Өскелен ұрпақты жан‑ жақты дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау, сондай‑ақ, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын білу және жетілдіру мақсатында облыстық слеттер өтуде.
«Жас құтқарушылар слеті – Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық Білім беру басқармасымен бірлесе жыл жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан маңызды іс‑шара. Бұл слет мектеп оқушылары мен төтеншелік қызметкерлердің бірлесуімен өтуде.
Осыдан 2 күн бұрын облыстық деңгейде «Жас құтқарушы» жарысы өтті. Құтқарушылар слеті іс‑шарасына он бір ауданнан 110 оқушы қатысқан. «Жас құтқарушы» жарысының қорытындысы бойынша -1-ші орында Төлеби ауданының «Төлеби» командасы; 2-ші орында – Созақ ауданының «Т»ріскей» командасы, ал 3-ші орынды – Түркістан қаласының «Гималай» командасы иеленген. Жеңімпаз өрендерге әдеттегідей грамоталармен ынталандыру сыйлықтары табысталып, командаларға жүлделі кубоктар табысталды.
Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар арасында өтетін түрлі шаралар, оларды жарыстыру емес, керісінше өмірде кездесетін түрлі қиындықтарға, аяқ асты болатын апаттарға шыңдау, дайындығын арттыру. Осы ретте қатысушы жас өрендердің қызығушылығы мен шара барысында көрсеткен батыл қимылдары, олардың ынта‑ жігерлерінің артқаны қуантады екен.
Кешегі күні, яғни 4-ші маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Осы күннінің біздің еліміз үшін маңыздылығын өскелең ұрпақ жадыларында сақтау мақсатында Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ және Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Жас құтқарушы – 2025» атты мектеп оқушылары арасындағы облыстық туристік жарысы өтті.
Жарысқа «Облыстық жас туристер станциясы» КММ‑ нің Түркістан, Арыс қалалық, Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Қазығұрт, Отырар, Келес, Сарыағаш және Созақ аудандық бөлімдерінің үйірмешілері мен қызметкерлері қатысқан.
Жарыс кезеңдері бойынша, алдымен алғашқы көмек көрсетуді, кейін құтқару жұмысын, сосын жауынгерлік киімді кию және жауынгерлік қанат жаю тәсілін жылдам әрі нәтижелі көрсету болатын.
Мұндай жарыстардың жиілеп өтуі, ең алдымен оқушылардың түристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру, топтар арасындағы үздік туристік топтарды анықтау, құтқару жұмыстарын үйрету және төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жағдайда алғашқы медициналық көмекті көрсетуді үйретумен қатар, балалардың ептілігі мен бір‑ біріне мейірімділігін қалыптастыру екені сөзсіз.
Мұнан бөлек «Жас құтқарушы – 2025» облыстық жарысының марапаттау кезеңінде «Облыстық жас туристер станциясы» КММ директоры Сәуле Өмірсерікқызы мен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Асхат Амангелдіұлы қатысушы топтарды жеңісімен құттықтап, оларға алдағы уақытта да сәттіліктерге жете беруіне тілектестік құттықтауларын жеткізді.