Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойы аңсап, асқақ арманға жеткен қасиетті мерекесі. 1991 жылдың 16 желтоқсаны – Қазақстан тарихындағы ең айтулы күндердің бірі. Дәл осы күні еліміз өз егемендігін жариялап, әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде танылды. Бұл күн әрбір қазақстандық үшін ұлт бірлігі мен мемлекет болашағының нышанына айналды деп, хабарлаған Айгүл Абдикулова, Шымкент қаласы Әділет департаментінің бас маманы. Бүгінгі Қазақстан – тұрақты дамып, әлемдік аренада өз орнын нығайтқан бейбіт ел. Экономика, мәдениет, білім, заң үстемдігі және адам құқықтары салаларында жеткен жетістіктеріміз – тәуелсіздігіміздің жемісі. Шымкент қаласы Әділет департаменті үшін бұл күннің маңызы ерекше. Біз, әділет органдарының қызметкерлері, тәуелсіздіктің негізгі тіректерінің бірі…
Автор: aimaq_user
ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінде де атап өтілді. Іс-шара ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған адамдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталып, әскери қызметкерлерге Тәуелсіздік күні туралы слайдтық сұрақтар қойылды. Дұрыс жауабын тапқандарға Қазақстан шоколадтары сыйға тартылды. Әскери қызметкерлерден құралған үш топпен Қазақстан Республикасының картасын уақытқа құрастыру сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар департамент жеке құрамына Тәуелсіздік туралы кітап көрмесі де ұйымдастырылды.
🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында Мағжан Жұмабаев атындағы № 39 орта мектептің бастауыш сыныптарға арналған 375 орындық қосымша корпусының ашылуына қатысты деп хабарлаған, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 Айта кетейік, нысанның құрылысы осы жылдың қаңтар айында басталған болатын. 16-шағын ауданда орналасқан жалпы мектепте 2300 бала оқиды, 460 шәкіртке инклюзивті білім беріледі. 🔷 Жалпы ауданы 4522 шаршы метр үш қабатты жаңа ғимаратта 17 оқу сыныбы бар, онда робототехника, логопед кабинеттері, компьютерлік және лингвистикалық кабинеттер, зертхана қарастырылған. Сондай-ақ, спорт залы, асхана, жеделсаты және жуынатын бөлмелер де бар. 🔷 Балалар мен спорт алаңдары, жүгіру жолы, футбол, баскетбол және…
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік мереке — Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Мемлекеттік Егемендігі туралы заң 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданды. Қабылданған заң бүкіл әлемге Еуразияның қақ ортасында жаңа мемлекет пайда болғанын және кейінгі жылдары біздің еліміз әлемдік қоғамдастықта өзінің лайықты орнын алғанын хабарлады. “Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын, баршаңызға және жақындарыңызға зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби табыс тілеймін», — деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде 6506 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары — штаб бастығы полковник Төлеген Шыныбеков. Іс-шара…
Шымкент қалалық орталықтандырылған Абай атындағы кітапхананың мамандары 6506 әскери бөлімімен бірлесіп, қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына арналған әдеби-танымдық іс-шара өткізді. Шара барысында кітапхана мамандары ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасап, оның әдеби мұрасы мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесін талқылады. Фариза Оңғарсынованың поэзиясы ұлттық рух пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісі ретінде бағаланып, оның туындыларының бүгінгі ұрпаққа берер тәрбиелік маңызы ерекше атап өтілді. Іс-шараға 6506 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздары қатысып, ақынның патриоттық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, кітапхана қорынан Фариза Оңғарсынованың шығармаларының көрмесі ұйымдастырылып, сарбаздар үшін әдебиеттермен танысу мүмкіндігі ұсынылды. Бұл бастама жас ұрпаққа ұлы…
🔷 Бүгін еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағында үш жаңа өндіріс орны іске қосылды. Салтанатты ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жобалардың маңыздылығын атап өтті деп хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 🔷 «Dapter-Line» ЖШС – мектеп дәптерлері мен жазу қағаздарын өндіретін кәсіпорын. Жобаның жалпы құны – 500 млн теңге. Жаңа кәсіпорында 40 жұмыс орны ашылды. Фабриканың жылдық қуаттылығы – 70 млн дәптер. 🔷 Шұлық бұйымдарын өндірумен айналысатын «Balabi Textile» зауытында 500 жұмыс орны ашылды. Жобаға 6, 5 млрд теңге инвестиция тартылған. Өндірістік қуаттылығы жылына 24 млн жұп шұлықты құрайды. 🔷 Аяқ киім өндірісіне бағытталған «Nappa.kz» кәсіпорнының инвестиция…
Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Турабай Талғат Сайлауұлы Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды. Талғат Турабай 1977 жылы Көкшетау облысы, Ленинград ауданында дүниеге келген. Көкшетау университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. «Қорғау» жұмылдыру курстарынан өтті. 1996 жылдан 1998 жылға дейін мерзімді әскери қызметін өтеген. Қарулы күштердегі қызметін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және шақыру бөлімінің бастығы болып бастады. Осы бағыт бойынша өңірдің Тайынша ауданындағы бөлімшесін де басқарды. Осы тағайындалғанға дейін Талғат Турабай Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарған болатын.
Шымкент гарнизонының 10216 әскери бөлімінің саптық алаңында командирлер, қызметтесітері, туыстары мен достарының алдында 30 күзгі әскерге шақырылушылар әскери ант қабылдады. Олар жақын арада еліміздің әуе шекараларын қорғауға кіріседі. Іс-шараға бөлімнің әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты деп хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Жауапты және әсерлі рәсім әскери қағидалар бойынша қатаң түрде өтті: Мемлекеттік және жауынгерлік Ту астында қолына қару алған әскери қызметшілер өз Отанына қызмет етіп, оның адал қорғаны болуға салтанатты түрде ант берді. 10216 әскери бөлімінің командирі подполковник Дәулетбек Қоғабаев Отан қорғаушының өміріндегі анттың маңыздылығы туралы әскерге шақырылушыларға арналған құттықтау сөзінде айтты. -…
Шымкент қаласы тағы да бір әлем чемпионымен толықты. Үшінші мегополистегі №36 мектептің 10-сынып оқушысы Әбдісаттар Бекжан Ерланұлы. Бекжан ағымдағы жылдың желтоқсан айында Польша мемлекетінде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында 1-орынды иеленді. Бекжан Ерланұлы 5-сыныптан бері спортпен айналысады. Осы уақыт аралығында қала, облыс аралық жарыстарда топ жарған. Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасы чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының 2 дүркін чемпионы. Бекжан шекарашылардың отбасында дүниеге келген. Әкесі Ерлан Әбдісаттарұлы ҰҚК Шекара қызметі Төлеби ауданы бойынша шекара басқармасында қызмет етеді. Әскери шені майор. Польша мемлекетінен келген әлем чемпионын Әкесі Ерлан Әбдісаттарұлы Түркістандағы халықаралық әуежайда салтанатты жағдайда күтіп алды. 16-жастағы чемпионның алдағы жоспары көп. Шекарашының чемпион…
ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті бөлімінің аға офицері майор Қайрат Нұрмашев департаменттің кітапхана қорына 31 дана қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерді сыйға тартты. Осылайша офицер тамаша игі істің бастамашысы бола білді. Кітапханаға сыйланған кітаптардың барлығы да соңғы жылдары шығарылған кітаптардан тұрады. Жалпы сомасы 121 мың теңге көлеміндегі кітапты сыйға тартқан Қайрат Абдирасулұлы департамент жеке құрамының оқуға деген ынтасын арттыру, игі іс жасау мақсатында жасағанын алға тартады.
