Кентау қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында өткен «Психикалық саулық – баланың толыққанды дамуының негізі, гейткипер сақшылар» тақырыбындағы қалалық семинар – бұл мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытудағы реформалардың терең әрі гуманистік сипатын көрсетеді. Кентау қаласы білім бөлімінің 2025-2026 оқу жылына арналған психологиялық қызмет бойынша жылдық жоспарына сәйкес өткізілген семинар, жүйелілік пен стратегиялық бағыттың сақталуын айқындайды.
Семинардың мақсаты – Білім беру ұйымдарындағы балалардың психикалық денсаулығын нығайтудың тиімді жолдары мен әдістерін талқылау – оқу бағдарламаларын жетілдірудің тек академиялық жетістіктерге ғана емес, баланың эмоционалдық және әлеуметтік дамуына да басымдық беретін жаңа парадигмасын бекітеді және педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттырады.
Жалпы, «Гейткипер Сақшылар» – бұл психикалық дағдарыс жағдайындағы балаларды ерте анықтауға және оларға алғашқы көмек көрсетуге қабілетті педагог-психологтардың кәсіби рөлін айқындайды. Бұл – педагог кәсібінің беделін арттырудың әлеуметтік жауапкершілікке негізделген заманауи әдісі.
Семинарға Кентау қаласының білім бөлімінің әдіскері З.Нұрдәулетқызы және қала мектептерінің педагог-психологтарының қатысуы – әдістемелік қолдаудың маңыздылығын және білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін үнемі жаңғыртуға деген міндеттемесін көрсетеді.
Тәжірибенің Интеграциясы: Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясының психологтары Г.Ж. Есембекова мен Қ.Ж. Есенбаеваның баяндамасы, Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының психологтары С.Сейтбекова мен С.Балтабаева сергіту сәтін жүргізді. Ал, психологтарға Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектебінің психологы А.А.Дүйсенбиеваның видеоролиг көрсетіп, кейс сұрақтарын талқылады. Семинар соңын Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің психологы І.Е Молдатілестің сабырлық тренингін жүргізді. Сабырлық тренингі – әртүрлі мектептердің педагог-психологтарының ең үздік тәжірибелерін жинақтап, таратудың тиімді платформасын құрайды. Сонымен қатар, кейс сұрақтарын талқылау және видеороликтер қолдану – азаматтардың жасампаздық және прогрестілікті қолдауды педагогикалық құралдар арқылы іске асырудың инновациялық тәсілі. Ендеше, бұл – психологтардың күрделі әлеуметтік және психологиялық мәселелерді шешудегі құзыреттілігін арттырады.
Семинар соңында өткізілген сабырлық тренингі – педагогтардың өздерінің эмоционалдық саулығын басқарудың және стресске төзімділікті күшейтудің маңыздылығын көрсетеді. Өйткені, педагогтың психикалық саулығы – оқушының психикалық саулығының кепілі.
Қорытындылай келгенде, Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназияда өткен психологиялық семинар – Кентау қаласының білім беру жүйесінің баланың толыққанды дамуына және психикалық саулығына басымдық беретін жауапкершілігін көрсетеді. Педагог-психологтардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету және «гейткипер» ретіндегі қызметін күшейту – өскелең ұрпақ арасында педагог кәсібін танымал етудің гуманистік негізі. Бұл шара Кентаудың білімге ұмтылу мәдениетін және әлеуметтік жауапты білім беруді ілгерілетудегі стратегиялық бағытын бекітеді.

