Созақ аудандық мәслихатының жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезіндегі корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету туралы шешімі – бұл Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті қолдауға және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған бастамаларының және саяси-экономикалық бағдарламаларының жергілікті деңгейдегі тікелей іске асуына ықпал жасалынуда.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасындағы шағын және орта бизнесті қолдау қағидатының Созақ ауданындағы мәслихаттың нақты шешімі арқылы жүзеге асуы – саяси партиялардың өз міндеттемелері үшін есеп берушілігінің айқын көрінісі. Бұл – Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатының төменгі деңгейдегі қолдауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, салық мөлшерлемесін төмендету туралы шешімнің Созақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелерінің бастамасымен қабылдануы – жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметіндегі дербестіктің және халықтың мүддесін қорғаудағы белсенді рөлінің саяси-құқықтық дәлелі. Себебі, салықтық жүктеменің екі есеге (4%-дан 2%-ға) төмендеуі – ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және шағын өндіріс бағытында еңбек ететін жүздеген шағын бизнес субъектісінің қаржылық ауыртпалығын айтарлықтай азайтады. Бұл – кәсіпкерлердің айналым капиталын ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тауар мен қызмет сапасын жақсартуға тікелей мүмкіндік береді.
Тұрғындардың мемлекеттік қолдаудың мұндай түрі халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деген пікірі – жергілікті биліктің қабылдаған шешімінің әлеуметтік қолдаудың расталуын білдіреді. Жалпы, алықтық жеңілдік – тек қаржылық шара ғана емес, сонымен бірге Созақ ауданының экономикалық өркендеуіне және әлеуметтік әділеттілікті орнатуға бағытталған кешенді саясаттың құрамдас бөлігі.
Салықтық мөлшерлеменің қысқаруы Созақ ауданында қолайлы бизнес ортасын қалыптастырып, жергілікті экономиканы қуаттандыруға және сыртқы инвесторлардың қызығушылығын арттыруға жаңа мүмкіндік ашады. Бұл – кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау арқылы халықтың тұрақты табыс көзін нығайтуға бағытталған. Өңірдегі негізгі табыс көзінің бірі – дәл осы шағын кәсіпкерлік екенін ескерсек, бұл шешімнің кәсіпкерлер қауымы тарапынан зор қуанышпен қабылдануы – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының қызметін бағалаудың бірден-бір индикаторы болып табылады.
Созақ аудандық мәслихаты қабылдаған салықтық жүктемені екі есе төмендету туралы шешім – Созақ ауданында болашақ экономикалық өсімге жол салатын маңызды қадам. Бұл бастама Мемлекет басшысының экономикалық либерализация және ШОБ-ты қолдау саясатының практикалық іске асуын көрсетеді. «AMANAT» партиясының және мәслихат депутаттарының халықпен бірге жұмыс істеуі – жергілікті экономиканың жандануына және тұрғындардың тұрмыс сапасының айтарлықтай жақсаруына сенімді кепіл болады.

