Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудан әкімін сайлаудың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият саралауды тапсырды. «Ал аудан әкімдерін сайлауға қатысты әртүрлі көзқарас бар. Бірқатар қоғам қайраткері мен белсенді азаматтар «аудан әкімдерін сайлау қажет пе, жоқ па» деген мәселені қайта қарауды ұсынуда. Бұл мәселені Ерлан Саиров, Альберт Рау, Мархабат Жайымбетов бастаған депутаттар да көтерді. Олар елде сайлау тым көбейіп бара жатқанын, жұрт саяси науқандардан мезі бола бастағанын айтуда. Бұл пікірді ауыл және аудан тұрғындары да қолдап жатыр. Сайлау науқандары жергілікті жерде жүргізілуге тиіс нақты жұмыстарға кедергі келтіруі мүмкін деген пайымдар да бар. Бұл пікірлерді ескерген жөн. Осыған дейін аудан әкімдерін сайлау тәсілі арқылы 52…
Автор: aimaq_user
«2020 жылы халыққа Жолдауымда ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастама көтергенімді білесіздер. Бұл мемлекетті басқару ісін түбегейлі жаңғырту жолындағы аса маңызды қадам болды. Себебі жергілікті әкімдер бүкіл билік жүйесінің тірегі саналады. Сондықтан біз орынсыз асығыстыққа жол берген жоқпыз, ауыл әкімдерін сайлау жұмысын 5 жылдың ішінде біртіндеп жүзеге асырдық. Бүкіл еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланды. Олардың орташа жасы – 43 жас. Жаңадан сайланған әкімдердің үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар».
«Бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Еліміздегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері осы жерге арнайы шақырылды. Ауыл әкімдерінің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы осында. Жалпы, осындай ауқымды құраммен алғаш рет бас қосып отырмыз. Шын мәнінде, тақырып – өте өзекті. Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше. Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болуы керек. Жаңа…
Шымкент қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында 2-2024 шақырылым сарбаздарын запасқа шығаруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам сарбаз әскери борышын абыроймен өтеп, үйлеріне аттануда. Салтанатты шараның ерекше сәттерінің бірі — білім беру сертификаттарын табыстау болды. Жауынгерлік даярлықтағы үздік көрсеткіштері мен үлгілі әскери тәртібі үшін мерзімді қызметтегі 16 сарбаз еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқуға гранттарға ие болды. Бұл сертификаттар екі жыл ішінде жарамды және жоғары оқу орнына ақысыз түсуге жол ашады. — Әрбір сарбазымыздың қызметін мақтан етеміз. Білім гранттары — бұл қолдау ғана емес, олардың болашағына қосқан үлесіміз. Бұл — әлеуетін…
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басында «Ауыл Аманаты» жобасын мерзімді жүзеге асыру мақсатында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың басшылығымен қажетті шараларды қабылдау үшін жұмысшы топ құрылған. Аталған бағдарлама аясында құрылған топ тарапынан «Ауыл Аманаты» жобасына енген ауыл тұрғындарына бағдарлама басталғаннан бүгінгі күнге дейін бірнеше кездесулер өткізіліп, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағдарлама негізінен ауыл шарушылығын өркендетуге басымдық береді. Несие алу үшін ауыл тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Ауыл әкімдіктері тұрғындар несие алғанша толық сүйемелдеу жүргізеді. Несие алушылар – ауылдық елдімекен тұрғындары және зейнет жасынан аспауы тиіс. «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселесі алғашқы орында тұр. Өйткені…
Астанада өткен форумға Кентау қаласының төрт ауыл әкімі қатысып қайтты. Айта кетсек, қала басшысының кентті жандандыруға жасап жатқан жұмыстары мен тапсырмалары кезең-кезеңімен орындалуда. Кентау қаласы әкімі Жандос Тасовтың тікелей қадағалауымен, тарихта тұңғыш рет ауыл әкімдерінің бас қосқан форумына Кентау қаласынан төрт әкімнің жолдама алуы да, қаланың экономикалық көрсеткіші мен әлеуметтің әлеуетін арттырудағы игілікті істерінің нәтижесі екені рас. Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы» республикалық форумы өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген ауыл әкімдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар мүшелері қатысты. Форумда ауылдық аумақтарды дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру…
Түркістан қаласында маңыздылығы бар жобалар құқықтық сүйемелдеу бағытында қорғалып келеді. Еске салсақ, еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов: – «Заңды кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде инвесторларды қорғау экономиканың дамуына қосымша серпін береді. Прокурорлардың міндеті – бизнес үшін қолайлы құқықтық жағдай жасау, мемлекеттік органдар мен монополистер тарапынан болуы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу. Инвесторларға құқықтық қолдауды күшейту мақсатында заң жүзінде прокурорлық сүзгі енгізілді. Енді бірде-бір мемлекеттік органның прокурормен келіспей, инвесторды тексеруге, әкімшілік жауаптылыққа тартуға, қызметін тоқтатуға, лицензияларды кері қайтаруға, келісімшарттарды біржақты бұзуға немесе сотқа талап қоюға құқығы жоқ. Бұл шаралар инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды үш есеге қысқаруға мүмкіндік берді»,- деген болатын.…
Мемлекет басшысының сөзінше, дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара болып тұрғаны ащы да болса шындық. «Қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту – кезек күттірмейтін мәселе. Бізге жаңа ұстаным керек. Қазіргі күрделі жағдайда инвестиция тарту – уақыт күттірмейтін мәселе. Елде инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлар тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және неге қажет екенін нақты білу қажет. Тікелей инвестиция бойынша барлық үйлестіру жұмысы Премьер-министрдің құзырында болады. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ назар аудартатын жайт –…
Бүгін Шымкентте қала әкімдігі мен кәсіпкерлік субъектілері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар түзілді. Бұл келісімдер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу бағытында қабылданып отыр. Бұл бастамаға «Грамад», «F-Mart» сияқты ірі сауда желілері, қаладағы азық-түлік базарлары мен ұн, ет, сүт, жұмыртқа, нан-тоқаш сияқты негізгі тағам өндірушілер, сонымен қатар, көтерме жеткізушілер де қосылды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың айтуынша, меморандумдарға қол қою – бұл бір реттік шара емес, әкімдік пен кәсіпкерлік қоғамдастығы бірге жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстың жалғасы. «Бизнес жоғары әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп келеді, бүгін біз тағы да бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді растадық. Біздің ортақ міндетіміз…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан көшбасшылары Ұйымға мүше елдердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін қарастырып, биылғы ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттарын қорытындылады. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдықтарды анықтады. Президенттер ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс айтты. Жиын барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты тағайындау туралы шешім бекітілді. Отырыс қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған…
