Шымкент қаласында экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындарға жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы белсенді түрде іске асып жатыр. Қаланы көгалдандыру мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану мәселесін басым бағыт еткен мегаполис әкімдігінің бастамасы бүгінде нақты нәтижесін бере бастады.
Қошқар ата — Шымкенттің тарихи-мәдени ландшафтының өзегі саналатын ерекше табиғи нысан. Сондықтан өзенді қалпына келтіру жобасы тек инфрақұрылымдық жаңарту ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтау мен халыққа қолайлы орта құруды көздейді. Жоба шеңберінде өзеннің жалпы ұзындығы 3,535 шақырымды құрайтын бөлігін қалпына келтіру қарастырылып отыр. Бұл бағытта арнаның құрылымы қайта жасалып, табиғи су ағымын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Өзен табаны мен жағалауы қоқыстан тазартылады, жағалауды бекіту арқылы су шайылуының алдын алу көзделген.
Абаттандыру жұмыстары тек экологиялық шаралармен шектелмейді. Өзен бойында заманауи инфрақұрылым қалыптастыру – жобаның негізгі міндеттерінің бірі. Осы мақсатта жаяу жүргіншілер жолы салынып, тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы қозғалуына жағдай жасалуда. Сонымен бірге, өзен жағалауын толыққанды демалыс аймағына айналдыру үшін 139 орындық орнату, энергия үнемдейтін 360 шам қою жоспарланған. Бұл шамдар түнгі уақытта өзеннің айналасын жарықтандыру арқылы қала келбетін жақсартып, қауіпсіздікті күшейтеді.
Мұрат Әбдірахманов, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
— «Осы жылы Жангелдин көшесінен бастау алған 3,5 шақырымға созылған жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Жағалау табиғи тастармен бекітіліп, оның табиғи қалпы мен өсімдіктер жамылғысы барынша сақталды. Бұдан бөлек, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында жаяу жүргіншілер жолы және өзге де қажетті инфрақұрылым элементтері салынды»,- деп атап өтті.
Өзеннің екі жағын байланыстыратын 8 жаяу жүргінші көпірі салынуы да жобаның маңызды бөлігі. Қазіргі таңда соның үшеуі салынып бітті және тұрғындардың игілігіне ұсынылды. Сондай-ақ 70 жарық шамы орнатылып, инфрақұрылым біртіндеп толыққанды қалалық кеңістікке айналып келеді.
Қалалық мамандардың айтуынша, бұл абаттандыру жұмыстарының тағы бір маңызды аспектісі – жауын-шашын маусымында өзен деңгейінің көтерілуінен туындайтын су басу қаупін азайту. Арнаның реттелуі мен жағалаудың бекітілуі осы тәуекелді тиімді төмендетеді.
Жоба толық аяқталған соң, Қошқар ата өзені шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін тартымды рекреациялық аймаққа айналады. Мамандардың пікірінше, жаңғыртылған жағалау қаланың туристік әлеуетін арттырып, Шымкенттің заманауи мегаполис ретіндегі келбетін күшейтеді. Табиғат пен қалалық инфрақұрылымның үйлесімділігі қаланың экологиялық тұрақтылығына да оң әсер етеді деп күтілуде.
Возрождение реки Кошкар ата: Шымкентская река превращается в современную рекреационную зону
В Шымкенте активно осуществляется проект по благоустройству реки Кошкар ата, направленный на улучшение экологической ситуации и формирование комфортного общественного пространства для жителей. Инициатива акимата мегаполиса, который ставит приоритетом озеленение города и рациональное использование природных ресурсов, уже начинает приносить конкретные результаты.
Кошкар ата – это особый природный объект, который считается стержнем историко-культурного ландшафта Шымкента. Поэтому проект по восстановлению реки предполагает не только инфраструктурное обновление, но и сохранение экологического равновесия, а также создание благоприятной среды для населения. В рамках проекта предусмотрено благоустройство участка реки общей протяженностью 3,535 километра. На этом участке проводятся работы по модернизации русла и регулированию естественного водного потока. Дно и берега реки очищаются от мусора, а укрепление берегов предотвратит размывание грунта. Еще одним важным аспектом работ по благоустройству является снижение риска подтопления, который возникает при повышении уровня воды в реке в сезон дождей.
Мурат Абдирахманов, заместитель руководителя городского управления по развитию комфортной городской среды:
«В этом году были проведены работы по укреплению береговой линии протяжённостью 3,5 километра, начинающейся от улицы Жангельдина. Берег укреплён природным камнем, при этом его естественный облик и растительный покров максимально сохранены. Кроме того, для создания комфортной среды для жителей были построены пешеходная дорожка и другие необходимые элементы инфраструктуры», — отметил он.
Работы по благоустройству не ограничиваются только экологическими мерами. Формирование современной инфраструктуры вдоль реки – одна из ключевых задач проекта. С этой целью строятся пешеходные дорожки для безопасного и удобного передвижения жителей. Кроме того, для превращения набережной в полноценную зону отдыха планируется установка 139 скамеек и 360 энергосберегающих светильников. Эти осветительные приборы улучшат облик города и усилят безопасность, освещая территорию вокруг реки в ночное время. Уже установлено 70 светильников.
Важной частью проекта является также строительство 8 пешеходных мостов, которые свяжут оба берега реки. На сегодняшний день три из них уже построены и введены в эксплуатацию.
После полного завершения проекта река Кошкар ата станет привлекательной рекреационной зоной для шымкентцев и гостей города. По мнению специалистов, обновленная набережная повысит туристический потенциал города и укрепит имидж Шымкента как современного мегаполиса.

