Ағымдағы жылдың 25-қарашасы күні ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасы «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімінің жеке құрамы адам өмірін арашалап қалды. Оқиға былай болған түнгі сағат 23.00 ге жуық «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімі арқылы көршілес Өзбекстан Республикасына бет алған Қырғыз Республикасының азаматы Шохрух Собитов атты азамат талмасы ұстап жерге құлаған. Оқыс жағдайды дер кезінде бақылауға алған шекарашылар эпилепсия атты аурудың белгісі бар шетелдік азаматқа бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін арашалап қалды. Аудан орталығынан жеделдетіп келген жедел жәрдем мен ондағы ақ халатты абзал жандар шетелдіктің денсаулығын тереңдете тексеріп, оған толық көлемдегі медициналық…
Автор: aimaq_user
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың кілтін табыстады деп, хабарлаған «Dauletten» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі. Қостанай облысы Арқалық қаласында өмір сүріп жатқан Нұргүлдің отбасы қиындықтарды көзімен көріп, жүрегімен сезінген жандардың қатарында. Төрт баласын асырау үшін аядай ғана бөлмеде көмір тасып, от жағып, тіршілік етуге мәжбүр болған ана балаларының жайлы үйде тұрғанын армандады. Ол мектепке еден жуушы болып жұмысқа кірген кезде, балаларына 6-сынып оқитын қызы қарайтын. Өмірдің қиындықтарына қарамастан, бұл отбасы қол жайып, көмек сұрамады, бірақ жүректерінде үміт оты сөнген жоқ. Алайда «Dauletten» қоры бұл отбасының жағдайына бей-жай…
Сөз бар ғой, “кемшілігін білген адам — мықты” деген. Кемшілікті мойындау да осал шаруа емес. Кейде сол кемшіліктердің қолдан жасалынатыны уақыт өте айқындалатыны шындық. Өткен апта Түркістан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Қасымбек Датқа аулындағы аумағы 5 гектардан астам саябаққа бардық. Осыдан екі жыл бұрын сынға алған саябақтың сәні кіре бастаған. Түрлі көшеттер мен жеміс ағаштары отырғызылып, ағымдағы жылы аудандық мәслихаттың депутаты Сиқымбай Сағындықов қарауыл үйін соғуды, ал облыстық мәслихаттың депутаты Нұржан Жамалбеков балалар ойнайтын алаңша орнатуды жоспарлағанынан хабардар болдық. Ауыл әкімі Есбол Жаназатұлы “Қасымбек Датқадағы саябақты көркейту жұмыстары жүріп жатыр. Оның пайдалануға берілгеніне көп уақыт болмаса да,…
Дәл солай, бүгінгі күні Африкада немесе тропикалық аймақтарда жүрмін деп таңқалдыруға әбден болады😊. Қалай дейсіз ғой, онда Түркістан облысы Сайрам Ауданы Қайнарбұлақ Ауылдық Округіне қарасты Таскешу ауылында банан өсірілетін жылыжайы ашылды. Түріктің Gen group Qazaqstan компаниясы банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салған. Мұнда Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсіріледі. Компания өкілдерінің айтуынша алдағы уақытта қосымша жылыжайлар салынып, экзотикалық жемістердің басқа да түрлерін өсіру жоспарланған және жылыжай жақын арада тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған, бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа райында…
Кеше Шымкент қаласы әкімдігінде азаматтарды кезекті қабылдау өтті. Қала тұрғындары тұрғын үй, жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, абаттандыру мәселелеріне қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар қаланың тыныс-тіршілігін жақсартуға байланысты ұсыныстарын да білдірді. Бірқатар мәселелердің шешімі алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізілді. Зерделеуді қажет ететін сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар берілді деп, хабарлауда Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы, бір күн ішінде қала әкімі мен орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері 180-нен астам азаматты қабылдады. Қала басшысы салаға жауаптыларға тұрғындармен кері байланыс орнатып, өзекті мәселелерді заң шеңберінде, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
🔷 «QazaqGaz Aimaq» АҚ пилоттық жобасы аясында, Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін алушылар газға ай сайынғы жеңілдікті «Әлеуметтік әмиян» қызметіндегі eGov Mobile қосымшасы арқылы ваучер түрінде ала алады деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі 🔷 2024 жылдың желтоқсанынан бастап 2025 жылдың сәуірін қоса алғанда, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға 1414 нөмірінен тауарлық газға жеңілдіктер туралы ай сайын SMS жіберіледі. Ваучерді әлеуметтік әмиян қызметінде желтоқсанның 25-іне дейін қосуға болады. 🔷 Ыңғайлы болу үшін тұтынушылар өтініште тек тұрғылықты мекен жайының есеп шотын көрсету қажет. Тұрғын үй құжаттары ұсынылмайды. Жеңілдік мөлшері газға…
Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімі әскер мен халықтың Отанды қорғаудағы бірлігі мен дайындығын бейнелейтін «Біртұтас ел – біртұтас жер» ұранымен өтетін қысқы оқу кезеңіне кірісті. Жаңа оқу кезеңінің бірінші күні саптық алаңдағы салтанатты митингпен басталды. Бөлім командирі мен Қарулы күштер ардагерлері әскери қызметшілерді осы маңызды кезеңмен құттықтап, оларға жауынгерлік дайындықта табыс тіледі. Митинг соңында Ту ұстаушы тобы бастаған офицерлер, сержанттар мен сарбаздар құрамалары салтанатты шерумен өтті деп, хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Саптық алаңынан кейін жеке құраммен бөлімше командирлері мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша алғашқы сабақтарды өткізді, оның барысында әскери қызметшілерге елдегі және одан тыс жерлердегі саяси және экономикалық…
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымына Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев тағайындалды. Облыс әкімі өңірді дамыту бағытындағы жоспарлар мен міндеттерге тоқталып, тағайындалған аппарат басшысына жаңа міндеттер жүктеді. Қызметіне сәттілік тіледі деп, хабарлауда Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Аппараттың жаңа басшысы облысты дамыту бағытында бар күш-жігерін салатынын, мемлекеттік қызметтегі жинаған тәжірибесі мен білімін ел мүддесі жолында жұмсайтынын жеткізді. Сенім артқан облыс әкіміне алғысын білдірді. Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау…
Түркістан облысына қарасты елді мекендердің инфрақұрылым сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып жатыр. Бүгін тағы бір әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы, Біртілек ауылдық округіне қарасты Біртілек елді мекенінде «Абай» газ тарту станциясын іске қосу рәсіміне қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. «Ауыл халқын қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты міндеттің бірі. Біз бюджеттің мүмкінгінше ауылдарды газбен қамтып жатырмыз. Екі жылда 90-нан астам елді мекен табиғи газға қосылуда. Түркістан облысында жылдар бойы тоқтап тұрған 40-тан астам газ нысандарының мәселесі шешіліп, «сақалды құрылыстар» ретке келтірілді. Бұл бағыттағы…
Қала тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштері негізінде қоғамдық көлік бағыттарын оңтайландыру жұмыстары жалғасуда деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Зерделеу нәтижесінде келесідей өзгерістер енгізілді: 🔹 №92 автобус маршруты: тұрғындардың өтінішіне сәйкес, Д.Қонаев мектебіне дейін ұзартылды. 🔹 №150 автобус маршруты: жол қозғалысының ашылуына байланысты Иманғара көшесімен ұйымдастырылды. 🔹 №139 автобус маршруты: Жаңақұрылыс – Әбдіров көшелерінің қиылысына дейін ұзартылды. 🔹 №42 автобус маршруты: Бәйдібек би – Н.Назарбаев даңғылы қиылысында 3.19 «Кері бұрылуға тыйым салынады» және 4.1.1 «Тіке қозғалыс» жол белгілерінің орнатылуына байланысты Т.Назарбеков көшесінен Ж.Шанин көшесіне қарай сызбасы ұйымдастырылды. Қоғамдық көлік қызметін жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Жолаушылардың талаптары…
