Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласы кезекті рет ірі спорттық доданың орталығына айналды. «Сүйіліш батыр» спорт клубының ұйымдастыруымен таеквондодан Сүйіліш батырды еске алуға арналған VII ашық республикалық турнир жоғары деңгейде жалауын желбіретті. Биылғы жарыс қатысушылар санының көптігімен және бәсекелестіктің жоғарылығымен ерекшеленді.
Салтанатты шараның ашылу рәсіміне өңірдің спорт саласының басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Батырханұлы, Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы және Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы сөз сөйлеп, спортшыларға ақ тілектерін білдірді.
Қонақтар өз сөздерінде Түркістандағы спорттық инфрақұрылымның дамуы мен мұндай ауқымды шаралардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталып өтті. Батырлар рухына тағзым ету мен ұлттық намысты қайрау — турнирдің басты идеялық бағыты болды.
Бұл турнир жыл өткен сайын республикалық деңгейден асып, халықаралық сипатқа ие болып келеді. Биылғы жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек, көршілес Ресей, Моңғолия және Өзбекстан мемлекеттерінен кіл мықтылар жиналды.
Турнирдің рекорды ретінде биыл 1270 спортшының тіркелгенін айтуға болады. Мұндай үлкен көрсеткіш таеквондо спортына деген қызығушылықтың артқанын және «Сүйіліш батыр» турнирінің халықаралық спорт күнтізбесіндегі беделін айқындайды.
Үш күн бойы жалғасқан тартысты жекпе-жектер тек жеңімпаздарды анықтап қана қоймай, бірнеше маңызды міндеттерді жүзеге асырды. Батыр бабалардың есімін ұлықтау арқылы жастардың бойында отансүйгіштік сезімін ояту. Таеквондо — бұл тек соққы емес, ол — темірдей тәртіп пен өзіңді меңгеру өнері. Отандық спортшылардың шетелдік балуандармен күш сынасуы арқылы кәсіби деңгейін көтеру.
Біздің қазіргі қоғамда спортпен айналысқан өте дұрыс. Себебі өзінді еркін сезінгенге не жетсін, жаттығудан шыққаннан кейін шаршап дененнің ауырғаны да бір ғажап қой. Денсаулығыңыз мықты болу үшін спортпен айналысқаныныз жөн. Спорттың түрі көп, соның арасынан ерекше бір спорт түрі жайлы айтатын болсам ол Таэквондо.
Таэквондо да спортшының аяғы мен қолы жұмыс істейді, мақсаты жарыс ережелеріне сай жеңіске жету. Таеквондошы әрқашан өз-өзіне сенімді, салқынқанды, сабырлы не нәрсе жасаса да ойланып барып орындайтын адам.Таэквондо шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың бір түрі. Корей халқының ұлттық спорты ретінде мәлім.
Таеквондо дегеніміз, ол қандай спорт түрі және оның қандай артықшылықтары бар дейтін ата-аналарға айтарымыз, азіргі балалар көбінесе отырықшы өмір салтын ұстанады, бұл олардың денсаулығы мен психикалық дамуында бірқатар мәселелерге әкеледі. Бала қандай спорт түрін таңдаса да, оның таңдауын қолдау керек, бірақ кейде талап ету керек. Заманауи бала үшін таеквондоның артықшылығы анық – мұндай спорт: төзімділікті, салмақты бақылауды, сенімділікті, өзін және үлкендерді сыйлауды қалыптастырады.⠀ ⠀
Өзінің пікірлестерімен бір топта үйрене отырып, бала өзін ұжымның бір бөлігі ретінде түсінеді және ұжымдық нәтиже үшін жауапкершілікті сезінеді. Жарыстарда немесе демонстрациялық іс-шараларда сөйлеген кезде балалар жауапкершілікті, көшбасшылықты, тәуелсіздік пен өз қабілеттеріне сенімділікті дамытады. Бозкілемдегі тартыс, әрине жеңіс пен жігер екені сөзсіз. Мұнан бөлек, бұл спорт түрі жекпе-жектердің арасындағы ең мәдениеттісі болып саналады. Мұнда бірінші кезекте қарсыласқа құрметпен қарауды үйретеді. Құлап қалғанда соққы жасауға қатаң тыйым салынады.
Жалпы, даянгтағы (таеквондо кілемі) жекпе-жектер аса жоғары жылдамдықта және техникалық тұрғыдан шебер орындалды. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасындағы бәсеке көрермендердің делебесін қоздырды. Үш күнге созылған марафон соңында үздік шыққан спортшылар арнайы дизайнмен жасалған медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тақырыпты тарқата келе айтпағымыз, Түркістан төріндегі Сүйіліш батыр атындағы VII ашық турнирі — спорттық мереке ғана емес, бұл — достық пен бірліктің нышаны. 1200-ден астам жас жүректің бір арнада тоғысуы Қазақстанның спорттық болашағының жарқын екенін көрсетті. Түркістан қаласы бұдан былай да халықаралық деңгейдегі осындай ауқымды додалардың құтты мекені болып қала бермек.

