Кентау қаласының білім беру жүйесіндегі реформалар заман талабына сай, технологиялық жаңғыру мен үздіксіз кәсіби дамуға негізделген. Осы бағыттың айқын көрінісі ретінде, 2025 жылдың қараша айының 25-і күні Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицей базасында өткен «Мектеп жүйесіндегі жасанды интеллект және цифрлық педагогика» тақырыбындағы қалалық оқыту семинарының маңызы зор. Кентау қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған бұл шара мектеп директорларының бейінді ісі жөніндегі орынбасарлары мен жас мамандардың қатысуымен өтті. Бұл – мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытудағы реформалардың жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын дәлелдейтін маңызды қадам. Семинардың ашылуы мектеп-лицей ұстаздарының ұйымдастыруымен өткен «Мектеп жүйесіндегі жасанды интеллект және цифрлық педагогика» тақырыбындағы білім көрмесімен…
Автор: aimaq_user
Кентау қаласының білім беру жүйесіндегі заманауи реформалар тек академиялық білімнің тереңдігін арттырумен ғана шектелмейді; олар жас ұрпақтың ғылыми-техникалық креативтілігін, экологиялық жауапкершілігін және тұрақты дамуға деген ұмтылысын қолдауға бағытталған. Осы стратегиялық бағыттың айқын дәлелі ретінде, Кентау қаласы, А.С. Пушкин атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы Қонысбек Маралдың ғылыми жобасын атауға болады. Ол «Қаптама және тағам сапасы – материалдар мен тағам арасындағы өзара әрекет» тақырыбындағы зерттеуі арқылы, үй жағдайында крахмалдан экологиялық таза биопленка жасап шығарды. Бұл бастама – білімге ұмтылу мәдениетін ғылыми және практикалық деңгейде танымал етудің ең жоғары үлгісі. Қонысбек Маралдың зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі қаптама…
🔹Бүгін Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы өтті. 🔹ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгеруші Марат Әзілхановтың жетекшілігімен өткен телекөпірде жыл ішінде атқарылған ауқымды жұмыстар мен іске асқан жобалар сараланып, алдағы межелі мақсат-міндеттер айқындалды. 🔹Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» ұйымдастырылған телекөпірге барлық өңірлер қосылды. Елдің ішкі бірлігін бекемдеу, этносаралық татулықты тұғырынан түсірмеу жолындағы кешенді жобалар мен іске асқан мазмұнды іс-шаралар талқыланған қорытынды форумда ҚХА құрылымдарының жетекшілері сөз сөйледі. Ал атаулы жылы өңірлерде ассамблея жобалары, ассамблея жастары, қайырымдылық, этномедиация сынды түрлі бағыттар…
Кентау қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Сессияға қала әкімі Жандос Тасов, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты. Маслихат сессиясын қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов жүргізді. Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер: Кентау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің шамасын төмендету туралы мәселе. Бұл бағытта кәсіпкерлік субъектілерінің жүктемесін жеңілдету бойынша ұсыныстар талқыланды. Сондай-ақ, сессияда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы және Кентау қаласының инфраструктурасын дамыту мен әлеуметтік нысандарды жаңғыртуға бағытталған серіктестік жобалары және тағы басқа мәселелер сарапталды. Сонымен қатар, мәслихаттың кезектен тыс 34-сессиясында «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау…
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) ұйымдастырған республикалық «FIN IQ» диктантының қорытындысы бойынша Түркістан қаласы үздік нәтиже көрсетіп, республикалық деңгейде I орынды иеленді. Бұл жеңіс қала тұрғындары мен әкімдік қызметкерлерінің қаржылық сауаттылық деңгейінің жоғары екенін және қаржылық қауіпсіздікке деген ұмтылысының күштілігін айғақтайды. Республика бойынша өткізілген ауқымды «FIN IQ» диктанты қаржылық білімді тексеруге және халықтың қаржылық мәдениетін көтеруге бағытталған маңызды шара. Осы сайыста Түркістан қаласының жеңіске жетуі – бұл өңірдегі қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін көрсетеді. Қаланың бұл жетістігін қаржылық мониторинг агенттігі арнайы атап өтті. Бұдан бөлек, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының ұйымдастырушылық қабілетіне және әкімдік қызметкерлерінің белсенділігіне…
▪️Түркістан облысы, Кентау қаласының арнайы экономикалық аймағында газ қазандықтарын шығаратын өндіріс орны іске қосылды. Жобаны іске асыруға «TURAN Shenhua» ЖШС 2,4 млрд.теңге инвестиция салуда. Кәсіпорынның жалпы ауданы 2500 шаршы метрді құрайды. Өндіріс орнында жылына 30 мың дана газ қазандықтары шығарылады. Бұл өнімдер нарықта үлкен сұранысқа ие. Жаңа зауыт қаланың 40 азаматын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, экономиканы дамытуға үлес қосары сөзсіз. ⤵️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жаңа зауытты іске қосу рәсіме қатысып, жобаның жұмысына сәттілік тіледі. 📌– Бүгін біз Түркістан облысы үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін аса маңызы зор жобаның басталуына куә болып отырмыз.…
Созақ аудандық мәслихатының жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезіндегі корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету туралы шешімі – бұл Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті қолдауға және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған бастамаларының және саяси-экономикалық бағдарламаларының жергілікті деңгейдегі тікелей іске асуына ықпал жасалынуда. «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасындағы шағын және орта бизнесті қолдау қағидатының Созақ ауданындағы мәслихаттың нақты шешімі арқылы жүзеге асуы – саяси партиялардың өз міндеттемелері үшін есеп берушілігінің айқын көрінісі. Бұл – Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатының төменгі деңгейдегі қолдауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, салық мөлшерлемесін төмендету туралы…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасы Шымкент қаласында ерекше қарқынмен жүзеге асуда. Қала бойынша жобаға 66 000 адам қатысуда. Оның ішінде: 26 099 оқушы, 18 233 студент, 6 114 педагог, 15 510 отбасы және 546 мемлекеттік қызметкер бар. Жоба қатысушылары арасында шынайы интеллектуалды орта қалыптасып, кітап оқу күнделікті әдетке айнала бастады. Қалада жаңа мәдениет қалыптасып, әсіресе мектеп оқушылары мен отбасылар арасында қызығушылық артып отыр. Оқушылардың пікірі: М.Мәметова атындағы №35 мектептің 9-сынып оқушысы Шаттық Дидар: «Кітаптің маған ұнайтын тұсы – өмірмен байланыстылығы. Әр шығарма арқылы өзіме қажетті ой түйіп,…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында инвестиция тартуды күшейту қажет екенін айтып, арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. «Елімізге қомақты инвестиция тарту керек. Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын. Қаражаттың көбі шикізат салаларына құйылып жатыр», – деді президент. Шикізат саласына құйылып жатқан қаржы қомақты екенін атап өткен мемлекет басшысы қазір үкіметтің басты мақсаты басқа – өңдеу салаларына қаржы тарту екенін атап өтті. «Сондықтан Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзбен қарауы керек. Қажет болса, жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болады. Сондай-ақ мемлекеттік инвестиция мен жеке бизнестің ірі бастамаларына бірдей назар…
Түркістан облысы, Кентау қаласындағы Ә. Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында және Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай өткізілген танымдық әдеби кеш – бұл Кентау қаласындағы тіл саясатын дамытудың және қазақ тілінің реформаларын тереңдетудің мәдени-идеологиялық негізін қалайды. Міржақып Дулатов – қазақтың тұңғыш романының («Бақытсыз Жамал») авторы ғана емес, ұлттық оянудың, Алаш қозғалысының символы. Оның шығармашылығын жас ұрпаққа таныстыру – қазақ тілінің әдеби және тарихи мәртебесін нығайтады. Іс-шараның негізгі мақсаты – Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын оқушыларға таныстыру және «Бақытсыз Жамал» романын ата-аналармен бірге оқыту – кітап оқу және білімге ұмтылу мәдениетін танымал етудің ең тиімді жолы.…
