Автор: aimaq_user

2025 жылы 24 қараша күні Ә. Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде өткізілген, 1 «А» сынып жетекшісі А.Амангелдиева мен ата-ана Шаденова Назерке бірлесіп жүргізген «Дұрыс тамақтанудың әдет-ғұрпын құру» тақырыбындағы сабақ – бұл Кентау қаласындағы білім беру саласындағы қызметтің академиялық жетістіктермен қатар, оқушының физикалық және психологиялық денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталғанын көрсетеді. «Жайлы мектеп» жобасы – тек қана жаңа ғимараттар мен заманауи жабдықтар ғана емес, сонымен бірге оқушының толыққанды дамуына қажетті денсаулықтық және тамақтану мәдениетін қалыптастыру сияқты гуманистік аспектілерді де қамтиды. Сабақтың мақсаты – дұрыс тамақтану қағидаларын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығын анықтай білуге үйрету – мектепке дейінгі және орта білім…

Read More

Ордабасы ауданы әкімдігі аудан тұрғындарының қауіпсіздік шараларын қорғау мен төтенше жағдайларға жол берілмеуін қадағалау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып, ескерте ретінде фейсбук әлеуметтік желілерінде бейнероликтер жолдауда.    Ондағы басты мәселе, тұрғын үйлер мен кәсіптік нысандарда өрт қауіпсіздігін сақтау және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған кешенді жұмыстар жалғастырылуда. Бұл Мемлекет басшысының азаматтардың өмір сүру сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларының төтенше жағдайлар саласындағы қолданысы. Қыс маусымында, тіпті ойламаған жерден өрттің орын алуы мүмкін жағдайларының алдын алу және тұрмыстық газды дұрыс пайдалану жөнінде жергілікті тұрғындар ақпараттандырылып, Үкіметтің және мемлекеттік органдардың халықты қорғауға деген әлеуметтік және этикалық міндеттемесінің нақты іске асуына тиісті…

Read More

Соңғы уақытта Созақ ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі спорттық нысандар саны артып келеді. Өңір басшысы Мұхит Тұрысбеков алдағы уақыттың еншісінде жоспарланған жұмыстар кезең-кезеңімен орындалатынын алға тартты. Созақ ауданы орталығында Дүйсенбек Жұмаділаұлы атындағы жабық үлгідегі кіші футбол алаңының ашылуы – өңірлерді дамыту мәселелерін шешудегі мәдени-әлеуметтік саланы басымдыққа қоюдың нақты көрінісі іспетті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков атап өткендей: «дене шынықтыру мен бұқаралық спорт – салауатты ұлт қалыптастырудың негізгі тетігінің бірі. Бұл – дені сау адами капиталға инвестиция салуды білдіреді». 1250 шаршы метрді құрайтын заманауи талапқа сай, жасыл төсенішпен жабдықталған жаңа нысанның жыл бойы тұрғындардың спортпен айналысуына мүмкіндік беруі – Созақ ауданының…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында өңірлерде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма жүктеп, ауыл тұрғындарының жағдайын реттеумен қатар, олар тұратын аймақтың гүлденуіне басымдық берілгені тағы бар. Сондай-ақ, ауылдық аумақтарды дамыту тәсілдерінің институционалдық жағынан қамтамасыз етілуін дамыту жіне тиімділігін арттыру және ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдама жасалған болатын. Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшіліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуге бағытталған. Оның аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі…

Read More

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған еді. Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланған болатын.    Осыдан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына араға бір жыл уақыт салып, 2024 жылдың 15-ші сәуірінде заңдарға қол қойды. – Бұл – өте қажетті құжат. Бұл…

Read More

Жылыту маусымы басталған қазан айындағы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту жөнінде бірқатар тапсырмаларды өңірлерге жүктеген болатын.  Жалпы Төтенше жағдайлар министірлігіне жылу беру маусымында өрт оқиғаларының алдын алу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын тиімді үйлестіруді тапсырумен қатар, әкімдіктердің жылыту маусымының қауіпсіз өтуін қатаң бақылауға алу қажеттігін қатаң тапсырған болатын. Алайда, «Апат айтып келмейді»,- демекші Жетісайдағы жер үй өртеніп, он екі адам, оның ішінде тоғыз баланың тірідей жанып кеткені дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Үкімет…

Read More

Жылыту маусымы басталған қазан айындағы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жылу беру кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту жөнінде бірқатар тапсырмаларды өңірлерге жүктеген болатын.  Жалпы Төтенше жағдайлар министірлігіне жылу беру маусымында өрт оқиғаларының алдын алу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жұмысын тиімді үйлестіруді тапсырумен қатар, әкімдіктердің жылыту маусымының қауіпсіз өтуін қатаң бақылауға алу қажеттігін қатаң тапсырған болатын. Алайда, «Апат айтып келмейді»,- демекші Жетісайдағы жер үй өртеніп, он екі адам, оның ішінде тоғыз баланың тірідей жанып кеткені дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Үкімет…

Read More

Бүгін Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Темірлан елді мекенінде ардагерлері мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосып, олармен бірге тал егу рәсіміне қатысты. Іс-шара «Темірлан» саябағында өтті. Онда 100-ден астам тал көшеті, яғни 35 шырша, 40 арша, 25 үйеңкі және 10 жеміс ағашы отырғызылды. Бұл саябақты абаттандыру мақсатында арнайы тамшылатып суару жүйесі тартылған. Тамшылатып суару жүйесі егілген талдардың дұрыс өсуіне жағдай жасап, су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері ауданның көркеюіне осылайша үлес қосу  үшін, бұл акцияның барша Қазақстандықтарға ортақ іс екенін атап өтті. Аудан әкімі көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта жоспарлы…

Read More

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың жұмыс кестесіне байланысты, бүгінгі күн Жеңіс және Бөген ауыл округтерінің тұрғындарымен кезекті есептік кездесуге ұласты. Кездесу басы аудан басшысының 9 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыруға байланысты атқарылған жұмыстармен таныстырылып, ауыл округтеріндеалдағы белгіленген жұмыстардың барысы мен атқарылар нақты жоспарлары баяндалды. Халықпен тікелей ашық форматта өткен кездесуде алдымен Жеңіс ауыл округіндегі мәселелер тарқатылды. Кезекті кездесу алдымен аталған ауыл тұрғындарымен болғандықтан, ел ішіндегі өзекті мәселелері тыңдалып, олардың орындалуы барысы аудан басшысының тарапынан жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берумен жүктелді. Тарқатып айтар болсақ, Жеңіс ауыл округінде 2025 жылға бекітілген бюджеті 70 млн 835 мың теңгені, ал өзіндік кірістері…

Read More

2025 жылдың 21 қараша күні Ы. Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында өткізілген «Тәрбие саласының үздіктері» қалалық байқауы – бұл Кентау қаласындағы педагог кәсібінің беделін арттырудың және оның қоғамдық құндылығын нығайтудың стратегиялық құралы. Тәрбие жұмысының тиімділігі – мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытудағы реформалардың ақырғы және ең маңызды нәтижесі болып табылады, өйткені тұлғаның қалыптасуы біліммен қатар рухани-адамгершілік негіздерге де тәуелді.   Тәжірибе алмасудың әлеуметтік рөлі әрқашанда орасан. Байқаудың негізгі мақсаты – тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелерін, әдістерін, технологияларын анықтау, педагогтердің іс-тәжірибелерін тарату – Кентау қаласының білім беру саласындағы қызметінің сапаны көтеруді ұжымдық тәжірибе және кәсіби диалог арқылы іске асыруға деген ұмтылысын көрсетеді.…

Read More