“Тазалық-табалдырықтан басталады”, сондықтан да қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылары сөзсіз.
Біздің тазалығымыз – қаланың тазалығы! Біздің қалада тазалықты бірге сақтайық және көне шаһарымыздың өркендеуіне бірге ат салысайық деген патриоттық сезім, әрбір қала тұрғынының санасында сайрап тұруы қажет, тіпті міндет деуге де саяды.
Неге десеңіз, қоршаған ортаның тазалығыда адам өмірне әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Әрқашанла қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын көрсетуіміз керек. Сол себептіде жылдың қай мезгілінде болмасын қаламызда түрлі тазалық акциялары жүйелі түрде өтіп тұрады. Мұндай игілікті шараларға қатысып жүрген жандар, сыпырып тазалау, ағаш егу, гүлдер мен ағаштардың арасындағы арам шөптерді жұлып, тіпті көшедегі су ағатын арықтарды да тазалап, жемісті, бау-бақшалы алқаптарға баратын судың жолын ашамыз. Мұнын бәрі тазалықтың тармақтары. Бақытты өмір сүргіміз келсе әркезде де таза болып жүруді әрбіріміз жадымызда сақтағанымыз жөн. Әрине, қаламыздың тазалығына жауапты мекемелерде баршылық. Дегенмен, сол мекемеде таңның атысы, күннің батысы тер төгіп жұмыс жасайтын, егде жастағы мен жас азаматтардың өлшеусіз еңбегңн бағалайық. Олардың төккен теріне құрмет танытайық. Жалпы, өзімізге деген сыйластықты, қара жұмысшылардың ерен еңбегіне сүйіспеншілік танытумен жеткізейік.
Сонымен, Түркістан қаласының қазіргі заманғы инфрақұрылымы мен туристік әлеуетін ескере отырып, қаланың санитарлық-тазалық деңгейін қамтамасыз ету басымдықты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл ауқымды жұмыс «Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі сақтаулы серіктестігі (ЖШС) тұрақты және жүйелі бақылауымен атқарылуда. Мекеменің кешенді іс-шаралары қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындардың жайлы өмірін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қала тазалығын сақтау процесіне тартылған 509 қызметкерден тұратын жедел топтың жұмысы ерекше маңызға ие. Әрбір қызметкерге нақты бекітілген аумақтар жүктеліп, олар күнделікті негізде көшелерді механикалық және қолмен сыпыру, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстарын орындайды. Қысқы маусым кезінде операциялық кесте таңғы сағат 08:00-де басталып, жұмыстың мерзімділігі мен сапасы қатаң қадағаланады.
Түркістан қаласының жалпы 845 шақырымды құрайтын 875 көшесін тазалау жұмыстары кезектілік принципіне сәйкес үш санатқа бөлініп ұйымдастырылған. Бұл әдіс ресурстарды тиімді бөлуге және қаланың маңызды аймақтарына басымдық беруге мүмкіндік береді.
Тарқатып айтар болсақ, бірінші санат бойынша 30 көше тазалау жұмыстары міндеттелген. Оған, қаланың негізгі магистральдары, әкімшілік және қоғамдық маңызы бар орталық көшелер. Бұл көшелердің тазалығы күнделікті негізде қамтамасыз етіледі. Екінші санатқа 120 көше енеді. Олар, орталық аудандарға жақын орналасқан және қозғалыс қарқындылығы жоғары көшелер. Бұлардың тазалануы аптасына 2-3 рет тұрақты кестемен реттеледі. Ал, үшінші санат бойынша бөлінгені 725 көше. Демек, шеткі және тұрғын үй массивтеріндегі көшелер. Олардың атқаратын жұмысы бекітілген кестеге сәйкес, бірақ жоғарыдағы екі санаттан кейінгі кезектілікпен тазаланады.
Қала аумағындағы тұрмыстық қалдықтарды жинау және полигонға шығару процесі үнемі мониторингте. Ай сайынғы жиналатын тұрмыстық қалдықтардың көлемі 1950-ден 2200 тоннаға дейінгі аралықты құрайды. Бұл қалдықтар арнайы мамандандырылған полигонға уақытылы жеткізіліп, санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес залалсыздандыру шаралары жүргізіледі.
Бұл жүйелі жұмыстар Түркістан қаласының тек қана сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздігін арттыруға тікелей ықпал етеді. Санитарлық тазалықтың тұрақты бақылауда болуы қаланың тұрақты дамуының маңызды факторы болып саналады.

