Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қанат Ракишев мәлімдеді деп, хабарлаған Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Түркістан облысында қыс мезгіліндегі түрлі апаттардың алдын алу бойынша көлік қозғалысын тоқтату үшін уақытша бекеттер қойылды. Оның ішінде, республикалық маңызы бар жолдарға 5 бекет қойылып, 28 қызметкер мен 8 қызметтік автокөлік жұмылдырылды. Ал, облыстық маңызы бар жолдарға 2 бекет қойылып, 8 қызметкер мен 4 қызметтік автокөлік тартылды. 21 қаңтардан бері Түркістан облысы полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері республикалық манызы бар «Шымкент–Тараз» автожолында тәулік бойы қызмет атқаруда. Бұдан бөлек, қазіргі таңда облыстан Тараз қаласы бағытындағы жолдар да толық жабық.…
Автор: aimaq_user
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір ардагерлерімен жүздесіп, маңызды мәселелер бойынша ашық сұхбаттасты. Аймақты дамыту бағытында зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері мен кеңестерін тыңдады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесуді Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов ашып, жүргізіп отырды. Ашық диалог алаңында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, «Түркістан облысының Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, қоғам қайраткері, белгілі кәсіпкер Серікжан Сейітжанов, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, әдебиет зерттеушісі, профессор Құлбек Ергөбек, республикалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Икрам Хашимжанов сөз алып, ел тұтастығын…
✅Бекітілген кестеге сай, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов азаматтарды жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады деп, хабарлаған Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. ✅Жеке қабылдауға Көксәйек, Кемеқалған, Киелітас ауылдық округтері, Ленгір және Шымкент қалаларының азаматтары келді. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, екі ауыл арасын жалғайтын жаяу жүргіншілерге арналған жол, ойын алаңшасын орнату, көшеге асфальт төсеу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, кітапхана құрылысын жүргізу, түнгі жарық шамдарын қою, жер, электр жарығына қатысты өтініштер де қаралды. Жұмыс сұраған азаматтарға жұмыс ұсынылып, өзіне тиесілі жердің нысаналы мақсатын өзгертуді сұранып, инвестициялық жобаларын таныстырды. 📌Тұрғындардың өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған аудан…
🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер қаралды деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары А. Бейсенбаев құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған құқықбұзушылықтың алдын алу үшін жәбірленуші қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 5189 тұлғаға қатысты «қорғау нұсқамасы» шығарылған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында құқықбұзушылық жасауы мүмкін 39 құқықбұзушыға қатысты қосымша шектеу шарлары қолданылып, 20 тұлға әкімшілік қамауға алынған, 19-ы уақытша ұстау изоляторына қамалған. 🔷 Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті басшының міндетін атқарушы А.Ахметов эпидемиологиялық жағдай және метапневмовирустың таралуының…
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Кеңестөбе елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асып жатқан З.Қапалбаев, Қостөбе, Т.Бекжігітұлы, М.Серперов, Қарсыбайбатыр көшелеріндегі аяқ жол, түңгі көше жарықтары, суағар жүйесінің жұмыстарын тексерді деп, хабарлаған Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Аталған нысандардың сапасы мен мерзімінде пайдалануға берілуін бақылап, мердігерлерге уақытылы әрі сапалы жұмыс атқаруды тапсырды. Көктерек ауылдық окургі Кеңестөбе елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 9 көшенің 4-уі 2024 жылы толық аяқталып, қалған 5 көшеге ағымдағы жылы аяқ жол, түңгі көше жарықтары, суағар жүйесінің жұмыстары басталды. Сондай-ақ Ерлан Нұрмаханов құрылыс жұмыстары аяқталған балалар ойын алаңшасын көріп, оның сапасы мен қауіпсіздігін…
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі талқыланған жиын өтті деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне өз міндеттерін сапалы атқаруды тапсырды. 📌– Жергілікті әкімдерге тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін сапалы, созбалаңға салмай, уақтылы шешуді тапсырамын. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштерін заң шеңберінде орындап, міндеттеріңізді сапалы атқарыңыздар. Тұрғындарды негізінен тұрғын үй, жер, инфрақұрылымдық мәселелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік мәселелер мазалайды. Осыларды назарда ұстаңыздар, – деді Нұралхан Көшеров. ✔️Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндама жасады. Сонымен бірге өңірдегі өзекті мәселелер талқыланып, аудан, қала әкімдері…
Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайдың отырысындағы тапсырмасы бойынша 2024 жылы 1 700 шақырымнан астам газ құбыры салынып, 300 мыңнан астам азамат көгілдір отынға қол жеткізді деп, хабарлаған ortcom.kz сайтында. Елді мекендерді газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, экологияның ластануын төмендетеді, баламалы отын сатып алуға кететін қаражатты үнемдейді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырады, деп хабарлайды Энергетика министрлігі. 2025 жылы мемлекет 7 елді мекенді газдандыруға арналған 45 жобаны іске асыру үшін 65,9 млрд теңге бөлді. Аталған жобаларды іске асыру елді газдандыру деңгейін 62%-ға дейін арттырады немесе 12,4 млн-нан астам адам газға қол жеткізеді. «Финская-120» автоматтандырылған газ…
✔️Түркістан облысында 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Алдын ала есеп бойынша ЖӨӨ көлемі 4,9 трлн теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 111%-ды құрады (РК 106,2%). Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 6%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 12 айдың қорытындысымен көлік және қоймалау және ауыл шаруашылығынан басқа көрсеткіштерге толық қол жеткізілді. ✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде экономикалық өсімді молайту жолдары қаралып, тиісті тапсырмалар берілді. 📌– Аудан, қала әкімдері және басқарма басшыларына 2025 жылға белгіленген көрсеткіштердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Негізгі индикаторлардың орындалуы тоқсан сайын…
18 қаңтарда ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде жас толықтырым әскери ант қабылдады деп, хабарлаған ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. Әскери бөлімнің қатарына еліміздің барлық өңірлерінен қызмет атқаруға келген 400-ге жуық жас сарбаз қосылды. Бұл маңызды іс-шара көптеген қонақтарды, соның ішінде сарбаздардың туған-туыстары мен жақындарын жинады. Осы салтанатты іс-шарамен жас ұландықтарды 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов құттықтады. — «Бүгін біздің әскери бөлімде салтанатты күн. Әрбір жауынгер үшін әскери ант — бұл өмірдің бұзылмайтын Заңы, одан ешқандай шегініс болмайды. Ант қабылдай отырып, әскери қызметші Қазақстан халқына және оның заңды түрде сайланған Президентіне адал болуға,…
