Автор: aimaq_user

Созақ ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыру және тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясындағы міндеттерді орындауға бағытталған. Бүгін аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков аудан орталығындағы тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын жіті бақылауға алды. Жеке Инвестиция Есебінен 92 Пәтер Салынуда Аудан басшысы ең алдымен Жеткіншек мөлтек ауданында жеке инвесторлардың қаржысы есебінен салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Бұл аумақ тұрғындарға қолжетімді баспана ұсыну бағытындағы ауқымды жұмыстардың орталығына айналған. Аяқталған Нысандар: Бүгінгі таңда екі қабатты 3 тұрғын үйдің (жалпы 24 пәтер) құрылысы толық аяқталып,…

Read More

2025 жылғы 12–13 қарашада Шымкент қаласында «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығу аясында азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған бірқатар практикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған. 12 қараша күні сағат 11:00-де қала аумағында халықты құлақтандыру жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында дабыл іске қосылады. Құрметті қала тұрғындары! Сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз. Городские командно-штабные учения «Қыс-2025» С 12–13 ноября 2025 года в городе Шымкент пройдут городские командно-штабные учения «Қыс-2025». В рамках учений планируется проведение ряда практических мероприятий, направленных на отработку взаимодействия служб гражданской защиты. 12 ноября в 11:00 часов на территории города будет произведён запуск системы оповещения населения с целью её проверки.…

Read More

Казахстан и Россия на протяжении десятилетий демонстрируют образцовое союзничество и стратегическое партнёрство, основанное на взаимном уважении, доверии и равноправии. Об этом заявил Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в своей статье для Российской газеты, подчеркнув, что вечная дружба между двумя народами — это не просто историческая традиция, а осознанный выбор, определяющий устойчивость и динамику современного взаимодействия. Президент отметил, что с момента обретения независимости Казахстан придавал особое значение отношениям с Россией, закрепив это направление в концепциях внешней политики. Ещё в 1992 году был подписан Договор о вечной дружбе, сотрудничестве и взаимной помощи, ставший прочным фундаментом двусторонних отношений. По словам Касым-Жомарта Токаева, несмотря…

Read More

Мегаполистегі «Көл» қоғамдық орнының аумағында заманауи музыкалы-лазерлі субұрқақ салтанатты түрде ашылды. Қарқынды дамудың символындай болған жаңа нысан қаланың көркін одан әрі аша түсті. Бұл – Шымкенттегі лазерлік, жарық және отты шоуды біріктірген алғашқы кешенді құрылым. Субұрқақтағы жарық, әуен мен отты көріністі үйлестіретін заманауи жүйе кешкі және түнгі мезгілде әсерлі көрінеді. Инновациялық технологиялар орнатылған субұрқақ қалыпты ырғақтағы музыкалық композицияларды да, лазер сәулелі жарқын динамалық шоуларды да орындай алады. Техникалық элементтің барлығы тапсырыспен шетелде әзірленген. Монтаждау барысында энерготиімді шешімдер мен заманауи автоматты басқару жүйелері қолданылды, нәтижесі субұрқақтың жұмысын оңтайландырып, күтіп-ұстау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Субұрқақтар маусымы ресми түрде аяқталғанымен, қала тұрғындары мен…

Read More

Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Жанға жайлы жерұйық – біздің Отан» атты фестиваль өтті. Іс-шараны қалалық Армян және Славян этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды. Бұл мәдени шараның мақсаты – елімізде өмір сүріп жатқан этностардың мәдениеті мен өнерін дәріптеу, олардың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ қоғамдағы толеранттылық пен өзара сыйластықты арттыру болды. Фестивальге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Айгүл Әмзеева және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер, шығармашылық ұжымдар мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, көрермендерге көтеріңкі рух пен бірлік сезімін сыйлады. Бағдарлама барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік…

Read More

Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – жастар арасындағы интернет-алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу. Осыған орай, Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Ювеналды полиция бөлімшесінің білім беру ұйымына бекітілген учаскелік полиция инспекторы (АПБ ҚКБ ЮПБ УПИ) полиция капитаны Ж.Т. Қуатбеков бастамашылық танытып, мектеп ұжымымен, оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп, ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда. Акцияның негізгі мақсаты – балаларды қылмыстың екі түрінен: киберқауіптерден және есірткіге тәуелділіктен қорғау, сондай-ақ, олардың бойына экологиялық және құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Полиция капитаны Ж.Т. Қуатбеков өз баяндамасында тек құқықтық мәселелерді ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік мәселелерін де қозғады. Ол мектеп ұжымымен, оқушылармен…

Read More

Әйел затының нәзіктігі мен аналық мейірімі темірдей тәртіп пен қатаң кәсібилікті талап ететін құқық қорғау саласымен ұштасқанда, ерекше тұлға қалыптасады. Шымкент қаласы полиция департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Айнұр Бағдатқызы – осындай сегіз қырлы, бір сырлы нәзік жандылардың қатарынан. Оның өмір жолы мен қызметке деген адалдығы – кейінгі жастарға үлгі десекте болады. Айнұр Бағдатқызы ішкі істер саласында 25 жылға жуық уақыт бойы адал еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Ол алғашқы еңбек жолын Әкімшілік полиция басқармасынан бастап, кейіннен көп жылдар бойы Шымкент қаласы полиция департаментінің Штаб басқармасында маңызды қызметтер атқарған. Бүгінгі таңда ол департаменттің құжаттамалық қамтамасыз ету…

Read More

Қазақстан полициясының қатарында өз ісіне адалдығымен және кәсіби біліктілігімен көзге түсіп жүрген нәзік жанды қызметкерлер аз емес. Солардың бірі – Шымкент қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция капитаны Жаңыл Қаныбекқызы Спанова. Оның таңдаған мамандығындағы адал еңбегі, әсіресе қоғамның ең нәзік мәселесі – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі белсенділігі айрықша құрметке лайық. Жаңыл Қаныбекқызы ішкі істер органдарындағы қызметін 2019 жылдың шілде айынан бастаған. Осы қысқа мерзім ішінде ол өзін жауапкершілігі жоғары, іскерлік қабілеті жоғары және талапшыл басшы ретінде көрсете білді. Оның басшылық ететін бөлімі қоғамдағы ең ауыр әрі жасырын мәселелердің бірімен күресуде маңызды рөл атқарады.…

Read More

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» тұжырымдамасы аясында Шымкент қаласында электрондық тұтыну жүйелерінің («вейптердің») заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында кең ауқымды профилактикалық акция өз жұмысын бастады. Бұл маңызды шара Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, азаматтарға заңды сақтауға мүмкіндік беруге бағытталған.                                    Акцияның алғашқы күнінен бастап қаланың бес ауданында арнайы вейптерді қабылдау пункттері ашылды. Бұл бастамаға прокуратура ғана емес, сонымен қатар полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жастар ұйымдары мен еріктілер де белсене қатысуда. Акцияның басты мақсаттары: Заңсыз айналымға жол бермеу: Электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің) заңсыз…

Read More

Қазақстандағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтудың негізі – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Шымкент қаласы полиция департаменті осы мақсатта бастамашылық танытып, мектеп оқушыларына арналған арнайы анимациялық туындыны Тұран ауданы аумағындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушыларына ұсынды.                                                                      Әрине, бұл жобаның негізгі мақсаты айқын: Оқушылардың құқықтық мәдениетін ойын түрінде қалыптастыру. Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағыттау. Анимациялық фильмдер балалардың санасына ақпаратты…

Read More