Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Жақсы адам-2024» сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Үздіктер қатарында Түркістан облысының да өрені бар. Биыл арнайы сыйлықпен Созақ ауданының тұрғыны, саналы ғұмырын ауыл медицинасына арнаған абзал жан Бүркіт Арынбеков марапатталды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көптің ыстық ықыласына бөленген дәрігер Созақ ауданы, Құмкент ауылының тумасы. Ол ғұмырының 58 жылын медицинаға арнап келеді. Осы аралықта жалпы саны 10 мыңнан аса ота жасаған. Хирург Бүркіт Арынбеков дәрігерлік жолында шалғай ауылдағы бөлімшелік ауруханада күрделі ота жасап, науқасты аман алып қалған. Сондай-ақ босану кезінде ана мен бала өміріне қауіп төніп, екеуінің де жанын ажалдан арашалаған. Бүгінде…
Автор: aimaq_user
Көліктерді тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жедел медициналық көмектің сапасын арттырудың маңыздылығына тоқталды деп, хабарлаған Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Жыл сайын қалада халық санының көбеюі саланы дамытып, қызметті жақсартуды талап етуде. Бүгінде мегаполис тұрғындарының саны ресми статистика бойынша 1 244 415 адамды құрады. Демографиялық өсім жоғары, жыл сайын халық саны орта есеппен 40 мыңға дейін артуда. 22 көлік төртінші шақырту санатына жататын емхалар мен ауруханалардың жедел жәрдем қызметіне берілуде. Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтарына көмек көрсететін Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының 4 филиалы және 10 қосалқы станциясында 106 бригада қызмет көрсетеді. Оның ішінде 28 дәрігер және…
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде және Түлкібас ауданы мәслихаты депутаттарының келісімдері бойынша, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Түлкібас ауданының әкімі болып Естібаев Асқар Сұлтанұлы тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімді аудан активіне таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары жаңа әкімнің канидатурасына қолдау білдірді деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түлкібас ауданының әкімі қызметін атқарып келген Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы басқа қызметке ауысуына байланысты, қызметінен босатылды. – Ауданның жаңа әкімі депутаттармен бірлесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін көтеруге және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай…
ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің әкімшілік ғимаратында департамент бастығының бірінші орынбасары — штаб бастығы полковник Александр Сладкевичтің басшылығымен аумақтық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен қызметтік жиналыс өткізілді. Қызметтік жиналысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы ҰҚК, ІІМ, ТЖМ, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің жедел-кезекшілік қызметін ұйымдастыруға жауапты өкілдері атсалысты. Аталмыш қызметтік жиналыс Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аумағындағы күштік құрылым өкілдерінің бірлесе іс-әрекет жасауы, қиын жағдайларда бірлесе жұмыс жасауы үшін өткізілді. Қызметтік жиналыс Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығының басшылығымен биылғы жылы екінші рет өткізілуде. Іс-шара соңында қызметтік әріптестікті орнатудағы жоғары жетістікке жеткен күштік құрылым өкілдері алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға берілді. Заман талабына сай ғимараттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, бапкерлер мен спортшылар және спорт ардагерлері қатысты. Өңір басшысы көпшілікті ғимараттың ашылуымен құттықтады деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Алдымен баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құтықтаймын! Бүгін Түркістан төрінде қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа Жолдауында спорт саласын дамыту міндетін жүктеді. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет екенін айтты. Осы бағытта Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын жақсартуға көңіл бөлінуде. Өңірде 3500-ден астам спорт нысаны бар. Биыл 11…
Ұлттық ұланның Шымкент қаласында орналасқан 6698 әскери бөлімінің жауынгерлері кезекті сайыста үздік деп танылды хабарлаған Оңтүстік-ақпарат. Осы жылдың 5-6 желтоқсанында Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығының 2024 жылдың 2 жарты жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 7552 әскери бөлім базасында жауынгерлік қызмет шеберлерін анықтау мақсатында сайыс өткізілген болатын. Ондағы басты мақсат жауынгерлік қызметтің сапасын жетілдіру мен арнайы мамандар арасында озық тәжірибелермен алмасу болды. Сайыста бақ сынаған бірнеше әскери бөлімнің жауынгерлері арасынан 6698 әскери бөлімінің жауынгерлері үздіктер қатарынан көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша күзеттің техникалық құралдарын басқару пультінің үздік сақшы-операторы болып 6698 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Амирбеков Ғабит Кумисбекович танылса,…
Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінде әскери қызметтің қауіпсіздік талаптарын зерделеу мақсатында кешенді практикалық оқу-жаттығу өтті деп, хабарлаған Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Сабақтар жеке құрамға, ең алдымен жас сарбаздарға қызметтік міндеттерін орындаудың қауіпсіз тәсілдерін, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ манекендер мен макеттерде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың нақты салдарларын көрсету үшін өткізілді. Осы мақсатта әскери бөлімнің жауынгерлік машиналары паркінде 14 оқу нүктесі жабдықталып, жеке құрам оқу бағдарламасын толық меңгеруге мүмкіндік алды. Оқу-жаттығу нүктелерінде әскери қызметшілерге әскери техниканы пайдалану, қару-жараққа қызмет көрсету, улы және жарылғыш заттарды пайдалану кезіндегі сақтық шаралары, қарауылда қызмет өткеру…
Түркістан облысында тағы бір ірі өндірістік кешен салынады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін инвесторлармен кезекті кездесу өткізіп, жаңа жоба барысын жан-жақты талқылады. Нәтижесінде, облыс әкімдігі мен Qingdao Wanlin Food Co азық-түлік компаниясы басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды деп, хабарлаған Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Келісім аясында көкөніс базасы Түркістан облысындағы индустриалды аймақта орналасады. Онда көкөніс кептіретін, яғни пияз және сарымсақтан өнім түрлері мен биологиялық белсенді қоспалар және мал азығын шығаратын өндірістік кешеннің құрылысы жоспарланған. Жоба құны $30 млн құрайды. Дегидрленген көкөніс зауыты бар замауани кешен құрылысының бірінші кезеңінде 50 мың тонна дайын өнім өндіріледі. Жаңа өндіріс орнының іске…
2024-2025 оқу жылына арналған басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес арнайы операциялар күштерінің әскери бөлімінің әскери қызметшілері Түркістан облысындағы «Орда» таулы оқу полигонында тәжірибелік сабақтарға кірісті. Барлық сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізіліп және функционалдық міндеттерді, сеніп тапсырылған штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды тиімді қолдану тәртібін зерделеуге бағытталған деп, хабарлаған ҚР Қорғаныс министрлігі-Министерство обороны РК. «Орда» полигоны күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды пысықтау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынатын замануй оқу орталығы болып табылады. Елдің әскери элитасы деп аталатын бөлімнің әскери қызметшілері әртүрлі салаларда өз дағдыларын осы полигонда жетілдіруде. Дайындықтың негізгі бағыттарының…
Ағымдағы жылдың 09-13 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің офицерлік құрамы біліктілік арттыру курсынан өтті. Біліктілікті арттыру курсы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Мадияр Жумадилов пен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Айнұр Идирисова бірлесе қол қойған меморандумның негізінде жүзеге асты. «Ұлттық қауіпсіздік органдары басшылық құрамына арналған басқару қызметінің заманауи құралдары біліктілік арттыру» деген атаумен өткізілген курстың басты мақсаты – көшбасшылық және басқару құзыреттерін дамыту, басқару мен жобалаудың қажетті теориялық білімдері мен…
