Айта кетейік, ағымдағы жылдың басында «Ауыл Аманаты» жобасын мерзімді жүзеге асыру мақсатында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың басшылығымен қажетті шараларды қабылдау үшін жұмысшы топ құрылған. Аталған бағдарлама аясында құрылған топ тарапынан «Ауыл Аманаты» жобасына енген ауыл тұрғындарына бағдарлама басталғаннан бүгінгі күнге дейін бірнеше кездесулер өткізіліп, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарлама негізінен ауыл шарушылығын өркендетуге басымдық береді. Несие алу үшін ауыл тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Ауыл әкімдіктері тұрғындар несие алғанша толық сүйемелдеу жүргізеді. Несие алушылар – ауылдық елдімекен тұрғындары және зейнет жасынан аспауы тиіс.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені ауылдың деңгейі тұрғындардың табысына тікелей байланысты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы кооперациясын, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру жолымен ауыл халқы табысының деңгейін арттыру жоба аясында кеңінен қарастырылады. Агроөнеркәсіп пен өндіріс орындарын жандандыру ауыл экономикасын жақсартуға үлес қосады. Сонымен қатар фермерлікті дамыту туралы да айта кеткен жөн. Ауыл шаруашылығы техникаларының жеткілікті деңгейде болуы — ауыл тұрғындарының табысын арттыруға себепкер. Әлеуметтің әлеуеті арта бастаған киелі мекен, үш жүздің басы қосылған Ордабасы ауданы тұрғындарының бүгінгі тыныс-тіршілігі көз сүйсіндіреді. Мұнда өз ісін жетік білетін кәсіп адамдары тұрады. Ордабасы ауданы негізінен аграрлы өіәр болғандықтан мұнда егін және мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді және тиімді болуы керектігін жиі айтуда.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында: «Кәсіпкерлер – еліміздің цифрлық дамуының қозғаушы күші болуы тиіс» деп атап өтті. Осы салаға қатысты нақты тапсырмалар әкімдіктерге берілуде. Сонымен бірге облыс көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған нақты әрі нәтижелі іс-шаралардың қабылданып жатқан жайы бар. Жергілікті тұрғындардың табысты әрі ауқатты болуына жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Аудан байыса – облыс байиды, облыс байыса – халықтың әл-ауқаты артады. Демек, жұмысты үйлестіріп, жанашырлықпен, елге деген адал ниетпен атқаратын және нақты нәтижеге жетелейтін көрсеткіштер қажеттігі жайында тапсырмалар толастар емес. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауларын тиімді жеткізу мақсатында, Ордабасы ауданының әкімі Азат Әбдіғалиұлы игілікті істердің тыңғылықты атқарылуына мұрындық болуда. Өйткені, «Ауыл аманаты» жобасына қызығушылық танытқан қала тұрғындарының саны күн санап артып келеді.
Жақында Мемлекет басшысының Жолдауында: «Кәсіпкерлік – ел экономикасының қозғаушы күші. Мемлекет бизнестің дамуы үшін бар жағдайды жасауға тиіс» деп атап өтті. Сондықтан біз де аудан деңгейінде осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруымыз қажет, – деді аудан басшысы Азат Оралбаев.
Ауданда кәсіпкерлерге қолдау білдіру аясында «Alem Euro PIR» ЖШС – сэндвич-панель және PIR (полиизоцианурат көбік) өндірісін іске қосу жобасы (4,5 млрд теңге); «Grand Pro» ЖШС – жиһаз өндірісін құру жобасы (1,8 млрд теңге); «PETRANA OIL GROUP» ЖШС – жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенін дамыту жобасы (1 млрд теңге) алдағы уақыттың еншісінде жүзеге асырылмақ. Аудан экономикасының дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерді қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер жасалынуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бүгінде Түркістан облысында аталған жоба бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие 7 жылға дейін беріледі.
Пилоттық жобаны жүзеге асыруға басымдық берген «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – біріншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, табысын молайту. Екіншіден, ауылдан жастар ірі мегаполистерге көшіп кетіп жатыр. Соларға жағдай жасап, ауылдарды аман сақтап қалу және көші-қонды реттеу көзделген. Үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және отандық өнім үлесін көбейту. Ауылдағы тұрғындар өнімдерді өзі өндіру арқылы табысын молайтып қана қоймай, елімізді отандық өніммен қамтуға үлес қосады.
Сонымен, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласына Ордабасы ауданы жан-жақты қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Аталған бағытта Шұбар ауылы, Тоқсансай ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Алпейс Арысбек Пернеханұлы 2023 жылы «Ниет» атты жобасын іске қосып, ауылдық жердегі шағын кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосуда.
Шын мәнінде жиһаз әрбір үйге көрік беретін, онсыз үйдің сәні кірмейтін қажетті бұйым. Бүгінде ешбір үйді жиһазсыз елестету мүмкін емес. Сол себептен болар жиһаз өндіру бизнесі кеңінен дамып келеді. Қолынан іс келетін кәсіпкерлер бұл саланың ілгерілеп алға басуы халық үшін де тиімді екенін айтады. Себебі мұндай цехтар бір адамның жұмысын емес, бірнеше адамның жұмысын қажет етеді. Яғни, біршама жанды жұмыспен қамтуға үлкен мүмкіндік береді.
Ел экономикасына үлкен серпін беретін саланың бірі – жиһаз өндірісі болса, біздің әңгімемізге арқау болып отырған Алпейс Арысбек Пернеханұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 6,8 млн теңге көлемінде несие алып, сондай-ақ 1,2 млн теңге жеке қаражат есебінен 0,5 гектар аумақта тұрмыстық қажеттіліктерге арналған ағаш бұйымдары мен өзге де өнімдерді өндіру ісін қолға алған. Өндіріс барысында ағаш өңдеудің арнайы технологиялары қолданылып, өнім сапасының талапқа сай болуына ерекше назар аударған. Шаруашылықтың жалпы шығыны 8 млн теңгені құраса, қазіргі уақытқа дейін кәсіпкерлік қызметтен 12 млн теңге көлемінде таза пайда алынған.
Халқымызда, «шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген жақсы сөз бар ғой. Сондықтан, адам баласы қандайда бір іспен айналысуды шешкен болса, алдымен сол істі өзі жасап білуі өте маңызды. Өйткені, білімің мен хабарың жоқ салада жетістікке жету қиын кейде, тіпті мүмкін емес. Жалпылама, айтқанда адамды табысқа жеткізетін жақсы қасиеттер көп қой. Ендеше, жұмыс істеп, кәсіп бастаймын деген адамға барлық жағдай жасалған. Мүмкіншілік көп. Жыл сайын түрлі бағдарламалар іске қосылып жатыр. Тек, тәуекел етіп білу және ерінбеу керек шығар.
Ал, Тоқсансайлық жиһазшы Алпейс Арысбектің бастамасы елді мекендегі шағын кәсіптің нақты көрсеткіші деуге әбден болады.
«Ауыл аманаты» жобасының аясында – біріншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, табысын молайту. Екіншіден, ауылдан жастар ірі мегаполистерге көшіп кетіп жатыр. Соларға жағдай жасап, ауылдарды аман сақтап қалу және көші-қонды реттеу көзделген. Үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және отандық өнім үлесін көбейту. Ауылдағы тұрғындар өнімдерді өзі өндіру арқылы табысын молайтып қана қоймай, елімізді отандық өніммен қамтуға үлес қосады.
Бағдарламаның басты бағыты — микрокредит беру арқылы ауыл халқының табысын арттыру, ауылдық өндірістік кооперативтерге біріктіру мүмкіндігі. Табысы төмен халықтың санын азайту, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың, жұмыссыз отбасылар санын азайту.
Тарқата айтқанда, Ордабасы ауданында атқарылып жатқан кешенді шаралар «Еңбек нарығын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының» нәтижелі іске асып жатқанын көрсетеді. Жаңа өнеркәсіп орындарының ашылуы, жастарды қолдау, әлеуметтік топтарға мүмкіндік беру, кәсіпкерлікке серпін беру — қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Еңбек нарығындағы оң өзгерістер алдағы уақытта да жалғасын табары анық.

