Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында инвестиция тартуды күшейту қажет екенін айтып, арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. «Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.
Шикізат саласына құйылып жатқан қаржы қомақты екенін атап өткен мемлекет басшысы қазір үкіметтің басты мақсаты басқа – өңдеу салаларына қаржы тарту екенін атап өтті.
«Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзбен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттік инвестиция мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар аудару қажет. Ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және қанша көлемде қажет екенін нақты білу қажет», – деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция саласын үйлестіре жұмысын тікелей премьер-министр – Олжас Бектеновке жүктеді.
Осы ретте, Түркістан қаласының Арнайы экономикалық аймағында (АЭА) ірі инвестициялық жоба – «ER-QAN GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс орны ресми түрде іске қосылды. Бұл бастама өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұтас экономикалық өсімге айтарлықтай әсер ететін стратегиялық маңызды қадам болып отыр.
Жалпы инвестициялық құны 4 миллиард теңгені құрайтын бұл кәсіпорын заманауи технологиялармен жабдықталып, нарықта сұранысы жоғары өнімдер шығаруға бағытталған. Сондай-ақ, аталған жоба аясында 30-дан астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
Жаңа өндіріс орнының маңыздылығы оның шығаратын өнімдерінің өзектілігімен және экологиялық талаптарға сай болуымен анықталады, дәлірегінде олиэтилен пакеттері. Нарықтың күнделікті сұранысын қамтамасыз ететін, сапалы және заманауи стандарттарға сай өнімдер. Пластик ыдыстар, азық-түлік және басқа салаларда қолданылатын, экологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін ыдыстар.
Бұл – қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қосылған нақты үлес. Қазір полиэтилен пакеттері мен бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстарға деген сұраныс жоғары. Сондықтан бұл зауыт ішкі нарықты сапалы отандық өніммен толықтырып қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға да жол ашады. Мұндай жобалар біздің қаланың экономикалық жағдайын жақсарта түседі. Қазіргі таңда Түркістан қаласында – жаңа өндіріс орындары ашылып, кәсіпкерлік қарқынды дамып келе жатқан өңір. Әрбір жаңа жоба – экономикалық өсімге үлес қосатын маңызды бастама. Ендеше бұл өндіріс Түркістан қаласының ішкі нарығын қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға үлкен үлес қоспақ.
Түркістан қаласында Арнайы экономикалық аймақтың (АЭА) құрылуы – бұл өңірге жаңа инвестиция тартудың, жеңілдіктер ұсыну арқылы жаңа кәсіпорындар ашудың және өнеркәсіпті дамытудың нақты және тиімді құралына айналғаны сөзсіз. «ER-QAN GROUP» жобасы осы АЭА-ның мүмкіндіктерін тиімді пайдаланудың және оның мақсаттарының орындалуының айқын дәлелі.
Мұндай ауқымды өндіріс орындарының іске қосылуы Түркістанның экономикалық дамуына серпін беріп қана қоймай, қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайына да оң әсер етпек. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы жұмыссыздықты азайтып, жергілікті халықтың табыс деңгейін арттыруға тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл Түркістан қаласының индустриалды-инновациялық даму жолындағы маңызды қадам. Өңір басшылығы бұл кәсіпорынның облыс экономикасының әртараптандырылуына және тұрақты дамуына өзіндік үлесін қосатынына нық сенім білдіреді.
Осы орайда, қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы кешеннің жұмысын сәтті бастауымен инвесторларды, жобаны жүзеге асырған құрылысшыларды және қала тұрғындарын құттықтап, «ER-QAN GROUP» ұжымына еңбек нарығында табыс тілеп, шынайы құттықтауын жеткізді.

