Шымкент қаласының прокуратурасында қала прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығымен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөнінде Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары, қоғамдық және саяси бірлестіктердің жектекшілері, студенттер мен бизнес өкілдері қатысты.
Құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында күш біріктіруге бағытталған меморандумдарға қол қойылды.
Прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан: «Заң үйірмесі», «Киберпол», «BAIQA SYSTEM», «Кибер-Шериф», «Тазалық сақшылары», сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық пен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі жаңа ведомствоаралық тетіктер таныстырылды.
Құқықтық жобалар жәрмеңкесін «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушылары өткізді. «Заң Үйірмесі» жобасы аясында ұйымдастырылған «Жастар көзімен қылмыспен күресу» шығармашылық байқауының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.
«Қауіпсіздік — тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Мемлекет пен азаматтар бір уақытта әрекет еткенде ғана, тәртіп нығайып, қоғамда сенім артады» — деп атап өтті қала прокуроры Ғабит Мұқанов.
Жиын барысында қылмыстарды, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды ашуға үлес қосқан азаматтарға «Полицияның қоғамдық көмекшісі куәлігі» табысталды. Коммуналдық қызметкерлерге «Тазалық сақшылары» мәртебесі айқындалған сертификаттар берілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосқан белсенділерге, бизнес өкілдері мен жастарға қала прокурорының алғыс хаттары табысталды.
Кездесу соңында «Біздің күшіміз – бірлікте. Әркім қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі өз рөлін нақты білген кезде, қала шын мәнінде қауіпсіз әрі заңды құрметтейтін ортаға айналады» деп аяқтады қала прокуроры Ғабит Мұқанов.
В прокуратуре Шымкента под председательством прокурора города Габита Муканова состоялось расширенное заседание Координационного совета по вопросам общественной безопасности.
В заседании приняли участие руководители правоохранительных и государственных органов, депутаты городского маслихата, представители общественных и политических объединений, бизнеса, а также студенты.
Обсуждены вопросы укрепления правопорядка, предупреждения правонарушений и обеспечения безопасности граждан. Подписаны меморандумы между государственным и частным секторами, направленные на объединение усилий.
Презентованы инициативы прокуратуры: «Заң Үйірмесі», «Киберпол», «BAIQA SYSTEM», «Кибер-Шериф», «Тазалық сақшылары», а также новые межведомственные механизмы по борьбе с семейным насилием и уголовными проступками.
Ярмарку правовых проектов провели ученики Назарбаев Интеллектуальной школы. Победители творческого конкурса «Борьба с преступностью глазами молодежи», организованного в рамках проекта «Заң Үйірмесі», были отмечены дипломами.
Прокурор города Габит Муканов подчеркнул:
«Безопасность — это не только работа полиции и прокуратуры. Это ответственность, которую мы разделяем с обществом. Когда государство и граждане действуют заодно — порядок становится прочным, а доверие растёт».
В рамках встречи вручены удостоверения «Общественный помощник полиции» гражданам, содействующим раскрытию преступлений, в том числе в сфере незаконного оборота наркотиков. Работникам коммунальных служб выданы экипировки и сертификаты участников проекта «Тазалық сақшылары».
Благодарственные письма прокурора города вручены активистам, представителям бизнеса и молодёжи, внесшим вклад в укрепление общественной безопасности.
В завершение встречи Габит Муканов отметил:
«Наша сила — в единстве. Когда каждый знает свою роль в обеспечении порядка — город становится по-настоящему безопасным и уважающим закон».

