Автор: aimaq_user

Ана — өмірдің бастауы, жылулықтың көзі және таусылмас төзімнің символы. Ал бойында ерекше қажеттіліктері бар, дене мүмкіндіктері шектеулі баланы тәрбиелеп, оның болашағы үшін күнделікті күресетін аналардың еңбегі — нағыз ерлікпен тең. Мұндай аналар тек отбасының ұйытқысы ғана емес, олар — баласының бойына өмірге деген құштарлықты оятатын үлкен күш иелері. Әйтсе де, күнделікті күтім, психологиялық жүктеме және қоғамдық ортадағы түрлі кедергілер аналардың эмоционалдық тұрғыдан шаршауына, ішкі энергиясының таусылуына әкеп соғатыны жасырын емес.            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде инклюзивті қоғам қалыптастыру, ерекше мұқтаждықтары бар балалар мен олардың отбасыларына кешенді әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мәселесін басты назарда ұстап келеді. Осы маңызды мемлекеттік саясат…

Read More

Қоғамның болашағы, оның интеллектуалдық және адамгершілік әлеуеті тікелей бүгінгі өскелең ұрпақтың, яғни жастардың бойындағы құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілік деңгейімен өлшенеді. Сондықтан да жастық шақ — адам баласының өмірлік құндылықтары қалыптасатын, жақсы мен жаманды, заңды мен заңсызды ажырататын ең маңызды кезең. Осы ретте, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оларды кез келген зорлық-зомбылық көріністерінен қорғау және саналы азамат ретінде тәрбиелеу — мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» тұжырымдамаларын алға тарта отырып, қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін орнатуды, әсіресе әйелдер мен балаларға, жастарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұруға бейімдеу қажет. Себебі, қауіпсіз қоғам…

Read More

Мемлекеттің іргетасы — отбасы, ал отбасының ұйытқысы — ана. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен рухани саулықтың деңгейі тікелей әйелдердің әл-ауқатымен, олардың құқықтық қорғалуымен және психологиялық жай-күйімен өлшенеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағдарламалық сөздерінде отбасы институтын нығайтуды, ана мен баланы қорғауды, қоғамда «Заң мен Тәртіп» үстемдігін орнықтыруды ұлттық қауіпсіздіктің негізгі кепілі ретінде атап көрсеткен болатын. Осы орайда, еліміздің жетекші саяси күші саналатын «AMANAT» партиясы қоғамның өзекті мәселелерін шешуде, әсіресе нәзік жандылардың мүддесін қорғауда алдыңғы шептен көрініп келеді. Түркістан облысының ең серпінді аймақтарының бірі — Арыс қаласында партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында өткізілген ауқымды психологиялық және құқықтық көмек көрсету акциясы осы игі…

Read More

5574 әскери бөлімінде қызмет ететін Нурмановтар отбасы – әскери өмірдің жауапкершілігі мен отбасылық құндылықтарды қатар алып жүрген үлгілі жанұялардың бірі. Нурманов Бекболат Абдиманапович әскери қызмет жолын 2012-2013 жылдары 5514 әскери бөлімінде мерзімді әскери борышын өтеуден бастаған. Әскердегі алғашқы тәжірибе оның болашақ мамандығын айқындап, елге қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырды. 2013 жылы ол 6698 әскери бөліміне жұмысқа орналасып, кәсіби әскери қызметін жалғастырды. 2016 жыл Бекболаттың өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болды – осы жылы ол болашақ жары Мәлібек Салтанат Қанатқызымен танысып, шаңырақ көтерді. Отбасы құрған жас жұптың бақытын еселеген қуанышты сәттер де көп күттірмеді: 2017 жылы тұңғыш ұлдары дүниеге келсе, 2019 жылы…

Read More

Өркениетті қоғамның ең басты құндылығы — адам, ал оның ең қорғансыз әрі ерекше қамқорлықты қажет ететін бөлігі — балалар. Баланың рухы сау, тәні аман және ертеңгі күнге деген сенімі берік болып өсуі тікелей оның айналасындағы әлеуметтік ортаға, ең алдымен өзі түтін түтетіп отырған шаңырағына байланысты. Отбасы — бала үшін қауіпсіздік пен мейірімнің мекені болуы тиіс. Алайда, заманауи қоғамда «ішкі отбасылық кикілжіңдер», «тұрмыстық қысым» және «балаларға қатысты қатыгездік» сияқты заңға да, адамгершілікке де жат келеңсіздіктер толық жойылмай отырғаны ащы да болса шындық.      Отырар аудандық Отбасын қолдау орталығының психолог маманы А.Маханбетжан және аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау топтарының аға инспекторы, полиция…

Read More

Шаңырақ — әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылығы, тәрбиенің алтын бастауы, мейірім мен қамқорлықтың қасиетті ордасы. Мемлекет пен қоғамның іргетасы саналатын отбасы институты берік болғанда ғана ұлттың рухы сау, болашағы жарқын болады. Ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке және еңбекқорлыққа баулу ісі ең алдымен әр үйдің босағасынан, ата-ананың үлгі-өнегесінен бастау алады. Мерейлі де мағыналы мерекелердің бірі — Отбасы күніне орай, аймақта үлкен рухани-мәдени мәні бар, ауқымды салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл тағылымды басқосудың ең басты ерекшелігі — қоғамға, өскелең ұрпаққа өнеге тұтарлық Исаковтар отбасының арнайы шақыртылып, құрмет төрінен орын алуы болды. Аудан азаматтары, қоғам белсенділері және жас жұбайлар қатысқан бұл…

Read More

Отбасы — адам баласының адамгершілік қасиеттерді меңгеретін алғашқы алтын бесігі, ал ата-ана тәрбиесі — тұлғалық қалыптасудың іргетасы. Бүгінгі жаһандану дәуірі мен ақпараттық ағымдардың күшеюі кезеңінде ұлттық тәрбие үлгілерін сақтап қалу, отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен қарым-қатынас мәдениетін арттыру қоғам алдындағы ең өзекті міндеттердің біріне айналды. Мемлекет басшысының бағдарламалық мақалаларында ұлттық салт-дәстүрді, отбасы институтын қорғауды және өскелең ұрпақты имандылыққа, үлкенге құрмет көрсетуге баулуды басты идеологиялық бағыт ретінде айқындап берді. Мекемеде «Отбасы күніне» орай ұйымдастырылған «Отбасылық құндылықтар және қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қазіргі таңда отбасылық кикілжіңдердің, ажырасулардың және жастар арасындағы түсініспеушіліктердің басты себебі — қарым-қатынас мәдениетінің төмендігінен туындап отырғаны жасырын…

Read More

Қоғамның рухани кемелдігі мен мемлекеттің әлеуметтік тұрақтылығы ең алдымен ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікке, мұқтаж жандарға көрсетілетін қамқорлық деңгейіне тікелей байланысты. Халқымыз «Жанашыры бар жұрт тозбайды» деп текке айтпаған. Әсіресе, нарықтық экономика мен жаһандық сын-қатерлер дәуірінде әлеуметтік тұрғыдан осал, қолдауды қажет ететін отбасыларды назардан тыс қалдырмай, оларға дер кезінде жәрдемдесу — заманауи жасампаз қоғамның басты белгісі.                                                                         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағдарламалық сөздерінде «Әділетті Қазақстан» құрудың негізгі шарты ретінде әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуді және қоғамда «Адал азамат» қағидаттарын орнықтыруды басты міндет етіп қойды. Бұл ретте елдегі жетекші саяси күш — «AMANAT» партиясы мемлекеттік бағдарламалардың халық арасында сапалы орындалуын…

Read More

Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап, оның өмірінің әрбір кезеңі, мінез-құлқының қалыптасуы, рухани болмысы мен жетістіктері тікелей бір ортамен байланысты. Ол орта — отбасы. Отбасы – адам өміріндегі ең жылы орын, жүрекке тыныштық сыйлайтын аяулы мекен. Ғасырлар бойы адамзат баласы түрлі өркениеттер мен әлеуметтік жүйелерді бастан өткерсе де, отбасынан асқан қасиетті, одан терең рухани институтты ойлап таба алған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның ішкі тұрақтылығы мен жасампаздығын арттыруда, «Адал азамат» және «Салауатты сана» тұжырымдамаларын ұлт санасына сіңіруде отбасы тәрбиесінің рөлі баға жетпес екенін үнемі атап өтеді. Өйткені, мемлекеттің беріктігі — әрбір шаңырақтың бүтіндігінен бастау алады. Әр адамның бақыты…

Read More

Мемлекеттің беріктігі мен ұлттың жасампаздығы әрбір шаңырақтың түтіні түзу ұшып, отбасы институтының қаншалықты деңгейде дамығанымен өлшенеді. Отбасы — мейірімнің мекені, тәрбиенің бастауы, қоғамның берік іргетасы. Сан ғасырлар бойы қазақ халқы ұрпақ тәрбиесін, ошақ қасының берекесін, үлкенге құрмет пен кішіге ізет құндылықтарын ұлт болмысының алтын діңгегі етіп келді. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда «Адал азамат» және «Салауатты сана» қағидаттарын орнықтырудың негізгі мектебі — отбасы екенін үнемі алға тартып, бұл бағытта ауқымды реформаларды жүзеге асыруда. Осы маңызды мемлекеттік саясат аясында, 15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай, еліміздің бас қаласы Астанада «Отбасы институты: диалог, серіктестік, даму» атты халықаралық форум өз…

Read More