Автор: aimaq_user

Ордабасы ауданындағы «Абаттандыру» мекемесінің бөлімше басшысы, инженер-электрик Қайрош Ысмайылұлының ұзақ жылғы адал еңбегі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еңбек адамы» бейнесін танымал ету және «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында инженерлік-техникалық кадрлардың маңыздылығын дәріптеу саясатына толық сәйкес келеді. Оның тәжірибесі – жастарды еңбексүйгіштікке баулу мен ауданның инфрақұрылымдық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі негізгі фактор.  Энергетикте өзіне деген сенімділік, күйзеліске төзімділік, бейімделу қабілеті және, әрине, тәртіпті ұмытпау сияқты жеке қасиеттер болуы керек. Кәсіби қасиеттер туралы айтатын болсақ, онда сіз мақсатты, нәтижеге бағытталған, көп тапсырманы орындай алатын және шешуші болуыңыз керек. Энергетик, менің ойымша, мақсатты, нәтижеге бағытталған, көп тапсырманы орындай алатын, шешуші, кез келген жағдайда дұрыс…

Read More

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл аманаты» жобасына 2029 жылға дейін 600 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді деген болатын ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйлеп және ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуді тапсырды.   Сондай-ақ, Президент осы бағытта ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту ісіне назар аудару қажет екенін айтты. — «Ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керек. Алдымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуымыз қажет. Осы бағытта біршама жұмыс атқарылды. Оның пайдалы екені де көпшілікке белгілі. Алайда бірлескен шаруашылықтар әзірге ауыл экономикасының тірегі бола алмай тұр. Көбіне мұндай кооперативтерді бірнеше адам ғана құратыны жасырын емес. Олар жеке шаруашылық иелері және өнім өңдеушілер арасында делдал болып жүреді. Соған қарамастан мемлекеттен…

Read More

Ә. Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде Рысбай Құдайбергенов атындағы Кадет сыныбы және мектеп оқушылары арасында өткізілген «Ерлік» сабағына, Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. «Ерлік» сабағы – бұл педагог кәсібінің беделін арттырудың академиялық біліммен қатар, моральдық-этикалық және патриоттық тәрбиеге негізделген кешенді тәсілін көрсетеді. Мектептің ақпараттық технологиялар бағытында болуына қарамастан, азаматтық борышты жоғары қоюы – білім беру саласындағы қызметтің гуманистік және жан-жақты сипатын айғақтайды.   Іс-шараның мақсаты – жастарды Өз Отанына адал қызмет етуге, сапалы білім алуға, тәртіпті болуға шақыру – мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытудағы реформалардың жас ұрпақтың бойына жауапкершілік, тәртіп және Отанға сүйіспеншілік сияқты мемлекеттік құндылықтарды сіңіруге…

Read More

«Ауыл аманаты» жобасы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өткен жылдың 26 қарашасында бекіткен №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды.   Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін өзі қамтушыларды заңдастыру. Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте жобаны іске асыруда жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде. Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді,…

Read More

Ордабасы ауданында Қыс-2025 РКШОЖ аясында аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов пен Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ж.Қоспанов тарапынан аудандағы коммуналдық қызметтің техникалары мен инертті материалдар қорының қыс мезгіліне дайындығы тексеріліп, пысықталды. Алдағы қысқы маусымда төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында дайындық күшейтілген тәртіпте жүргізілуде. Коммуналдық, жол және жедел қызметтердің дайындық жайы, сондай-ақ қысқы тәуекелдердің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы пысықталды. Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан инженерлік және әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығын қайта тексеріп, анықталған кемшіліктерді жоюды, тұрғындармен, әсіресе ауылдық елді мекендерде, өрт пен улы газбен уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Төтенше жағдайларды алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында…

Read More

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты біртұтас бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл – бұрын жүзеге асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы, бірақ мазмұны жаңартылып, Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген.    Бағдарламаның басты мақсаты – адал, еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталады. Бағдарламаның өзегі «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» идеологиялық үштағанымен астасып жатыр. Оның мазмұны ел Президенті атап көрсеткен, ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын алты құндылыққа сәйкес жүйеленген. Мемлекет…

Read More

Ел дамуы бейбітшілікке келіп тіреледі. Қоғам тыныш болса, ел де соған қарай өркендейді. Ал тыныштықтың кепілі – заң мен тәртіпке бағыну. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздік сол елге ортақ заңға бағынбаудан туындап жатады. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды». Мемлекет басшысының идеясымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидасы Баукеңнің осынау сөзімен мәндес, мағыналас деуге болады.   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдағы тәртіп пен мәдениет мәселесіне тоқталып, «Заң және тәртіп» қағидатын берік орнықтырудың маңызын атап өтті. – «Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ…

Read More

Түркістан қаласы қайта жаһандану үстінде деуге толықтай болады. Неге десеңіз, 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын көрсетіп келеді. Қаланың стратегиялық жоспарларының жүйелі орындалуы және экономикалық белсенділіктің артуы – Түркістанның өңірлік дамудың үлгілі орталығына айналу жолындағы сенімді қадамын дәлелдейтін айшықты жаңалықтарымен жандануда. Әрине, қаланың даму траекториясы бекітілген индикаторлық жоспарлардың орындалуымен тығыз байланысты. Сала мамандарының мәліметтері бойынша,  бүгінгі таңда жалпы 77 көрсеткіштің 64-і толық орындалған. Бұл – қабылданған шешімдердің жоғары тиімділігі мен атқарушы органның жауапкершілігін, қала билігінің бақылауды қатаңдатып, жұмыстың ілгерілеуіне жол ашқанын көрсетеді. Қалған 13 көрсеткішті жыл соңына дейін жүзеге асыру жоспары бар, бұл Түркістанның даму стратегиясының…

Read More

Қазақстан болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақ. Осы мақсатта Қазақстан республикасы  оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама балабақшадан бастап мектеп пен колледжге дейінгі білім беру ұйымдарында жүйелі тәрбие жұмысын жүргізуге бағытталған. Оның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дарытып, патриоттық рухты қалыптастыру, әділдік пен еңбекке баулу.   Бағдарламаның негізгі бағыттарын тарқатар болсақ, бағдарлама тәрбиенің үштағанына сүйенеді, яғни ұлттық бірегейлікті сақтау, қоғамға қызмет ету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Осы құндылықтар негізінде тәрбие жұмысы төмендегі бағыттармен жүргізіледі. Атап айтқанда, тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік және асампаздық пен жаңашылдық. Ордабасы…

Read More

«Соңғы жылдары ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022 жылы халықтың табысын арттыруға арналған кешенді жоспар қабылданды. Биыл Үкімет алдағы бес жылға арналған Өңірлерді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Ауылға қомақты инвестиция тартылды. 2021 жылдан бері ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 864 нысан салынды. Сондай-ақ 388 жаңа мектеп ашылды. Былтыр 2 мыңға жуық ауыл мектебіне сапалы интернет берілді. Жыл өткен сайын ауылдың әлеуеті артып келеді. Өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі жоғары ауылдардың саны көбейе түсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі алты жылда 1,5 еседен астам өсіп, 8,3 триллион теңгеге жетті. Биыл ауылдағы шаруаларға 1 триллион теңге көлемінде қолдау көрсеттік.…

Read More