2025 жылдың 24 қараша күні Ә. Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған ашық есік күні аясында ұйымдастырылған, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар арасындағы футболдан жолдастық кездесу – бұл Кентау қаласындағы мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытудағы реформалардың тек академиялық саламен ғана емес, әлеуметтік және физикалық жетілумен де тығыз байланысты екенін көрсетеді. Мұндай іс-шаралар «Жайлы мектеп» жобасының идеялық мазмұнын кеңейтеді, өйткені жайлылық – тек қана физикалық инфрақұрылым емес, сонымен бірге оқу ортасындағы сенімділік пен ынтымақтастық психологиялық атмосферасын білдіреді.
Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және ынтымақтастықты нығайту – білім беру саласындағы қызметтің азаматтардың денсаулығын қорғауға және қоғамдық байланысты күшейтуге деген жауапкершілігін арттыру.
Ұстаздардың ата-аналармен және оқушылармен бір алаңда өнер көрсетуі – педагог кәсібінің беделін арттырудың оқытушылық қана емес, тәрбиелік және әлеуметтік функциясын атқаратынын дәлелдейді. Мұғалімдер – денсаулықты, белсенділікті және позитивті көңіл-күйді насихаттайтын үлгі болып табылады.
Ата-аналарға арналған ашық есік күні аясында спорттық кездесуді ұйымдастыру – мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып арттырудың инновациялық және эмоционалдық тұрғыдан тиімді тәсілі деуге болады.
Ата-аналар тарапынан қатысудағы мақсаттың негізі – балаларға үлгі болу – ата-аналардың спортқа деген қызығушылығын арттыру арқылы кітап оқу және білімге ұмтылу мәдениетін физикалық дамумен теңестіруге болатынын көрсететіп қана қоймай, жақсы көңіл күй және белсенді өмір салтын сыйлап, оқушының академиялық жетістігінің негізгі факторын ашу.
Ақпаратқа арқау болып отырған №19 мектептің ақпараттық технологиялар бағытында болуына қарамастан, дене шынықтыруды жоғары деңгейде насихаттауы – заманауи мектептің жан-жақты дамуға деген ұмтылысын білдіреді.
Футболдан жолдастық кездесу – жас ұрпақтың және ата-аналардың жасампаздық және прогрестілікті қолдауды физикалық белсенділік арқылы іске асырудың тамаша алаңы. Спорттық ойындарды насихаттауға ат салысуға деген ұмтылыс – Кентау қаласының білім беру жүйесінің үздіксіз дамуға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға деген стратегиялық бағытын көрсетеді.
Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейіндегі ата-аналар, ұстаздар және оқушылар арасындағы футболдан жолдастық кездесу – Кентау қаласының білім беру жүйесінің мектеп пен отбасының бірігуі арқылы салауатты, белсенді және жауапты азаматтарды тәрбиелеуге деген жоғары міндеттемесін көрсетеді. Бұл іс-шара – денсаулық пен білімді ажырамас егіз ұғым ретінде қарастырып, өскелең ұрпақ арасында педагог кәсібін танымал етудің позитивті және әлеуметтік жолын ұсынады.

