Қоян-қолтық ұрыс — нағыз жауынгерлік іс-әрекеттерде сыналған, әлемдік жекпе-жек өнерінің арсеналындағы көптеген функционалдық элементтерді (қолмен, аяқпен, баспен соққылар, күрес әдістері, ауыртпалық техникалар) біріктіретін қорғаныс және шабуыл әдістерін үйретудің әмбебап жүйесі.
Жалпы бұлай кеңірек ақпараттандырып отырғанымыздың себебі, Түркістан өңіріндегі Төтенше жақдайлар департаментінің қызметкері Аружан Ерікқызы Беркинбаева 30 мамыр мен 3-ші маусым күндері аралығында қоян-қолтық ұрыстан Туркия Республикасы Бурса қаласында өткен Әлем чемпионатында жүлделі 2-орынды иеленді.
Таңдап алған спорт түрінде қолдануға келетін дене қасиеттерін дамыту үшін, сондай-ақ әдістер мен тәсілді жақсы меңгеру мақсатындағы арнайы жаттығулар. Спорттық машықтанудың қазіргі жүйесінде арнайы жаттығулар жетекші спортшылардың жаттығу тәжірибесінде кеңірек қолданыла отырып, елеулі орынға ие болуда. Арнайы жаттығулардың жәрдемші қимыл-қозғалыстардың «байланысуы» мен жекеле¬ген бөліктері үйретіліп, тұрақталады. Осымен бірге әдістерді қайталауда да дене қасиеттерінің дамуына себепші болады.
Спорттық машықтанудың басты әдісі — жаттығу, яғни қимылды немесе қозғалысты қайталап орындау әдістік-тәсілдік, моральдық, ерік және ілімдік секілді дайындықтың құралдары мен түрліше міндеттеріне қатысты одан әрі дами түседі. Спортшыны тәрбиелеу, Спорттық машықтану жүйесінде моральдық жене ерік дайындығына маңызды мән беріледі. Ол спортшының барлық жолында — оның алғашқы қадамдарынан спорттық шеберліктің шыңын бағындырғанша іске асырылады. Спорттық машықтану жоспарлау — бұл болашағы көпжылдық жоспарлау. Онда спорттық машықтану ғылыми негізделген жоспарлауға ерекше мән беріледі. Жас спортшылармен жүргізілетін жұмыстың келешегін жоспарлау өте маңызды, өйткені ол өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дамуы мен өсу заңдылықтарын есептей отырып жаттығу барысын соларға ыңғайлап құруға мүмкіндік береді.
Бізде өз кезегінде Аружан жерлесіміздің бойынан сондай қасиеттерді байқадық. Жеңіс құтты болсын, деген ізгі тілегімізді қоса кетуді жөн көрдік.