Автор: aimaq_user

Созақ ауданындағы елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – өңірді дамытудағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсартудағы басты бағыттардың бірі. Бұл мақсатта ауданда ауқымды инженерлік жұмыстар жүргізіліп, су көздерін іздеу және бұрғылау жұмыстары жалғасуда. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес мекемесі — «Волковгеология» акционерлік қоғамының күшімен аудандағы бірқатар ауылдарға таза ауыз су жеткізу мақсатында ұңғыма қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су Инфрақұрылымы Қамтылған Ауылдар Жоба негізінен Созақ ауданының Бабата, Қызылкөл, Құмкент, Қарақұр және Қаратау ауылдарын сапалы ауызсумен қамтуға бағытталған. Бұл – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы маңызды қадам. Бабата ауылы: Бұған дейін Бабата ауылында тереңдігі 507 метр болатын ұңғыма қазылып, сағатына шамамен 100…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын және оған жалпыұлттық референдумда белгіленген саяси жаңғыру бағдарындағы азаматтардың көпшілігінің қолдауы ықпал еткенін атап өткені естеріңізде болар. – Конститутциялық реформа жаңа әділетті Қазақстанды құрудағы негізгі қадам болды, — деп атап өтті Президент. – Саяси жаңғыртудың жалғасы құрылымдық экономикалық қайта құрулар, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнататын «азамат – бизнес — мемлекет» арасындағы қатынасты қайта құру болады. Сондай-ақ, қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолдау көрсетуге кепілдік беріледі. Қазақстан Басшысы шағын және орта бизнесті дамыту аспектілеріне ерекше назар…

Read More

Кентау қаласындағы инфрақұрылымдық жобалардың қарқынды жүзеге асырылуы – Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (ТКШ) жаңғырту жөніндегі стратегиялық мақсаттарының нақты көрінісі. Бұл жұмыстар қаланың инженерлік инфрақұрылымын нығайтып, тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын түбегейлі арттыруға бағытталған.  Хантағы ауылына табиғи газ жеткізу жобасы – Кентаудың тек әлеуметтік ғана емес, экономикалық дамуын да қамтамасыз ететін маңызды бастама. 12,3 шақырымдық магистралды газ құбырының 6,8 шақырымының тартылуы және жобаның ағымдағы жылы аяқталу жоспары – көгілдір отынның тек тұрғындарға ғана емес, арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймаққа жеткізілуіне жол ашады. Бұл – кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті…

Read More

Кентау қаласының тарихы мен экономикалық дамуында кен байыту ісіне бүкіл саналы ғұмырын арнаған, «Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты» және «Ленин орденінің иегері» атанған Владимир Ефремович Калемистовтың есімі – «Жұмысшы мамандықтар жылының» және «Еңбек адамы» бейнесін танымал етудің ең жоғары үлгісі. Оның еңбек жолы – Мемлекет басшысының еңбексүйгіштікке баулу, халықтың әл-ауқатын арттыру және ұлттық бірлікті нығайту жөніндегі стратегиялық бағыттарын толықтай көрсетеді. В.Е. Калемистовтың 1958 жылы «Ащысайтүстіметалл» комбинатының жүйесінде басталып, терең ұңғыманы бұрғылаушыдан біріккен тоннель жасау бригадасының басшысына дейін көтерілуі – кәсіби өсудің және еңбектің әділетті бағалануының жарқын мысалы. 1975 жылы 31 жұмыс күнінде 1651,3 желілік өлшемді қамту және бір ауысымда кеншіге…

Read More

Қай кезеңде болмасын елдің дамуы, қала мен ауылдың өркендеуі – қарапайым еңбек адамынан басталады. Ол жандардың еңбегі еөзге көп көріне бермегенімен, олардың қолтаңбасы қаланың ірбір жетістігінде бар. Әрбір салынған жолда, бой көтерген ғимаратта, абаттандырылған аймақта, халыққа жасалынған игілікте – сол еңбек адамдарының маңдай тері мен табанды еңбегі жатыр.  Сондай жандардың бірі, бірегейі Кентау қаласының тазалығын сақтау мекемесінде 24 жылдан астам уақыт адал қызмет етіп келе жатқан 62 жастағы көпбалалы ана және бақытты әже Ақтоты Кемелбекқызы. Оның тынымсыз еңбегі – Мемлекет басшысының «Еңбек адамы» бейнесін танымал ету және жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызын арттыру жөніндегі бастамаларының жарқын дәлелі. Оның жұмысы Үкіметтің коммуналдық…

Read More

Отырар ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстардың нақты көрінісі. 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Қарақоңыр ауылы округіндегі Сырдария елді мекенінде ауыз су жүйесі салтанатты түрде пайдалануға берілді. Бұл жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Таза ауыз су» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламаларының аясында жүзеге асты. Қайтарылған қаражат – халық игілігіне Аталған нысанның құрылысының ерекшелігі сол – ол мемлекетке прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды. Бұл – заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қайтарылған қаражатты тікелей…

Read More

Қазіргі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін ғаламдық мәселе – діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясат Отырар ауданында да белсенді жүргізілуде. Бұл жұмыс профилактика және мақсатты реабилитациялау сияқты екі негізгі бағытты қамтиды. Кездесудің Мақсаты Және Ұйымдастырылуы Т.Ибрагимов және Көкмардан жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен Талапты ауыл округінің тұрғындарының қатысуымен өткен кездесуді Отырар ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды. Басты Міндет: Студент жастардың бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру иммунитетін дамыту, азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Мақсаты: Тұрғындар мен жасөспірімдерге теріс пиғылды діни ағымдардың алдын алу туралы терең түсінік беру, бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік…

Read More

Отырар ауданында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат кешенді әрі жан-жақты іс-шаралар арқылы іске асырылуда. Қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күні аясындағы апталық ана мен баланы қорғауды, демографиялық өсімді және ұлттық дәстүрлерді дәріптеуді мақсат етті. Аудан басшылығының бастамасымен өткен бұл шаралар отбасылық және гендерлік саясаттың барлық бағыттарын қамтыды. АНА ЕҢБЕГІН ҰЛЫҚТАУ ЖӘНЕ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ Мемлекеттік қолдаудың ең маңызды көрінісі – көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімі болды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сейітқұл Қыдырбай Құнанбайұлы аналарды қабылдап, олардың қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Марапаттың Мәні: Жеті және одан да көп баланы тәрбиелеген 2 отырарлық анаға «Алтын алқа», алты бала…

Read More

Созақ ауылында «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» орталығының салтанатты ашылды. Өз кезегінде өңірлерді дамыту мәселелерін тек экономикалық және инфрақұрылымдық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге адами және әлеуметтік перспективадан қарастырудың нәтижесінде өңірімізде жасампаздыққа толы жаңашыл жұмыстар бой көтеруде. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков атап өткендей, бұл жоба зейнеткерлер мен ерекше жандардың қоғамнан шет қалмай, белсенді өмір сүруіне жағдай жасайтын маңызды бастама.      Тең қоғам принципіндегі орталықтың зейнет жасындағы ардагерлер мен 18 жастан асқан ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналуы – Созақ ауданының әлеуметтік саясатының инклюзивті сипатқа ие екенін көрсетеді. Бұл – әлеуметтік теңдікті және қоғам өміріне қатысу құқығының баршаға бірдей қамтамасыз етілуін білдіреді.…

Read More

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел қолдау тауып отырғаны шындық.     Ия, билік бұқараға жақын болуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір түрлі болғанымен, бәрінің айтпағы бір қазанда қайнап, айтылған сөз іс жүзінде жүзеге асып жатқанын көз көріп, құлақ естуде. Мемлекет басшысының қызметінің ең басты ерекшілігі – оның әр сөзі, әр қадамы, әр шешімі және әрбір ісі арқылы халыққа жақындауға ұмтылуы. Бұл ұмтылыстың серпіні Түркістан облысына қарасты Созақ ауданынан да көріп, оны паш етуге болады. Осы ретте, цифрлық…

Read More