Еліміздің барлық өңірлерінде өтетін «Халық заңгері» акциясы халыө пен билік арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Азаматтардың мәселелеріне жедел әрі жан – жақты жауап беру сала мамандарына қойылған негізгі талаптардың бірі.
Шара барысында тұрғындарға жан – жақты көмек көрсетіледі. Адвокаттар, нотариустар, прокурарлар, тергеушілер, сот орындаушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтардың сауалдарына жауап береді.
Тарқатып айтар болсақ, 30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қаласында «Халық заңгері» жалпы респубоикалық акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты халықтың құқықтық сауатын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Шара барысында кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін консультация ала алады.
Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары да болды.
Дәстүрге айналған акция Төлеби ауданының мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
2025 жылдың 30 мамыр күні еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Төлеби ауданында акция аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов, аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғани Байарыстан, Төлеби ауданының прокуроры Дастан Мырзағали, Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасы, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Акция барысында тұрғындар әкімдікке қарасты дербес бөлім, мекеме мамандарынан, өңірдің ең үздік заңгерлері мен адвокаттарынан заң, құқық қорғау төңірегінде туындаған барлық сұрақтарын қойып, шешілмеген даулар бойынша тегін кеңестер алды.
Іс-шара соңында қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.