Соңғы жылдары Түркістан облысы аумағын айтпағанның өзінде, электрлі көлік құралдары болып саналатын – электросамокаттар мен электрокарлар Түркістан қаласының көшелерінде жиі кездесетін көлік түріне айналды. Олардың қолданылуы ыңғайлы әрі экологиялық таза болғанымен, бұл көлік құралдарының артуымен қатар, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері де өзекті болып отыр.
Әсіресе, литий-ионды аккумуляторлардың қате зарядталуы немесе зақымдалуы салдарынан туындайтын өрттер және жол ережелерін сақтамау салдарынан болатын жол-көлік оқиғалары алаңдатуда. Осыған байланысты, Түркістан қаласының жергілікті билік органдары, атап айтқанда, Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасы және қалалық полиция басқармасы бірлесіп, қала тұрғындары арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Бірлескен жұмыстың мақсаты мен маңыздылығы – электросамокаттар мен электрокарларды пайдаланушылардың арасында өрт қауіпсіздігі және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру. Бұл жұмыстар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ықтимал қауіптердің алдын алуға және оқиғалардың санын азайтуға бағытталған. Полиция қызметкерлерінің қатысуы жол ережелерін сақтаудың маңыздылығын баса көрсетуге мүмкіндік берсе, төтенше жағдайлар қызметкерлері өрттің алдын алуға қатысты білімдерімен бөліседі.
Түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары қаланың адам көп шоғырланатын жерлерінде, көлік қозғалысы қарқынды аймақтарда жүргізілді. Мамандар тұрғындарға арнайы дайындалған жадынама парақшаларын таратып, ондағы негізгі ережелер мен ұсыныстарды ауызша түсіндірді.
Осы ретте, өрт қауіпсіздігі бойынша қажетті нұсқаманы барлық тұрғындар мен қонақтардың төмендегі нұсқаманы назарға ала жүргендері дұрыс. Атап айтқанда, дұрыс зарядтау үшін, электрлі көлік құралдарын тек арнайы, сертификатталған зарядтағыштармен және өндірушінің нұсқауларына сәйкес зарядтау керектігі ескертілді. Сонымен қатар, түнде немесе бақылаусыз қалдырылған жерлерде зарядтаудан аулақ болу кеңес етілді.
Бұл көлік құралдарында орналасқан аккумуляторды бақылау, яғни аккумулятордың ісінуі, қызуы немесе бөтен иіс шығаруы сияқты белгілер байқалған жағдайда, оны пайдалануды дереу тоқтатып, маманға көрсету қажеттілігі түсіндірілді.
Сақтау шарттары бойынша, электрлі көліктерді тікелей күн сәулесінен, жоғары температурадан және ылғалдан қорғалған жерде сақтаудың маңыздылығы айтылды.
Өз кезегінде қаланың тәртіп сақшылары, жолда жүру қауіпсіздігі бойынша басты мәселе жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, оларға назар аудару қажеттілігін және электросамокаттар мен электрокарлардың жүргізушілеріне жол ережелерін мүлтіксіз сақтау, жаяу жүргіншілерге кедергі жасамау және жылдамдық режимін бақылау керектігі ескертілді. Сонымен қатар, қорғаныс құралдары болып саналатын — шлем, тізелік, шынтақша сияқты қорғаныс құралдарын міндетті түрде киюдің өмірлік маңыздылығы да түсіндірілді.
Жаяу жүргіншілер мен басқа көліктерге құрмет көрсету, қала көшелеріндегі өзара сыйластықтың маңыздылығы және жаяу жүргіншілер өтетін жолдарда абай болу қажеттілігі баса айтылды.
Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мен полиция басқармасының қызметкерлері осы түсіндіру жұмыстары арқылы қауіпсіздікке деген жауапкершілікті халықтың өз мойнына алуына ықпал етуде. Мемлекеттік органдардың халықпен тікелей байланыс орнатуы, олардың сұрақтарына жауап беруі және практикалық кеңестер беруі азаматтардың сенімін арттырып, олардың қауіпсіздікке деген саналы қарым-қатынасын қалыптастыруға көмектеседі. Мұндай бірлескен іс-шаралар болашақта да жалғасын тауып, Түркістан қаласын өрт қауіпсіздігі жоғары, жол қозғалысы қауіпсіз өңірге айналдыруға ықпал ететін болады. Сайып келгенде соңғы кездері электрлі көлік құралдарының танымалдылығы артқан сайын, оларды қауіпсіз пайдаланудың маңызы да арта түсуде. Түркістан қаласының төтенше жағдайлар және полиция басқармаларының бірлескен жұмысы өрттердің алдын алуда және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Әрбір тұрғынның қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауы, олардың өзінің және айналасындағылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қосқан үлесі болмақ.