Республика күні мерекесіне орай Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы мен Жоғары медициналық колледж бірігіп “Күзгі кросс” атты спорттық сайыс ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен отансүйгіштік рухты арттыру болды. Орталық саябақта өткен бұл марафон нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Таңғы салқын ауа мен күздің ерекше көрінісі қатысушылардың жігерін жанитындай әсер қалдырды. 100 метрге жүгіру жарысына 12 жас қатысып, шапшаңдық пен төзімділіктің үлгісін көрсетті. Ал эстафеталық марафонға 4 адамнан құралған 12 команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар бір-бірін қолдап, жеңіске жету жолында бар күштерін салды. Бұл спорттық шара тек бәсекелестік емес, достық пен ынтымақтың, жастардың белсенділігін…
Автор: aimaq_user
Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты. 24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысуда. Астанада акцияға MEGA Silk Way, «Хан Шатыр», «Abu Dhabi Plaza», «Сарыарқа», «Koktal» сауда орталықтары, «Сауран» сауда үйі және Magnum, Small, АНВАР супермаркеттері қатысуда. Алматыда жеңілдіктерді «Forum», «Mega Alma-Ata», «Mega…
25 қазан – Республика күні еліміздің тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл – Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы қаланған, егемен ел ретінде жаңа дәуірге қадам басқан айрықша дата. Ел тәуелсіздігін ұлықтайтын бұл мереке биыл да Шымкент қаласында кең көлемде аталып өтілуде. Атап айтқанда, мереке қарсаңында Шымкент қаласы Еңбекші ауданында салтанатты мерекелік концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара аудан әкімдігімен ұйымдастырылп, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, көрермендерге облыстық филармонияның танымал әртістері мен би топтары ұлттық және заманауи өнерді тоғыстырған әсерлі қойылымдар тарту етті. Концерт бағдарламасы тәуелсіздік рухын асқақтатып, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Салтанатты кеш барысында Еңбекші…
2025 жылғы 21 қазанда Тбилисиде өткен V «Жібек жолы» форумында Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы маңызды уағдаластықтар туралы мәлімдеме жасады. Ол Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің өз елінің аумағы арқылы Армения бағытындағы транзитке қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешімін жоғары бағалады. «Бұл — аса маңызды мәлімдеме. Мен Әзербайжан Президентіне осы қадамы үшін ризашылығымды білдіремін», — деді Пашинян. Сонымен қатар, Армения Үкіметінің басшысы бұл келісімге қол жеткізуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грузия Премьер-министрінің атқарған маңызды делдалдық рөліне ерекше тоқталып өтті. «Мен Қазақстан Президентіне және Грузия Премьер-министріне осы келісімді жасауға қосқан үлесі үшін алғысымды білдіремін», — деп атап…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды зауыттың ашылуымен құттықтап, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. Бүгін Kia Motors корпорациясымен жасалған келісімге сәйкес зауыт ашылды. Президент: «Қазір Қазақстанда Кореяның 800-ден астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр» Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгқа және компанияға шынайы ризашылығын білдіріп, ауқымды жұмыс атқарылғанын, нәтижесінде өзара тиімді және жемісті байланыс нығая түскенін атап өтті. – Жалпы, бүгінгі айтулы оқиға Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестік пен табысты қарым-қатынастың жарқын көрінісі екені…
🔹Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Медиация – татулық тірегі» тақырыбында форум басталды. 🔹Екі күнге жоспарланған іс-шараның мақсаты – жергілікті медиаторлардың тәжірибесін арттыру арқылы этномедиацияның әлеуетін дәріптеу және дау-дамайды реттеудегі үздік тәжірибелелік кейстермен бөлісу. 🔹Форумға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшылығы, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары, құқық қорғау органдары мен әділет департаментінің қызметкерлері, медиация оралықтарының кәсіби медиаторлары, мектеп психологтары, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. 🔹Қатысушылар алдында қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Заңғар Үсіпахметов сөз сөйлеп, «Елдесу және татуласу» жобасы…
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы инфекциялық аурухана науқастарының уақытша дәлізде жатқаны бейнеленген видео тарағаннан кейін, жағдайды реттеу бойынша жедел шаралар қабылданды. Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінде барлық науқастар санитарлық талаптарға сай палаталарға орналастырылған. Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована После появления в социальных сетях видео, на котором пациенты инфекционной больницы Шымкента временно находились в коридоре, были приняты оперативные меры для исправления ситуации. Все пациенты размещены в палатах согласно установленным санитарным нормам, сообщили в акимате города Шымкента.
Екі күн алдын Шымкент қаласында басталған пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары бүгін салтанатты түрде марапатталды. Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті. Екі күн бойы өткен зияткерлік додада еліміздің әр аймағынан келген 120-дан астам команда екі лига бойынша бақ сынады. Пікір мен ой, шешендік пен дәлел сайысында ең үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман турнирдің жастар үшін маңыздылығын атап өтті. «Бүгінгі турнир Республика күні мен Егемендік декларациясының 35 жылдығына арналған ерекше іс-шара болды. Бұл жарыс тек…
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Шымкент қаласында «Ұйғыр тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараны Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығы ұйымдастырды. Мерекеге Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а Заңғарбек Үсіпахметов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, сондай-ақ қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты. Алдымен қатысушылар ұйғыр халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады. Іс-шара барысында сөз алған Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а Заңғарбек Үсіпахметов: «Қазақстан халқы Ассамблеясы — бейбітшілік пен келісімнің символы. Біздің басты байлығымыз – ел ішіндегі татулық пен өзара құрмет.…
Шымкент қаласының балуаны Марат Байқамұров «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің чемпионы атанды Астана қаласындағы «Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында» қазақ күресінен өткен дәстүрлі ХV республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде шымкенттік балуан Марат Байқамұров топ жарды. Финалда ол Абай облысының балуаны Ерасыл Қажыбаевпен белдесті. Бұған дейін Марат бес қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, финалға жол ашқан болатын. «Найман» лақап атымен танымал балуан шешуші сында да қарсыласына мүмкіндік бермей, алтын белбеу мен «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алды. Бұл жеңіс – Шымкент спорты үшін тарихи жетістік. Себебі, «Қазақстан барысы» турнирінде алғаш рет осы қала атынан шыққан балуан чемпион атанып отыр. Айта кетейік, 2024 жылы Абай…
