Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Қызылжар-2 шағынауданында бірнеше жылдан бері өзекті болып келген инженерлік инфрақұрылым тапшылығы мәселесі біржола шешімін тапты. Биыл көктемде мегаполис әкімінің тұрғындармен өткен көшпелі кездесуінде осы аумақтың халқы ауыз судың жетіспеушілігі, тұрақсыз электр қуаты және табиғи газдың жоқтығы ең өзекті әлеуметтік проблема екенін атап өткен болатын.
Тұрғындар көтерген мәселе бойынша қала әкімі тиісті құрылымдарға шұғыл тапсырма беріп, инфрақұрылым желілерін қысқа мерзімде жеткізуді міндеттеді. Сөйтіп 2024 жылдың сәуір айында Қызылжар-2 аумағында инженерлік желілердің құрылысы басталды. Жоба Алқап, Ордакент, Нұрлыкент, Сығанақ, Теренөзек және Көлкент көшелерін толық қамтуды көздеді.
Жобаның бірінші кезеңінде ең қажетті коммуникациялар — ауыз су құбыры, электр желісі және табиғи газ инфрақұрылымы тартылды. Жұмыстардың нәтижесінде бұрын негізінен тасымалданатын суға тәуелді болып келген және электр жарығы жиі үзіліп тұратын шағынаудан тұрғындары алғаш рет тұрақты және заманауи инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізді.
Қазіргі таңда 265 үй тұрақты ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етіліп отыр. Бұған қоса, табиғи газ құбыры толық жеткізіліп, әр үйдің қосылуына мүмкіндік жасалды. Мамандардың айтуынша, жаңартылған инженерлік желілер шағынауданда өмір сүрудің жайлылығы мен қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады. Өрт қауіпсіздігі, санитарлық жағдай және энергия тұрақтылығы да жаңа деңгейге көтерілді.
Алдағы жылы жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл кезең Қызылжар-2 шағынауданының қалған бөлігін қажетті инфрақұрылыммен қамтуға мүмкіндік береді. Жоба толық аяқталған кезде шағынаудан инженерлік тұрғыдан толық дамыған аумаққа айналып, оның әлеуметтік және экономикалық әлеуеті артады деп күтілуде.
Мегаполис басшысы жаңа инфрақұрылымның қолданысқа берілуіне орай тұрғындарды құттықтап, мердігер ұйымдардың жұмысты мерзімінде және сапалы орындағанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа шағынаудандарды инженерлік желілермен қамтамасыз ету — Шымкент қаласының стратегиялық даму бағыттарының бірі.
Қызылжар-2-дегі жұмыстардың аяқталуы — қала халқының өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді саясаттың нақты нәтижесі. Бұл жоба тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырумен қатар, Шымкенттің урбанистік дамуына да серпін бермек.
ОТ ДЕФИЦИТА К РАЗВИТИЮ
Микрорайон «Кызылжар-2» в Шымкенте полностью подключен к полноценной инженерной инфраструктуре
В микрорайоне «Кызылжар-2» Абайского района города Шымкента окончательно решена проблема дефицита инженерной инфраструктуры, которая была актуальной в течение нескольких лет.
Напомним, этой весной на выездной встрече акима мегаполиса с жителями население этого микрорайона назвало нехватку питьевой воды, нестабильное электроснабжение и отсутствие природного газа самыми острыми социальными проблемами.
Глава города дал срочное поручение соответствующим структурам и поставил задачу в кратчайшие сроки обеспечить подведение коммуникационных сетей в микрорайон. Таким образом в апреле 2024 года началось строительство инженерных сетей на территории «Кызылжара-2». Проектные работы проводились на улицах Алкап, Ордакент, Нурлыкент, Сыганак, Теренозек и Колкент.
На первом этапе проекта были подведены самые необходимые коммуникации — водопровод, линии электропередачи и газопровод. В результате работ 265 домов обеспечены постоянным водоснабжением и электроэнергией. Кроме того, подведенный газопровод позволяет подключить каждый дом к природному газу.
В следующем году планируется реализация второго этапа проекта. Этот этап позволит обеспечить необходимой инфраструктурой оставшуюся часть микрорайона «Кызылжар-2». Ожидается, что после полного завершения проекта микрорайон станет территорией с полностью развитой инженерной инфраструктурой.
Глава мегаполиса поздравил жителей с введением новых коммуникационных сетей в эксплуатацию и отметил, что подрядные организации выполнили работу качественно и в срок. По его словам, обеспечение новых микрорайонов инженерными сетями является одним из стратегических направлений развития города Шымкента.

