Автор: aimaq_user

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы рейдтік және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жалғасуда. Бүгін қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ орталық базар аумағында кезекті рейдтік іс-шара өткізді. Базар әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара барысында кәсіпкерлік нысандарының иелеріне тазалық талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд кезінде кәсіпкерлерге өздеріне тиесілі аумақтың тазалығын тұрақты қамтамасыз ету, ғимараттардың қасбетін талапқа сай күтіп ұстау, сондай-ақ заңсыз және жабайы саудаға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар тазалық пен абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны, оның ішінде айыппұл салынатыны жөнінде ескертілді. Мұндай рейдтік және…

Read More

Саяси науқанға еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлерінің бірі — Түркістан облысы да қызу дайындалуда. Бүгінде облыста 1 203 400-ден астам сайлаушы тіркелген. Бұл — республика бойынша сайлаушылардың 10%-ын құрап отыр. Өңірдегі сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін 952 учаскелік комиссия жұмыс істейді.   Қазақстан Республикасындағы демократиялық үдерістердің маңызды бөлігі – сайлау науқандары. Бұл – халықтың өз қалаулыларын таңдап, өңірлік және республикалық деңгейдегі шешімдерге тікелей ықпал ететін ерекше кезең. 2026 жылғы 3 шілдеде Сайрам аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, алдағы келе жатқан маңызды саяси оқиға – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға дайындық жұмыстары жан-жақты талқыланды.                                                          2026 жылғы 1…

Read More

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани болмысы, ар-ожданы, қуанышы мен қайғысы, тарихы мен философиясы киелі де қасиетті қара домбыраның екі ішегіне сыйып кеткен. Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес, ол – қазақтың жан дүниесінің айнасы, ұлттық идентификациясының ең басты символы. Елде ұлттық өнерді дәріптеу, шын мәніндегі рухани жаңғыруды қалыптастыру мақсатында шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өткізілетін Ұлттық домбыра күні – еліміз үшін ерекше, тағылымды да мерейлі мереке. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағдарламалық сөздерінде «Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы мен зары, үміті мен сенімі» деп атап өтіп, бұл ұлттық құндылықты өскелең ұрпақтың бойына жастайынан сіңірудің маңызын үнемі баса…

Read More

«Тәні саудың – жаны сау, ал жаны саудың – санасы сергек!» демекші, қазіргі таңда жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және зиянды әдеттерден аулақ ұстау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Спорт тек тән сұлулығы мен күшін арттырып қоймайды, ол адамды тәртіпке, табандылыққа және ішкі жауапкершілікке тәрбиелейді. Осы орайда, Түркістан облысы Төлеби ауданында жастардың спортқа деген құштарлығын арттыру және қоғамдық өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында өте ерекше шара ұйымдастырылды.   Аудан жастары арасында «TUR WORKOUT» жобасы аясында «Тәртіпке тартыл» атты белтемірге (турникке) тартылу сайысы жоғары деңгейде өтті. Бұл бәсеке жай ғана спорттық турнир емес, жастардың бойында құқықтық…

Read More

Халық арасында кітап оқу дағдыларын қалыптастыру ортақ міндет болғандықтан, «Кітап оқитын ұлт – ешқашан жеңілмейтін ұлт» деген даналы сөздің даралығы киелі Түркістан облысының Төлеби ауданында «Кітап оқу» жобасы оңды жолға қойылған. Неге десеңіз, бүгінгі жаһандану дәуірінде мемлекетіміздің, ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі оның материалдық байлығымен ғана емес, бірінші кезекте азаматтарының интеллектуалдық әлеуетімен, білім деңгейімен және мәдени өресімен өлшенеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бағдарламалық сөздерінде «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығын жиі айтады. Себебі, білімді ұрпақ қана елді алға сүйрей алады. Осы орайда, Түркістан облысында әлеуметтік нысандар салу, әсіресе ауылдық жерлерді мәдени және рухани инфрақұрылыммен қамту бағытындағы ауқымды жұмыстар қарқынды жалғасып…

Read More

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025-2026 оқу жылында мектеп оқушыларына арналған бірнеше ірі республикалық және халықаралық зияткерлік сайыстар мен олимпиадаларды өткізіп келедғ. Бұл шаралардың негізгі мақсаты – дарынды балаларды анықтау, олардың ғылыми әлеуетін дамыту және халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын ұлттық құраманы жасақтау болып табылады. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға Кентау қаласының өрендері тұрақты қатысып келеді. Шаһарға қарасты елді мекендерде білім сапасын арттыру, ауыл мектептерінің әлеуетін көтеру және дарынды оқушыларды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстар тарихи жеңіспен айшықталды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 2025–2026 оқу жылына арналған ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытынды рейтингі жарияланып, Кентау білімі республика биігінен көрсінді.…

Read More

Қазақтың жаны – домбыра. Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл бәсең етіп бұрағанда, сол екі ішектің арасынан төгілген сазды әуен бүкіл даланың кеңдігін, көшпелі халықтың қайсар рухын, мұңын, қуанышын жеткізетіндей. Ұлттық домбыра күні – бұл жай ғана мереке емес, бұл – қазақтың рухын ұлықтайтын, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны келер ұрпаққа дәріптейтін ұлы күн. Осы орайда, Түркістан облысы Төлеби ауданды Көксәйек ауылдық балалар кітапханасының оқу залында «Домбыра – асыл мұрам» атты өнер сағаты өткізіліп, қазақ өнерінің майталмандары мен жас өрендердің басын қосты.    Өнер сағаты – рухани кемелденудің алаңы демекші, өнер сағатына аудандық Саз мектебінің дарынды шәкірттері мен домбыра үйірмесінің жетекшісі А.Татыбаева…

Read More

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді, туған елге, жерге және мемлекеттік символдарға деген құрметті қалыптастыру – басты стратегиялық басымдықтардың бірі болып табылады. Егемендігіміздің айшықты символы, бейбітшілік пен келісімнің жаһандық орталығына айналған елордамыз – Астана қаласы халықтың бірлігі мен мемлекеттігіміздің мызғымас діңгегін бейнелейді. Мемлекет басшысы өзінің сөздерінде: «Астана – заманауи Қазақстанның жүрегі, тәуелсіздігіміздің жеңісті шежіресі. Елордамызды сүю, оның тарихын білу – әрбір қазақстандықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың парасатты борышы» деп үнемі баса айтып келеді. Осы орайда, ел өміріндегі айтулы мереке – Астана күніне орай…

Read More

Қазақстан қоғамы саяси жаңғырудың жаңа белесіне қадам басты. Конституциялық реформалар аясында жүзеге асырылып жатқан өзгерістер еліміздің демократиялық дамуының тың бағыттарын айқындап берді. Осы орайда, 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы – мемлекетіміздің саяси өміріндегі тарихи маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Осы науқанды жоғары деңгейде өткізу мақсатында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ауқымды дайындық жұмыстарын бастап кетті.  Жуырда Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Zoom платформасы арқылы кеңейтілген облыстық жиын өтті. Жиынға Түркістан облысындағы барлық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары қатысып, алдағы саяси науқанның маңызды тұстарын жан-жақты талқылады. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Аңсар…

Read More

Қазіргі таңда еліміздің әрбір өңірінде, соның ішінде Мақтаарал ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы жаңа тыныспен, қарқынды әрі жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бастама – тек көше сыпыру, қоқыс шығару немесе ағаш отырғызу сынды механикалық әрекеттердің жиынтығы емес, бұл – қоғамдық мәдениетті түбегейлі қалыптастыру, экологиялық сананы жаңғырту және әрбір азаматтың өз туған ауданының көркейюіне, оның тазалығы мен сәулеттік келбетіне деген жеке жауапкершілігін барынша арттыруға бағытталған ауқымды стратегиялық қадам. Осы игі бастама аясында Мақтаарал ауданында «Заң және тәртіп» қағидатын қатаң сақтау және оны қоғамдық нормаға айналдыру мақсатында кең ауқымды рейдтік және профилактикалық іс-шаралар күнделікті жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстардың түпкі мақсаты –…

Read More