Қазақтың ұлттық-жауынгерлік ойын-сайыс түрлерінің дені ат үстінде немесе жылқы түлігін пайдалану арқылы іске асады. Мысалы, ат жарысы немесе бәйге түрлері – аламан, жорға, тай, құнан, дөнен, бесті, айғыр жарыс, сондай-ақ жауынгерлік ойын-сайыс түрлері – аударыспақ, көкпар, қыз қуу, ат үстінде садақ (жамбы) ату, теңге ілу т.б. Яки осында айтылған ат спорты ойын-сайыс түрлерін орындау үшін сәйгүлікпен қатар жылқының жабдығы, яғни ат әбзелдерінің де алатын орны ерекше. Ат әбзелдері деп алдымен ер-тұрманды, оған қоса жылқыны жуасытуға немесе басқаруға ыңғайлы жүген-ноқта, тізгін-шылбыр, өмілдірік-құйысқан қатарлы жарақтарды айтамыз.
Ер-тұрман – атқа міну үшін қолданылатын жабдық. Оның түрі көп. Тұрмыста қолдану мүмкіндігіне қарай: қария ер, бәйбіше ер, жігіт ер, әйел ер, бала ер т.б. болып бөлінсе, жасаған материалына байланысты: қайың ер, қарағай ер, құрама ер, темір ер т.б. Ал ерді әшекейлеп безендіруіне қарай: алтын ер, күміс ер, оюлы ер, құранды ер деп аталса, кескін-келбеті, яғни пошымына байланысты: қапталды ер, жайпақ ер, биік ер, сауырлы ер, қоқан ер, орыс ер т.б. атаулары бар.
3Ердің қаңқасына тоқым, желдік, тебінгі, айыл, құйысқан, өмілдірік, қанжыға, үзеңгі, таралғы немесе үзеңгі бау, жүген, шылбыр, тізгінді қосып толық түрде ат әбзелдері деп атайды. Ұлттық мұрамыздың жанашыры болып отырған Сайрам ауданының тумасы жайында айтқанымыздың артықтығы жоқ.
Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Далабазар көшесі №219 үйдің тұрғыны, көпбалалы отбасының отағасы Халикулов Маъруфбек Әділжанұлы өткен жылдың тамыз айындағы қайтарымсыз грантқа қатысып, жеңімпаз болған жанның бірі. Ол өзінің кәсіпкерлік бастамасы – тігін цехы (ат әбзелдері) шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттен 1 476 800 теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант ұтып алды. Бұл жеңіс Маъруфбекке тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар өз арманын жүзеге асыруға және отбасының әл-ауқатын арттыруға зор мүмкіндік берді. Бұл жағдай мемлекеттің шағын және орта бизнесті, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдауға бағытталған тиімді саясатының тағы бір айқын дәлелі болып табылатыны сөзсіз. Шындығында, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар – бұл кәсіпкерлікке алғаш қадам басқан азаматтар үшін берілетін үлкен мүмкіндік. Әсіресе, көпбалалы отбасылар үшін мұндай қаржылық қолдау отбасының тұрмыстық жағдайын жақсартуға, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және балаларына лайықты болашақ құруға зор ықпал етеді. Маъруфбек Халикуловтың бұл грантты жеңіп алуы – оның кәсіпкерлікке деген жігерінің, табандылығының және бизнес-жоспарының мұқият әзірленгенінің нәтижесі іспеттес.
Бүгінде Ұлттық жобаны іске асыруда бұған дейінгі жүзеге асырылған жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларына біршама өзгеріс енген. Оның бірі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының төрағалығымен өткен 2022 жылдың 12 қаңтары күні кеңейтілген мәжілісте берілген тапсырмаға сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға бағытталған өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін грант Түркістан облысы Сайрам ауданында да жүзеге асуда. Қайтарымсыз гранттар бағдарламасы тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар еңбек етуге құлшынысы бар азаматтарға сенімділік пен шабыт берді.
Сондай шабытқа ие болған Қарабұлақтық Маъруфбек Халикуловтың таңдаған тігін цехы, әсіресе ат әбзелдерін өндіру – бұл ерекше нарық кезеңінің қайнар көзі деп, дөп басып айтуымызға болады. Қазақстанның оңтүстік өңірінде, соның ішінде Сайрам ауданында мал шаруашылығы, оның ішінде жылқы шаруашылығы дамыған. Демек, ат әбзелдеріне (ер-тұрман, жүген, ноқта, айыл және т.б.) деген сұраныс тұрақты болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда қолөнер бұйымдарына, оның ішінде дәстүрлі қазақ әбзелдеріне деген қызығушылық артып келеді, бұл да өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Грант қаражаты оған қажетті тігін жабдықтарын (арнайы тігін машиналары, тері өңдеу құралдары), материалдарды (тері, жіп, металл бөлшектер) сатып алуға және цехты іске қосуға мүмкіндік берді.
Маъруфбек Әділжанұлының ат әбзелдерін тігу туралы идеясы кездейсоқ пайда болған жоқ. Көпбалалы отбасының отағасы ретінде, ол үнемі отбасы мүшелерін қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздеді. Оның ат әбзелдерін өндіруді таңдауының өзіндік себебі де болды, яғни бала кезден бергі қызығушылығы түбінде асқақ армандарының орындалуына да қол жеткізді.
Ауылдық жерде жылқы шаруашылығы кең таралғандықтан, сапалы және қолжетімді ат әбзелдеріне деген сұраныс жоғары десекте болады. Бұл сала дәстүрлі қолөнерді жаңғыртуға және оған заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Әрине шағын өндірістің өзіндік артықшылықтары да бар. Шындығына келгенде тігін цехы үлкен өндірістік аумақты қажет етпейді және бастапқы инвестициясы басқа салаларға қарағанда тиімдірек. Маъруфбек бұл грантты алу үшін тиісті оқытулардан өтіп, өзінің бизнес-жоспарын жан-жақты әзірлегені анық. Мемлекеттік бағдарламалар аясында гранттар конкурс негізінде беріледі, бұл үміткерлерден нақты бизнес-идея, есептелген жоспар, сондай-ақ оны іске асыруға деген шынайы ынтаны талап етеді. Маъруфбектің осы талаптарға сай болуы оның жеңімпаз атануына жол ашты. Қарабұлақ ауылындағы Маъруфбек Халикуловтың тігін цехы тек оның отбасына ғана емес, сонымен қатар бүкіл ауылға пайда әкелуі мүмкін. Болашақта ол өз өнімдерін жергілікті базарларға, шаруа қожалықтарына, ат спорты клубтарына жеткізіп, ауыл шаруашылығына қажетті өнімдердің ассортиментін кеңейте алады. Шаруашылықтың кеңеюімен жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі де туады, бұл ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға және жұмыссыздықты азайтуға үлес қосуда.
Мемлекеттік гранттардың мақсаты мен оны қолдау– тек кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру, өзін-өзі қамтамасыз етуге ынталандыру және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Маъруфбек Халикуловтың мысалы – осындай мемлекеттік қолдау шараларының нақты нәтиже беріп, адамдардың өмірін өзгертіп жатқанының айқын дәлелі. Халикулов Маъруфбек Әділжанұлының тігін цехына (ат әбзелдері) мемлекеттік қайтарымсыз грант алуы – оның кәсіпкерлікке деген ұмтылысының және қажырлы еңбегінің жемісі. Бұл оқиға көпбалалы отбасы үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашып қана қоймай, сонымен қатар басқа да жаңа бастамашы кәсіпкерлерге үлгі болып, шабыт береді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау, өз кезегінде, ауыл шаруашылығын және шағын өндірісті дамытуға, сондай-ақ өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Ертеде аталарымыз, ат үстінде, ер жастанып, толарсақтан саз кешіп жүріп, байтақ даласын қорғаған. Сондықтан да, ел аузында, «тұлпар ерді сақтайды, ер жерді сақтайды» деген тәмсіл бар.
Сөзімізді түйіндер болсақ, қазақ халқы ат әбзелдерін – тұрмыстық, сәндік, жауынгерлік мақсатқа орай әртүрлі пайдаланған. Тұрмыстық мақсатқа: күнделікті шаруаға қажет ат әбзелдері жатады. Оны сәндемейді және ұсақ түлік тай-тайыншаның терісін пайдаланады. Сәндік мақсат үшін жасалған әбзелдер қатарына – ұзатылған қыздың ат әбзелі, ас-тойға немесе салтанатты жиынға баратын ел ағаларының ат әбзелдері және әулеттік-отбасылық мұра үшін арнайы сәндеп жасатқан құралдар жатады. Ал жауынгерлік әбзелдің ерекшелігі – өте берік болады, нағыз атан өгіздің терісінен жасалады. Оны сәндеп жатпайды, бірақ көшпенділер шайқас кезінде ат әбзелдеріне ритуалдық таңбаларын шаптайтын дәстүр болған.
Сонымен, Маъруфбекке тігін цехын табысты дамытып, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектеспіз. Оның ісі өсіп, өнімдерінің сұранысы арта берсін! Бұл тек жеке табыс қана емес, сонымен қатар жергілікті экономиканың дамуына қосылған маңызды үлес болмақ. Сонымен қатар, жоғалып бара жатқан көненің көзіндей – ат әбзелдерін жаңғыртуға білек сыбана кіріскен азаматтың, алдағы уақыттарда талай шәкірттер тәрбиелеп шығуына да құба-құп деп қолдау танытсақта артықтық болмас.