Шымкент қаласындағы «Отбасын қолдау орталығында» қала тұрғындарымен кездесу өтті. Басқосуға қандастар, еңбек адамдары мен зейнеткерлер қатысып, жаңа Конституцияда көзделген әлеуметтік құқықтар мен кепілдіктер кеңінен түсіндірілді. Жиынға арнайы қатысқан заңгер-срапашы Ердәулет Тастанбек баяндама жасап, Ата заңды маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, 1995 жылы қабылданған Конституция өз кезеңінің талаптарына толық жауап бергенімен, қазіргі жаһандық өзгерістер мен жаңа сын-қатерлер жағдайында құқықтық жүйені жетілдіру уақыт талабы болып отыр. – Әлем қарқынды өзгеруде. Заң қоғамның дамуына серпін беріп, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге қызмет етуі тиіс. Уақыт өткен сайын жаңа талаптар туындайды. Сондықтан жаңа Конституция – бұл ең алдымен әділеттілік қағидатын нығайтып, әр азаматтың құқығын заманауи жағдайда тиімді…
Автор: aimaq_user
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің қатысуымен Ж.Тәшенов университетінің жанындағы ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Басқосу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, құжатта айқындалған басты бағыттар мен енгізілетін өзгерістер кеңінен талқыланды. Кездесу аясында адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын күшейту, цифрлық қауіпсіздікті мемлекеттік деңгейде нақты бекіту, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы институционалдық өзгерістердің мәні сараланды. Қатысушылар реформалардың елдің құқықтық жүйесін жаңғыртудағы рөліне тоқталып, оның қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Талқылаудың негізгі өзегіне айналған тақырыптардың бірі – Қазақстан Республикасыдамуының стратегиялық басымдықтары. Конституцияда белгіленген бұл бағыттар адами капиталды дамытуға, білім мен ғылымды қолдауға, инновациялық әлеуетті арттыруға басымдық береді. Жиында…
Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясыжанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы түсіндіріліп, мазмұнды баяндамалар жасалды. Жиынға кеңес мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кездесуде Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева жаңа Конституцияда дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер қамтылғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың кіріспе бөлігі жаңартылып, Ұлы даланың тарихи сабақтастығына сүйене отырып, Ата Заңның негізгі мақсат-міндеттері айқындалған. Спикер сондай-ақ отбасы, неке, ұлттық бірлік секілді құндылықтарды қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілгенін жеткізді.…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың білім алу құқығына ерекше мән беріліп, мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепілдік берілетіні нақты көрсетілген. Бұл норма әрбір азаматтың білімге қол жеткізуін қамтамасыз етуге және елдің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды конституциялық қағида болып табылады. Ата Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепілдік беріледі. Бұл ереже мемлекет тарапынан білім беру саласына қолдау көрсетілетінін және әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан орта білім алуға тең мүмкіндікке ие екенін айқындайды. Орта білім – көрнекті тұлға қалыптастырудың, азаматтардың жан-жақты дамуының және олардың болашақ кәсіби бағыттарын айқындаудың маңызды кезеңі. Осыған…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әрбір азаматтың еңбек ету құқығы және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау мүмкіндігі нақты бекітілген. Бұл норма азаматтардың еңбек саласындағы негізгі құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың кәсіби қызметін еркін жүзеге асыруына құқықтық негіз қалыптастырады. Ата Заңға сәйкес, әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Бұл қағида азаматтардың өз қабілеті мен біліміне сәйкес мамандық таңдауына, еңбек қызметін жүзеге асыруына және өз еңбегі арқылы лайықты өмір сүруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл норма еңбек еркіндігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Конституцияда бекітілген еңбек ету құқығы қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың меншікке және мұрагерлік құқықтарына ерекше назар аударылып, бұл құқықтардың заңмен кепілдендірілетіні нақты бекітілген. Бұл норма әрбір азаматтың жеке меншігін иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқықтық негіз қалыптастырады. Ата Заңға сәйкес, меншікке және мұрагерлік құқыққа заңмен кепілдік беріледі. Бұл қағида азаматтардың заңды түрде алған мүлкіне қол сұғылмауын қамтамасыз етіп, олардың мүліктік құқықтарының қорғалуына мемлекеттік деңгейде кепілдік береді. Сонымен қатар, мұрагерлік құқықтың қорғалуы азаматтардың өз меншігін заңға сәйкес мұраға қалдыруына және мұрагерлердің оны қабылдауына толық құқықтық мүмкіндік береді. Конституцияда бекітілген бұл норма қоғамдағы экономикалық тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың құқықтық сенімін арттыруға және меншік қатынастарының заңды негізде жүзеге…
Қазақстан Республикасының Конституциясында неке мен отбасы институтына ерекше мән беріліп, олардың мемлекет қорғауында екені нақты белгіленген. Бұл норма қоғамның негізгі тірегі саналатын отбасының құқықтық мәртебесін айқындап, ана, әке және баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды қағида болып табылады. Ата Заңға сәйкес, неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекет тарапынан қорғалады. Бұл ереже отбасының қоғамдағы орны мен маңызын айқындап қана қоймай, мемлекет тарапынан олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепілдік беретінін көрсетеді. Отбасы институтын қорғау – тұрақты және үйлесімді қоғам қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Осыған байланысты Конституцияда бекітілген бұл қағида азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге, отбасы құндылықтарын нығайтуға және…
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында азаматтардың денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше мән беріліп, заңда белгіленген медициналық көмекті ақы төлемей алу құқығы нақты бекітілген. Бұл норма азаматтардың денсаулығын сақтауға және сапалы медициналық қызметке қол жеткізуіне құқықтық негіз қалыптастырады. Ата Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтары заңда белгіленген медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқылы. Бұл конституциялық кепілдік мемлекет тарапынан халықтың денсаулығын қорғау жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қағида болып табылады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілуі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, аурулардың алдын алуға және қоғамның жалпы әл-ауқатын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл норма әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайына қарамастан қажетті медициналық қызметті алуына мүмкіндік береді.…
Шымкент қалалық адвокаттар алқасында еліміздің жаңа Конституциясына енгізілген нормалар жан-жақты түсіндірілді. Басқосуға Ата заңдағы өзгерістермен тікелей жұмыс істейтін заңгерлер мен құқық саласының өкілдері қатысты. Жиында Мемлекет басшысы бастамасымен еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басқаны айтылды. Қатысушылардың пікірінше, жаңа Конституция саяси, құқықтық және қоғамдық дамудың жаңа бағыттарын айқындап отыр. Адвокаттар атап өткендей, ауқымды өзгерістер – қоғамның ұзақ жылдар бойы қалыптасқан сұранысының және уақыт талабына берілген заңды жауап. Жаңа құжат «Күшті қоғам – Әділетті мемлекет» қағидатын алға шығарып, Парламенттің рөлін күшейтуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды көздейді. Талқылау барысында Конституцияның ел болашағын айқындайтын басты құқықтық негіз…
Шымкент қаласындағы «Сайрам нан» ЖШС-де Қазақстанның жаңа Конституциясына арналған түсіндіру кездесуі өтті. Тәтті және нан өнімдерін өндіретін кәсіпорында бүгінде 200-ге жуық адам еңбек етеді. Зауыт екі ауысымда жұмыс істейді және өнімдерін ішкі нарықпен қатар ТМД елдері мен Қытайға экспорттайды. Кездесуде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті доценті Ермек Бекбосынов жаңа Конституцияның мазмұны мен негізгі бағыттарын түсіндірді. Спикер конституциялық реформалардың қоғам өміріне, соның ішінде еңбек адамдарының құқықтарына ықпалына кеңінен тоқталды. Әсіресе еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Өндірістік кәсіпорын үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету – басты талаптардың бірі. Конституциялық деңгейде әр азаматтың қауіпсіз еңбек ету құқығының бекітілуі жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын…
