ала отырып, «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» құжатын дайындады. Тұжырымдамалық құжатты әзірлеуге Ұлттық құрылтайдың мүшелері, сарапшылар, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсене атсалысты.…
Құрметті жүргізушілер, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, соның ішінде Шымкент қаласы маңында да, ауа райының құбылмалы болатынын және қысқы маусымның басталғанын ескере отырып, жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске саламыз. Көктайғақ, қар жауу және көрінудің нашарлауы – бұл апатты жағдайлардың туындауына әкелетін негізгі факторлар болып табылады. Сол себепті, полиция қызметкерлері алыс жолға шығар алдында көлік құралдарыңыздың техникалық жағдайын мұқият тексеруге шақырады. Бұл қарапайым әрі жауапты шаралар жолда күтпеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі және Сіздің өміріңіз бен жолаушыларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жүргізушілердің жауапкершілігі тек ережелерді сақтаумен шектелмейді, сонымен қатар көліктің техникалық дайындығына да байланысты, яғни көлікті қысқа дайындаудың негізгі…
2025 жылы Қазақстан экономикасы сенімді өсім көрсетуде — ЖІӨ 6,3%-ға артты. Бірақ экономикалық көрсеткіштер ең алдымен адамдардың күнделікті өміріне қалай әсер ететінімен маңызды. Соңғы жылдары еліміз айтарлықтай жанданды. Ішкі туризм 40%-ға өсіп, 10,5 миллион адамға жетті. Шетелге шыққан қазақстандықтардың саны үш есеге артты. Авиа және такси тасымалы да көбейді: таксимен жүрген жолаушылар саны 2018 жылғы 54,3 миллионнан 2024 жылы 73,3 миллионға дейін өскен – бұл 35% өсім. Азаматтардың әл-ауқатының артуы тұрғын үй нарығында да байқалады: 2020–2024 жылдары 1,1 миллионнан астам адам өз баспанасына ие болды. Бұл – табыстың өсуі мен еркіндіктің көрсеткіші. Қазақстандықтардың өмір сапасы да жақсарып келеді: тамақтану мәдениеті…
