Автор: aimaq_user

Мақтаарал ауданында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Рухани шара Достық ауылдық округіне қарасты Ж.Қалшораев ауылындағы Абай ескерткіші алдында өтіп, оған ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ұстаздар мен мектеп оқушылары және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа Абайдың рухани мұрасын таныту, оның тағылымды ойлары арқылы білімге, еңбекке, адамгершілікке және елжандылыққа тәрбиелеу. Ең алдымен жиналған көпшілік қауым Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиында сөз алған Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов Абай мұрасының қазақ халқының…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендердің, әсіресе ауылдық аумақтардың әлеуметтік-эеономикалық жағдайын жақсартуды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіледі. Бұл бағыттағы тапсырмалар негізінен халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және жергілікті экономиканы ынталандыруға бағытталған. Негізгі тапсырмалары мен олардың іске асырылу бағытында «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» ауылдық жерлерде қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруды көздейді. Осы орайда, Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, ауылдарды көркейту және халыққа жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстар қарқынды жалғасып жатыр. Қала әкімі Жандос Тасовтың нақты тапсырмасына сәйкес, Хантағы ауылының инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру шаралары басты…

Read More

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударады. Осы бағыттағы негізгі міндеттердің бірі – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді азайту және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тұрақты түрде бақылау жүргізіп, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Қойылған міндеттерді іске асыру аясында Департамент тарапынан жүйелі түрде бақылау және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Дегенмен, мемлекеттік органдар тарапынан азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілетін жекелеген жағдайлар кездеседі. Атап айтқанда, негізсіз бас тарту, артық құжаттар талап ету немесе қызмет…

Read More

Құрылтай – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды мәселелерді талқылап, ортақ мақсат пен міндеттерді айқындауға мүмкіндік беретін кең ауқымды диалог алаңы. Мұнда қоғамның өзекті мәселелері көтеріліп, ел дамуының басым бағыттары сараланады. Қазіргі кезеңде мемлекет пен қоғам арасындағы ашық байланысты нығайтуға, азаматтардың ұсыныстары мен пікірлерін ескеруге ерекше мән беріліп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтайдың жұмысы қоғамдық диалогты дамытуға және түрлі әлеуметтік топтардың пікірін ортақ талқыға шығаруға мүмкіндік береді. Құрылтай аясында білім мен ғылым, мәдениет, жастар саясаты, экономика, әлеуметтік сала, өңірлердің дамуы және азаматтық жауапкершілік секілді маңызды бағыттар талқыланады. Әр мәселе бойынша нақты ұсыныстар айтылып, оларды іске асырудың тиімді жолдары қарастырылады. Қоғамның дамуы тек…

Read More

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен заңнамалық реформалар аясында шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту, отандық өндірісті ынталандыру, аграрлық секторды қаржылай қолдау және ауылдық жерлерде кәсіпкерлік белсенділікті арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Кәсіпкерлік – ұлттық экономиканың басты қозғаушы күші. Мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдетілген қаржылық ресурстар, субсидиялар мен кепілдіктер әрбір бастамашыл азаматқа, әсіресе өңірлердегі кәсіпкерлерге кедергісіз әрі қолжетімді болуы тиіс. Ол үшін қаржы институттары мен әкімдіктер кабинетте отырмай, кәсіпкерлерге өздері барып, түсіндіру және консультация беру жұмыстарын күшейтуі шарт» деп үнемі баса айтып…

Read More

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бірлік пен өзара бауырмалдық символы – «Асар» дәстүрін қайта жаңғырту және қаламызда тазалық мәдениетін орнықтыру мақсатында Кентау шаһарында кезекті ауқымды бастама қолға алынуда. Кентау қалалық «Руханият орталығының» ұйымдастыруымен, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Асарлат» акциясы өтеді.  Ауқымды шараның негізгі мақсаты – ұлттық дәстүрдің терең мәнін дәріптеу, тұрғындарды ортақ игі іске жұмылдыру, көркейту-көгалдандыру мәдениетін қалыптастыру және тұрғын үй аулаларының тазалығына деген азаматтық жауапкершілікті арттыру болып табылады. Экологиялық әрі рухани акция қаламыздың орталық көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үй аулаларын қамтитын болады. Шараның өтетін орны мен уақытына тоқталсақ, 12 қыркүйек, сағат 10:00-де, Абай даңғылы №1, 3, 3А, 5…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Діни сенім бостандығына кепілдік берілген бірақ жүгенсіздік пен тәртіпсіздікке жол беруге болмайды» деген ұстанымы негізінде еліміздің зайырлылық қағидаттары мен заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуде және қоғамдағы мәселелерге байланысты экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстары мақсатты жұмыс жасап келеді. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қарқынды дамыған заманда әлеуметтік желілер мен ғаламтор кеңістігі күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда, виртуалды әлемде пайдалы мәліметтермен қатар, шынайылығы тексерілмеген, бұрмаланған және деструктивті бағыттағы діни ақпараттар да кеңінен таралуда. Осыған байланысты Қарнақ мешітінің бас имамы Құрбанкулов Дастон Усманұлы әлеуметтік желілерде діни ақпаратты тұтынуда және уағыз тыңдауда сақтық танытудың маңыздылығы жөнінде арнайы ақпараттық-насихаттық…

Read More

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы мен заңнамалық реформалар аясында ана мен баланы қорғау, отбасы институтын нығайту, демографиялық өсімді ынталандыру және көпбалалы аналардың қоғамдағы мәртебесін көтеру – мемлекеттік саясаттың ең басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық сөздерінде: «Отбасы – кез келген мемлекеттің ең басты тірегі. Ал ана – отбасының жылуы мен берекесін сақтаушы, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, еңбекқорлық пен адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді дарытушы ерекше тұлға. Көпбалалы аналарға құрмет көрсету, оларды мемлекет тарапынан әлеуметтік және моральдық тұрғыдан қолдау – біздің азаматтық та, мемлекеттік те міндетіміз» деп үнемі баса айтып…

Read More

Қоғамдық денсаулықты сақтау, жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу және халық арасында иммундау жұмыстарының тиімділігін арттыру – денсаулық сақтау саласының басты басымдықтарының бірі. Осы орайда Кентау қалалық емханасында профилактикалық егуден бас тартқан азаматтардың қатысуымен вакцинацияның маңыздылығын түсіндіруге арналған кешенді дөңгелек үстел ұйымдастырылды.    Алқалы іс-шараның негізгі мақсаты – халық арасында вакцинацияның маңызы туралы ғылыми негізделген әрі жан-жақты дәлелді ақпарат беру, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға кәсіби тұрғыда жауап қайтару және жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту болып табылады. Танымдық дөңгелек үстел барысында медицина, санитариялық бақылау және руханият саласының білікті мамандары сөз алып, вакцинацияның әлеуметтік және медициналық маңызын жан-жақты сарапқа салды. Кентау қалалық…

Read More

Кентау қаласына қарасты тарихи Қарнақ елді мекенінде тұрғындардың көптен күткен қуанышты оқиғасы орын алды. Салтанатты жағдайда заманауи үлгіде бой көтерген «Достық үйі» мәдениет және бірлік орталығы пайдалануға берілді. Айтулы шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жергілікті тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Аймақ басшысы жаңадан салынған еңселі ғимаратты толық аралап көріп, ондағы заманауи құрал-жабдықтармен және мәдени үйірмелердің дайындығымен танысты. Салтанатты ашылу жиынында сөз сөйлеген Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы бұл бастаманың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аймақтарда этносаралық татулықты нығайту және «Достық» үйлерін көбейту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқанын атап өтті. — «Құрметті қарнақтықтар! Баршаңызды тарихи Қарнақ ауылындағы жаңа…

Read More