Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.
Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.
Қазақстанның әсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды.
Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.
Ә. Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде ағымдағы жылы «Желтоқсан жаңғырығы» тақырыбында өткен іс-шараға желтоқсан куәгерлері шақырылды. Желтоқсан куәгерлерінің қатысуы, бұл Мемлекет басшысының тарихи сананы жаңғыртуға, патриоттық тәрбиеге және Қазақстанның егемендігін қастерлеуге бағытталған саяси бастамаларының білім беру саласы мамандарының өскелең ұрпаққа насихаттауы. Тәуелсіздіктің 34 жылдығына орай өткізілген бұл жиын – Кентау қаласындағы білім беру саласының ұлттық құндылықтарды айқындауға деген міндеттемесін білдіреді.
Іс-шара барысында Тәуелсіздік – Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі туралы оқушыларға түсіндіріліліп қазақ тілінің реформаларын және тіл саясатын дамытуды тәрбие процесінің мазмұны арқылы қолдауды жеткізді.
Шарада бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімінің ұйымдастырылды.
Үздік оқушылар көптің алдында антын беріп, «Жасұландар» әнін шырқалды және ту түстес галстук пен төс белгілерін тағылып – мемлекеттік идеологияның жасөспірімдердің өзін-өзі тану және әлеуметтену процесіне интеграциялануының символдық көрінісі айқындады.
«Жас Ұлан» ұйымына мүше болу – жас азаматтардың жасампаздық және прогрестілікті қолдауға және өз елінің дамуына саналы түрде атсалысуға деген ұмтылысын қалыптастырады. Мектеп директоры Г.Д.Қадырова«Жас Ұлан» ұйымына мүше болған оқушыларды қатарға қабылданғанымен және Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Іс-шараға қаламыздың қазақ тілі қоғамының жанынан ашылған «Желтоқсан-86» ұйымының жетекшісі Рысты Асымбекова мен мүшелері Г.Амалова, С.Сагимбаеваның қатысып, тарихи сабақтастықты қамтамасыз етудегі және педагог кәсібінің беделін тек оқу арқылы ғана емес, азаматтық тәрбие арқылы да арттырудағы маңызды әдістемелік қадам екенін және Тәуелсіздік – Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі туралы оқушыларға ақпарат берді.
Іс-шара тақырыбына сай, бейнероликтер көрсетіліп, еліміздің тәуелсіздігі, жеткен жетістіктері айтылып, көркем сөздер оқылып, патриоттық әндер шырқалды.
Ә. Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейінде өткен «Желтоқсан жаңғырығы» іс-шарасы – Кентау қаласының білім беру жүйесінің мемлекеттік саясаттың рухани-патриоттық аспектісін жүйелі түрде іске асыруға деген міндеттемесін білдіреді. Тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау, тарихты есте сақтау және жас ұрпақтың бойына азаматтық рухты сіңіру – Кентаудың болашақ ұрпаққа сапалы білім және саналы тәрбие берудегі стратегиялық бағыты болып табылады.

